Лекция 14-15. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары



бет8/15
Дата31.12.2021
өлшемі421,83 Kb.
#23870
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Лекция 14-15 Мамандыққа кіріспе

Бірінші және екінші курстардағы жұмыстар мақсаты мен мазмұны студенттерге ғылыми жұмыстарды орындауға қажетті біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасау негіздеріне үйрету, шығармашылық ойлауын дамыту.

Үшінші курста арнайы дайындықтар барысында, өз беттерінше зерттеу және шығармалылық сипаттағы тапсырмалар орындауы, арнайы зерттеу дағдыларының қалыптасуы, зерттеу әдістері технологиясы, зерттеуге қажетті құралдарды меңгеру және алынған нәтижелерді өңдеуді үйретеді.

Төртінші (және бесінші) курста қалыптасқан білім, біліктіктері мен дағдылардың жетілдіру, нақты мәселелерді шешуге шығармашылық бағыт ұстану өз бетінше шешім қабылдау, алған білімдерін практикалық мақсатта пайдалану орын алады. Жоғарыдағылар тек студенттердің ұзақ уақыт аралығында өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке орындалатын тапсырмалар негізінде жүргізгенде ғана орындалады.

Ғылми-зерттеу жұмыстарындағы нәтижелерді, ой тұжырымдарын жасауда реферат жазу орын алады.

Реферат – (латынша сөзбе-сөз - баяндаймын) – кітаптың мазмұны, ғылыми жұмысы жөніндегі жазбаша немесе көпшілік алдында қысқаша баяндау, ғылыми мәселені зерттеу қорытындылары жөніндегі хабарлау; әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалған белгілі тақырыпқа арналған баяндама. Реферат ғылыми-информатикалық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер, мен жоғары оқу орындарында қолданылады .

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып саналады.

Зерттеу жұмысы нәтижелерін баяндау, немесе, жазба түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге болмайды.

Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» -деп белгілі бір жалпыхалықтық тілдің ауқымдағы тілдік құралдарының қолданылуы, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамда айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді айтуға болады:

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама- дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дәрексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.

Публицистикалық стиль – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.

Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация – жазуға тән шартты белгі. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамиды, жетілді.

Тыныс белгілері – айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады.бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті.

Тыныс белгілері – сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе, оқығанда тілде байқалатын кідірісті де дауыста аңғартылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл – тыныс белгілерінің көмекші қасиеті.

Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе, дұрыс қойылмаған тексті, сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т.б) өзгеріске түсуі мүмкін.

Тыныс белгісінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасына, сондай-ақ сөйлемнің мағынасына байланысты.

Тыныс белгілерін қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жәй сөйлемдерден соң, сондай – ақ біріңғай мүшелердің әрбір сұрауларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.

Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындайды. Нүкте мынадай орындарда қойылады:


  1. Нүкте аяқталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден соң қойылады.

  2. Басқы әріптерінен қысқарған кісі аттарынан, газет-журнал аттарынан соң нүкте қойылады.

  3. Цифрлар арқылы таңбаланатын санамалы номерлерден кейін нүкте қойылады.

  4. Тасыған тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қойылғанда, олардан соң нүкте қойылады.

Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделуі төмендегі формалар түрінде орындалады.

Баяндама тезисі – баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы. Көлемі 1-2 бет.

Мысалы:


«Оқыту технологиясының өзекті мәселелері»

Оқыту процесі жалпы оқыту құралдары арқылы іске асырылады.

Оларға материалдық және материалдандырылған оқыту объектілері жатады.

Олай болатын болса, «Оқыту құралдары» толық бір жүйені құрай отырып, пәннің немесе сабақтың мазмұнын толық ашуы тиіс. Мұндай жүйені «Оқыту құралдарының» оқу әдістемелік комплексі деп қабылдасақ, онда ол құралдардың пайдалану реті, әдістемесі яғни «Оқыту технологиясы» жөнінде сұрақ туатыны сөзсіз.

Егер де, оқытудың мақсаты белгілі бір білім, біліктілік пен дағдыны меңгерту болатын болса, онда бұлардың қалыптасуы, біріншіден – адамның ой – әрекеттің қалыптасуына байланысты екені сөзсіз.

Білімді менгеру процесінде ой әрекеттің қалыптасуы шартты түрде 6 кезеңнен өтеді.

  1. Алдын – ала әрекет мақсатымен таныстыру, яғни оқытушыға мотивизациялық әрекет тудыру.

  2. Әрекет мақсатымен, объектісі жөнінде мағұлмат, яғни, әрекеттің бағдарлық сұлбасын түзуі.

  3. Материалдық немесе материалданылған әрекетті қалыптастыру, осының арқасында әрекет мазмұнын ұғыну.

  4. Ойдан тысқары әрекет қалыптастыру.

  5. Әрекеттің қысқаруы және автоматтандырылуы.

  6. Әрекеттің қалыптасқан ой жоспары арқылы істелінуі.

Жоғарыдағы аталғандар оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға болатынына қол жеткізеді. Олардың тәртібі «Оқыту технологиясына» алып келеді.

Олай болса, «Оқыту технологиясы» оқытушы мен оқушының оқыту ситуацияларының жобасы негізінде құралған алгоритмі деуге болады.

Мақала – мамандар, зерттеушілер арасындағы өзара ғылыми ақпараттар алмасу формасы. Олардың формасы журнал, немесе, ғылыми жинақтар бойынша әртүрлі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет