Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: «ХVІІІғ ортасы мен ХХғ басы аралығында қазақ жерін зерттеген орыс интеллигенциясы» Орындаған: Серік Маржан Тексерген: Айгерим Ермахановна Алматы 2023 Жоспар: Кіріспе
Негізгі бөлім Қазақстан жерлерін орыс интеллигенциясының зерттеуі
Саяси жер аударғандардың Қазақстанды зерттеуі және Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешенді зерттеулер
Ғалымдардың қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
ХVІІІ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанда айтарлықтай қарқынды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оны зерттеумен орыстың озық интеллигенция өкілдері, жер аударғандар, сондай-ақ қазақ қоғамының білімді өкілдері де айналысты. Шетелдіктер де өз материалдарын қалдырды: ағылшындар, немістер және француздар, т.б. Қазақстанның тарихын, географиясын, этнографиясын, мәдениетін зерттеуде орыс ғалымдарының еңбегі зор. Қазақстан жеріне саяси себептермен жер аударған орыс зиялыларының өкілдері де көптеген ғылыми еңбектер қалдырды. Олар әр түрлі мамандық иелері болды: ақын-жазушылар, тарихшылар мен географтар, әскери адамдар мен дәрігерлер. Олар ішінара аймақты отарлауды қамтамасыз ету қызметін де атқарды. Қазақстан территориясындағы ғылыми экспедицияларға қатысқан орыс ғалымдарының зерттеулері қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосылған үлкен үлес болды. Орыс ғалымдары геологиялық, климаттық карталар, сондай-ақ Каспий мен Арал теңіздерінің карталарын жасады.
Қазақстандағы зерттеушілердің көпшілігі Орынбор, Омбы, Ташкент – Орынбор облысының әкімшілік орталықтары, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерін зерттеді.