Лекция №14. Android операциялық жүйесі



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#132952
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 13


Лекция №14. Android операциялық жүйесі

Android – смартфондарға, планшеттерге, электронды кітаптарға, сандық ойнатқыштарға, қол сағаттарына, фитнес білезіктеріне, ойын консольдеріне, ноутбуктерге, Google Glass көзілдіріктеріне, теледидарға және басқа құрылғыларға арналған операциялық жүйе [1]. Ол Linux ядросына және Google-дің Java виртуалды машинасын іске асыруға негізделген. Бастапқыда Android Inc компаниясымен өңделген болатын. (қазір Google).


Жүйенің әр нұсқасы 1.5 нұсқасынан бастап тәттілер тақырыбына сәйкес аталады. Код атаулары латын әліпбиіндегі ретімен тағайындалады (сурет) [1]. . 2019 жылғы мамырдағы статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта жүйенің 15 нұсқасы шығарылды [1].
Суретте көрсетілгендей, Android 6.0-дің ең көп таралған нұсқасы, ол барлық құрылғылардың 16,9% - да орнатылған. Одан кейін 15,4% Android 8.1 жүйесі орналасқан.

Android операциялық жүйесінің нұсқалары

Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеу үшін SDK жүктеу және орнату қажет.


(SDK (ағылш. Software development kit - "бағдарламалық жасақтама жиынтығы" деп аударылады[1]) — бұл бір орнатылған пакеттегі бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу құралдарының жиынтығы. Олар компилятор, отладчик және кейде бағдарламалық жасақтама ортасы арқылы қосымшаларды құруды жеңілдетеді. Олар негізінен аппараттық және операциялық жүйенің комбинациясына байланысты[2][3][4].


Кейбір SDK белгілі бір платформаға қосымшаларды әзірлеу үшін қажет. Мысалы Java платформасында Android қосымшаларын жасау үшін: Java Development Kit қажет.; iOS қосымшалары үшін iOS SDK қажет; әмбебап Windows платформасы үшін.NET Framework SDK пайдалануға болады. Сондай-ақ, қосымша функцияларды қосатын SDK бар және оларды қамтамасыз ету үшін қосымшаларда орнатуға болады)
Қазір өңдеудің бірнеше орталары бар:



  • NetBeans;

  • Eclipse;

  • Intellij IDEA;

  • Android Studio.

Android Studio дәл Android ОЖ-ге бағытталған, сонымен қатар қосымша плагиндерді орнатуды қажет етпейді.
Жергілікті қосымшаларды әзірлеу үшін қажетті тілдерді қарастырамыз.
Java - Android Studio әзірлеу ортасы қолдайтын ресми бағдарламалау тілі. Google кеңсе құжаттамасының көпшілігі Java-ға сілтеме жасайды.
Котлин тілі ресми түрде 2017 жылдың мамырында Google I/O-да енгізілді және оны Google java-дан кейінгі Android-тің екінші ресми бағдарламалау тілі ретінде орналастырды. Kotlin Java-мен үйлесімді және өнімділіктің төмендеуіне және файл өлшемінің ұлғюына себеп болмайды. Java-дан айырмашылығы - бұл қызметші кодты аз қажет етеді, сондықтан оқуға оңай.
Төменгі деңгейлі тілдер Java NDK (Native Development Kit) Android Studio қолдау көрсетеді. Бұл жанама қолданбаларды жазуға мүмкіндік береді, мысалы ойындар немесе басқа ресурстарды қажет ететін бағдарламалар жасау үшін пайдалы болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет