Лекция №14. Android операциялық жүйесі


Контент (Мазмұн) провайдері



бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#132952
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 13

Контент (Мазмұн) провайдері (Content provider) қосымшаның жалпы деректер жинағын басқарады. Деректерді файлдық жүйеде, SQLite дерекқорында, интернетте немесе қосымша қол жеткізе алатын кез келген басқа сақтау орнында сақтауға болады. Контент провайдері арқылы басқа қосымшалар деректерді сұрауы немесе өзгертуі мүмкін (Егер контент провайдері рұқсат етсе). Мысалы, Android жүйесінде пайдаланушының контактілері туралы ақпаратты басқаратын контент провайдері бар. Тиісті рұқсаттарды алған кез келген қосымша оқу және жазу үшін осы контент провайдерінің бір бөлігін сұрай алады. Ол ContentProvider кіші класына жатады және API интерфейстерінің стандартты жиынтығын жүзеге асыруы керек [2].
Хабар тарату қабылдағышы (Приемник широковещательных сообщений) (Broadcast receiver) - бұл бүкіл жүйеде орналастырылған жарнамаларға жауап беретін компонент. Бұл жарнамалардың көпшілігін жүйе жібереді, мысалы, экран өшірілгені, батарея заряды таусылғандығы немесе фотосурет түсірілгені туралы хабарламалар. Жарнамаларды қосымшалар да жібере алады. Мысалы, басқа қосымшаларға құрылғыға қандай да бір деректер жүктелгенін және қазір пайдалануға дайын екенін хабарлауға болады. Дегенмен хабар тарату қабылдағыштарында пайдаланушы интерфейсі жоқ, олар пайдаланушыға "хабарландыру тарату" оқиғасы туралы ескерту үшін күй жолағында хабарландырулар жасай алады [2]. Көбінесе олар басқа компоненттер үшін шлюз болып табылады және ең аз жұмыс орындауға арналған. Хабар тарату қабылдағышы BroadcastReceiver кіші класына жатады.
Android жүйесінің айырықша ерекшелігі - кез келген қосымша басқа қосымшаның құрамдас бөлігін (компонентін) іске қоса алады. Пайдаланушы үшін ол бір қосымша сияяқты көрінеді. Жүйе компонентті іске қосқан кезде, ол осы қосымшаның процесін бастайды (егер ол әлі іске қосылмаған болса) және сол компонентке қажет класстардың даналарын жасайды. Сондықтан, көптеген басқа жүйелерге арналған қосымшалардан айырмашылығы, Android қосымшаларында бірыңғай кіру нүктесі жоқ (оларда main () функциясы жоқ).
Әрбір қосымшаны жүйе басқа қосымшаларға кіруді шектейтін файлға қол жеткізу құқығымен бөлек процесте орындайды. Сондықтан бір қосымша басқа қосымшадан компонентті тікелей шақыра алмайды. Бірақ мұны Android жүйесі жасай алады. Басқа қосымшадан компонентті шақыру үшін жүйеге ниетіңіз (Intent) туралы хабарлау қажет. Содан кейін жүйе осы компонентті іске қосады..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет