Лекция №14 Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану мүмкіндіктері Лекцияны оқыту нәтижелері



бет5/7
Дата18.10.2023
өлшемі118,47 Kb.
#118364
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция №14 Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында -emirsaba.org

Б) Модульді күн электр стансасы
Мұнаралық КЭС-мен қатар дүниежүзінде модульдік жылу КЭС-лары салынып жатыр. Мұндай КЭС-да жұмыстық дене әдетте суды пайдаланады, стансаның шоғырландырғыш-концентраторлары парабола цилиндрлік, параболойд және Френель линзасы пішіндес иіндемелер болып келеді.
Парабола цилиндрлі модулді КЭС
Көбіне мұндай модулдік жүйелер Ренкин, Брайтон және Стирлинг айналымдарымен-циклімен жұмыс істеді. Мұнаралық КЭС сияқты модулді КЭС-да жылулық аккумуляторлармен жабдықталады.

58-сурет. Парабола цилиндрлі модулді КЭС


Бұл қондырғаларда цилиндрлік иіндемелі айналар қолданылады, олар қабылдағыш түтіктерде күн көзін сәулесін шоғырлайды, сұйық жылу қабылдағышта 4000С дейін қызады да, бірнеше қабылдағыштан өтеді. Электр энергиясын өндіру үшін қолданылатын аса қызған бу өндіргіш-турбогенераторды жұмысқа келтіретін. Мұндай қондырғылар бір және екі осьті күнді автоматты бағдарлайтын жүйесінен тұрады. Кейбір жағдайларда олардың жүйесі тұрақты (стационарлы) болып келеді [25,29].
Lus Industries Ltd (Израиль)компаниясы өте қуатты күрделі параболацилиндрлі-концентратор иіндемелі қондырғысынан, күн сәулесінің шоғырламасын қабылдайтын вакуумды қабылдағыш-бу қазанынан және электр өндіргіш-турбогенератордан тұратын модульді КЭС-нын іске қосты. Бір осьті цилиндрлі иіндеме шағылдырғыштың жалпы ұзындығы 5,2 м, апертурасы 2,57 м тең. Бет қосындысы 72 мың мболғанда жалпы модуль саны 560-қа тең [25, 33].
Параболоид пішіндес модульді КЭС
Бұл гелиоқондырғыда айналар параболойд-иіндеме түрінде орналасады (парабола тарелкасына ұқсас), ол күн энергиясын әрбір тарелканың фокусында орналасқан қабылдағышқа шоғырлайды. Қабылдағыш-қазанда сұйықты 10000С және одан да жоғары температураға дейін қыздыруға болады, одан алынған жылу өнімінің көмегі арқылы қабылдағыш-бетқазанмен байланысқан, электр өндіргіш (турбогенератордан) электр энергиясын өндіруге болады. Қазіргі кезде Стирлинг және Брайтон қозғалтқыштарының бірлік модулдік қуаты 7-ден 25 кВт-қа жететін бірнеше тәжірибелі жүйелер жұмыс істейді 59-сурет.

59-сурет. Параболоидтүріндегі модульді КЭС


Бұл технологиялар көптеген жобаларда жүзеге асырылып жатыр. Оның біреуі STEP (Solar Total Energy Project) жобасы америкалық Джорджия штатында жүзеге асырылуда. Ол әрқайсысының диаметрі 7 м болатын 114 айнадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет