Реферат Тақырып: Атом электр станциясы Орындаған: Узакбаев Р. Б. Қабылдаған: Балгынова А. М. Ақтөбе, 2023



бет1/2
Дата30.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#77787
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
АЭС


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырып: Атом электр станциясы
Орындаған: Узакбаев Р.Б.
Қабылдаған: Балгынова А.М.

Ақтөбе, 2023

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 3 қыркүйекте Ресейдің Владивосток қаласында өткен Шығыс экономика форумының пленарлық отырысында «Қазақстанға атом электр стансасы қажет» деп атап көрсетті. Бұл сөзді Президент осымен екінші мәрте қайталап айтты.



«Атом» десе, біздің халық ат тонын ала қашады. Міне, содан бері «Атомнан аулақ!» деп байбалам салған жұрт әлеуметтік желіні өртеп жіберуге шақ қалып тұр. Әрине, олардың «сау басымызға сақина тілемейік!» деген жақсы көңілін түсінуге болатын шығар. Бірақ біздің «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды» демей, хайппен емес, байыппен бағамдап, алдымен бізге АЭС не үшін қажет болғанын ғылыми түрде зерттеп көргеніміз дұрыс. Сонда ғана Президенттің «Қазақстанға атом электр стансасы қажет» деген мәлімдемесінің мәнін толық түсінер едік.


«Атом» десе болды, біздің халықтың есіне алдымен Екінші дүниежүзілік соғыста атом қаруынан қырылған жапон, одан қала берсе келмеске кеткен Кеңес өкіметі кезіндегі талай жанның жанын жалмаған Чернобыльдағы жарылыс, Семей полигоны түседі. Біз көбіне оның қауіпті жағын ғана білеміз. Ал екінші жағы – энергия көзі тұрғысынан қарағанда, оның әлдеқайда қауіпсіз екенін, үш ұйықтасаңыз да түсіңізге кірмейтін өнімді энергия қайнары екенін біле бермейтін көрінеміз.
Әлемде қазірге дейін 500-ге тарта атом электр стансасы бар. Оның көбі АҚШ пен Еуропада орналасқан. Одан кейін Жапония, Қытай, Ресейде де бар. Сонымен бірге басқа дамушы елдерді қосқанда, жалпы 50 мемлекетте ядролық реактор бар. Елімізбен одақтас Беларусь, Арменияда ядролық реактордың иелері. Төмендегі кесте әлемде ядролық реакторы бар елдер:
Атом электр стансасына қажетті шикізат – уран 235 (U235). Оның мөл­ше­рі табиғи уранның құрамында өте аз, 1%-дан төмен. Қалғаны – U238. Сондықтан U235 құрамын кө­бей­ту үшін байыту технологиясы қолданылады. Оны әдетте шамамен 4%-ға дейін көбейту қажет. Қазіргі уақытта зерттелетін және әзірленетін жылдам реакторлық технология U238-ді тікелей қолданады. Бұл уранның (U-ның) пайдалану коэффициентін едәуір арттырады. Атом бомбасында қолданылатын отын концентрациясы 90%-дан жоғары U235 немесе PU239 (PU239 табиғатта жоқ және оны ядролық реакторда нейтронды бомбалау арқылы өндіреді). 1 кило уран бөліну арқылы 1 мың тоннаға жуық жоғары сапалы көмір энергиясын шығара алады. Ал синтезделсе тіпті жойқын энергия пайда болады. Елімізде Уранның сақталу мөлшері әлем бойынша бірінші орында тұр. Бұл біздің атом энергиясына қажетті шикізаттың қайнарына кепілдік береді. Атап айтқанда, еліміздің АЭС салуда басқа елдерге қарағанда әлеуеті әлдеқайда жоғары.
Cарапшылардың болжауынша, қазір елімізде электр энергиясының сұранысы күннен-күнге артуда. Сұраныс 2030 жылға қарай 136 млрд кВт/сағ, ал 2050 жылы 172 млрд кВт/сағ-қа дейін өседі екен. Сондықтан, сұранысты қанағаттандыру мен тозған электр стансаларының жұмысын тоқтатып, қайта жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай 11-12 ГВт тоқ тарата алатын жаңа қондырғылар қажет болса, ал 2050 жылға қарай 32-36 ГВт тоқ тарататын жаңа қондырғылар керек екен.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, электр энергетикасы саласына зор өзгерістер жасады. Алайда түбегейлі өзгерістер жасай алған жоқ. Оның құрылғылары әлі 1960-1980 жылдары пайдалануға берілген энергетикалық құрылғылардың негізінде тұр.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның жы­лу электр энергиясының қуаты – 18 935,7 МВт. Оның 53%-ы (10 052 МВт) құрылғысы 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Гидроэнергетикалық қуаты 2 636,7 МВт болып, оның да 69% (1840 МВт) құрылғысы 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Жалпы, 145 дана турбиналық қондырғының 26%-ның (38 дана, 2860 МВт) пайдалану мерзімі мүлдем өтіп кеткен. Ал оның 35 данасының (4280 МВт) пайдалану мерзімі алдағы бес жылда аяқталады.
Демек, еліміздің электр энергетика саласы алдағы жақын жылдары үлкен сынқатерлерге дөп келіп тұр. Мұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин биыл 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдары брифингінде «қазірше электр қуаты жеткілікті болғанымен, алдағы 2-3 жылда Қазақстан электр қуатынан тапшылық көреді» деп растады.
Тағы бір мәселе, электр энергетика өн­дірісінің өңірлерге бөліну ахуалы мен тиімді электр энергетика көздерінің салыстырмасы қазіргі экономикалық дамумен кері мәнге ие. Яғни, электр энергияны көп тұтынатын дамыған өңірлерде электр стансасы аз, даму процесі баяу жүріп жатқан солтүстік өңірде электр стансасы көп.
«ҚазАқпарат» ақпаратына сәйкес, Қазақстандағы электр энергетика өндірісі негізінен солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерге бөлінген. Елдегі электр энергетика өндірісінің 79,2%-ы солтүстік аймаққа, 10,8%-ы батыс аймаққа, 10%-ы оңтүстік аймаққа тиесілі. Жылу электр энергиясы қазақстандық энергетикалық жүйеде басым орынды ұстап, оның ішінде көмір энергиясымен электр өндіру 75%, табиғи газбен өндіру 10,1%, мазутпен өндіру 4,9%, ал гидроэнергетиканың ұстайтын бөлігі 9%-ды құрайды.
Жасыл энергия көздері – жел, күн энергиясының энергетика көздеріндегі ұстайтын салыстырмасы елімізде өте аз.
Қазіргі таңда еліміздің оңтүстік өңі­рінің экономикалық дамуы солтүс­тік өңірге қарағанда жылдам. Осыған байланысты, электр энергиясына сұраныс та күннен-күнге өсіп келеді. Еліміздің солтүстік өңірінде электр энергиясының бір бөлігін Ресейге экспорт жасаса, оңтүстік өңірінде керісінше импортқа сүйеніп отыр. Электр энергиясының мұндай теңгерімсіз таралуы еліміздің электр энергиясының өзіндік құнын қымбатқа түсіруде. Энергияның қымбатқа түсуі – тауар өндірісінің қымбаттауы. Бұл отандық өнімді бәсекелестік қуаттан айырады.
Сонымен бірге тиімді электр энергетика көзі болып табылатын гидроэлектр стансаларының еліміздегі тапшылығы энергетикалық стратегиялық қауіпсіздік жүйесіне болашақта қауіп төндіруі мүмкін. Әлмисақтан бері бір елдің екінші елге тәуелді болмауы мен экономикалық кіріптарлыққа тап болмауының кілті оның энергетикалық қауіпсіздігінде. Еліміз мұнайға, көмірге, темірге және басқа қазба байлықтарға зәру болмағанымен электр энергиясын өндіретін су энергиясына зәру. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздік жағындағы әлсіз тұсымыз. Елімізде ағып жатқан өзендердің бастауының көбі көрші елдерден келеді. Біз бұл өзендерді электр энергиясына айналдыру емес, осы сулармен ауыз су мәселесі мен егіс алқаптарын суландырып алсақ, соның өзі шор-шор алтын болайын деп тұр. Ал экологиялық таза энергия болып табылатын жел энергиясы мен күн энергиясын пайдаланып электр энергетика сұранысы мен қауіпсіздігін түбегейлі шешудің ауылы әлі де алыс. Оның себебі: бірінші, жел мен күн таза жасыл энергия болғанымен оның өзіндік құны су және көмір, газбен өндірілетін электрден әлдеқайда жоғары. Екінші, таза жасыл энергияның елімізде зор мөлшерде өндірілуіне және аумақтық қамту көлемін шексіз арттырудың мүмкіндігі жоқ немесе аз. Үшінші, жел энергиясы мен күн энергиясы жылу энергиясы мен атом энергиясына қарағанда тұрақсыз. Оның электр энергиясын аз беруі мен көп беруі бір құдайдың қолында. Сондықтан жел мен күннен алынатын электр энергиясы қазірше жылудан, судан, атомнан алатын энергияның орнын мүлдем баса алмайды. Ол тек біртіндеп дамитын энергия көзі. Ал жылу энергиясын пайдалану арқылы электр энергиясын алу, оның экологияны бүлдіретін, энергия көзін барынша сарп ететін ерекшелігіне қарай, ендігі жерде ол өткен шақтың еншісінде қалады. Сол үшін адамзат тарихындағы жойқын энергия көзі – атом энергиясы ғана еліміз үшін экономикалық дамудың қажетін қанағаттандыратын, со­ны­мен бірге энергетика қауіпсіздігін түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін бірден-бір электр энергия көзі болып табылады. Қазіргі таңда еліміздің электр энергиясы қауіпсіздігін шешу биліктің алдында кезек күттірмейтін мәселе. Егер бұл мәселе оң шешім таппаса, онда билікке кім келсе де Қазақстанның алдағы он жылдық да­муы туралы ауыз ашу қиын. Сондықтан, бізге атом электр стансасын салу қажет деп есептеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет