Лекция 15. Философия религии


Исламды уағыздаушы - Мұхам-мед-пайғамбар (571-632 жж)



бет5/6
Дата02.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#89205
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 14 Дін философиясы

Исламды уағыздаушы - Мұхам-мед-пайғамбар (571-632 жж)
Қасиетті кітап - Құран.
Екінші қасиетті кітап– Сунна (пайғамбардың іс әрекеттері мен айтқан сөздері туралы хадистер жинағы)
Мұсылмандардың саны - 1,8 млрд адам

Суфизм


Суфи́зм (араб. «суф» - «жүн») - исламның құрамындағы аскетизм мен жоғары деңгейдегі руханилық-ты, Құдайға қасиетті махаббатты біддіріп, «тариқат» жолы арқылы Құдаймен қосылуды уағыздайтын мистикалық ілім
Суфизм қалыптасуының дәл басталу уақыты - VIII ғ. басы (Си-рия, Ирак,) - IX ғ. басы (Испания, Индия). X-XI ғғ. суфизм күшті халықтық және интеллектуалды-мәдени қозғалысқа айналған.
Көрнекті өкілдері - Ибн Аль-Араби, Аль-Газали, Аль-Хасан Аль- Басри

Аль-Газалидің суфизмі


Абу Хамид аль-Газали
(1058-1101) 
Аль-Газали суфизм ұғымдарын шариат заңдарымен біріктіруге зор үлес қосқан.
Суфизмнің практикалық пайдасын аль-Газали адамды өнегелілік жағынан кемелдендіруге бағытталуынан көрген. Ол суфилердің Құдаймен онтологиялық бірлікке ұмтылысын жоққа шығарған және «бірігу» ретінде тек қана жоғарғы деңгейдегі танымдық күш арқылы Құдайды түсіну деп мойындаған.
Аль-Газали болмыстың үш деңгейін атап көрсеткен:.
  • Жоғары деңгейде Аллаһ орналасқан, ол өзі-өзіне жеткілікті (самодостаточен)
  • Төменгі деңгейді материалдық дүние құрайды, оны Аллаһ анықтап бекіткен
  • Екеуінің ортасында адамдар дүниесі орналасқан, олардың жандары ерік бостандығына ие.

  • Аллаһ оларға идеялар мен қабілеттерді береді, бірақ іс-әрекеттерді адамдар өз еркімен жасайды

Ходжа Ахмет Яссауидің суфизмі


Ходжа Ахме́т Яссауи́ 
(1103-1166 )
«Диани хикмет»
(«Даналық кітабы»)
Ходжа Ахмет Яссауидің суфилік мектебі (яссауизм) өз ерекшеліктеріне ие. Өнегелілік-рухани кемелденудің және Құдайды түсінудің міндетті шарты ретінде шариат, тариқат, хакиқат, мағрифат жолдарын өтуді талап еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет