Джеймс Джордж Фрэзер (1854-1941) «Алтын бұтақ» (1890) Джеймс Джордж Фрэзер адамзат рухани дамуының үш кезеңін атап көрсеткен: «магиялық – діни – ғылыми» Магиялық кезеңінде адамдар қоршаған ортаны сиқырлы жолмен өзгерте алатын өз қабілеттеріне сенген. Кейін адамдар бұл сенімді жоққа шығарып, дүние құдайлар мен табиғаттан тыс күштерге бағынады деген діни идеяға келген. Үшінші кезеңде адам бұл идеядан бас тартып, дүние табиғи заңдар арқылы басқарылады, оларды адам танып біле алады деген ғылыми ойға жетті
Тарихи-феноменологиялық мектеп
Дін адам санасынан тыс, тәуелсіз ерекше қасиетті шындыққа қатысты, шын өмір сүретін Құдайға байланысты сезім, күйзеліс ретінде танылады Рудольф Отто пікірінше, дін тарихы, құдайлық көріністер түрлерінің көптігі және құдайлықты қастерлеу — бұл Құдай болмысының ең тәуір дәлелі Мирча Элиаде пікірінше, кез-келген діни мейрам, және Құдайға қызмет етуімен байланысты кез-келген әдет-ғұрып өткен өмірде шын болған қасиетті оқиғалардың көрінісі «Дін энциклопедиясы»(1986) Неміс дінтанушы, теолог Рудольф Отто (1869-1937) Американдық дінтанушы Мирча Элиаде (1907-1986)
Структурализм: К.-Л. Стросс
К. Леви-Строссстың структурализм бағыты бойынша, адам санасында ойлаудың өзгермейтін априорлық (тәжірибеге дейінгі) құрылымы бар. Ойлау құрылымы дүниенің тәртібін бейнелеп, тіл құрылымында көрініс береді: «үсті» - «асты», «оң» - «сол», «жақсы»- «жаман» және т.с.с. Леви-Стросс ерте кездегі магиялық және діни ойлаудың құрылымы дүниенің құрылымын өзінше бейнелеп бергенін көрсеткен. Мысалы, құдайлардың дүниесі үстінде, адамдар дүниесі төменде орналасқаны туралы түсініктер Клод Леви Стросс (1908—2009)