Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: соөЖ: Консультация: 2 Емтихан: 4



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі455,3 Kb.
#5546
түріЛекция
1   2   3

 

1.

 



Әлеуметтік лингвистиканың пәні мен міндеті. 

2.

 



Әлеуметтік лингвистиканың өзге пәндермен байланысы, тоғысуы 

 

Әлеуметтік лингвистика пәні (с о ц и о л и н г в и с т и к а )  –  тіл мен қоғамдық 

өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы. 

Ә.  т.  б-нің  негізгі  объектісі  –  тілдің  функционалды  жағы,  қарастыратын 

басты  мәселелері:  тілдің  қоғамдық  табиғаты,  әлеум.  мәні,  тілдің  әлеум. 

қызметі,  тілдік  болмыстың  формалары  (әдеби  тіл,  ауызекі  сөйлеу  тілі, 

қарапайым  тіл,  территориалдық  диалектілер,  койне,  пиджин),  тілдің  әлеум. 

саралануы  (жаргон,  арго,  кәсіби  тіл),  тілдік  қалып,  тілдік  жағдай,  тіл 



саясаты,  диглоссия,  мультилингвизм,  билингвизм,  пиджинизация  және 

креолизация  процестері  т.  б.  Тілдің  әлеум.  табиғатына  алғаш  рет  назар 

аударған XIX ғ. ғалымдары – П.Лафарг, А.Мейле, А.Соммерфельд. XX ғ. 20 

ж.  бастап  Прага  структурализмі,  Женева  мектебі,  неміс  тарихи 

диалектолографиясы (Г. Розенкранц, Т. Фирнгс, Р. Гроссе т. б.), әлеум. бағыт, 

функционалды  грамматиканың  екілдері,  сонымен  қатар  орыс  ғалымдары 

Р.О.Шор,  Е.Д.Поливанов,  Р.Якобсон  т.б.  әртүрлі  тілдік  болмыстың 

формаларын  дәлелдеп,  сөйлеушінің  бұл  формалардың  белгілі  бір  жағдайға, 

әлеум.  ортаға,  сейлеушілердің  жастарына  қарай  т.б.  қолданыстарын 

айқындап, Ә. т. б. негізін қалаған.  

Қазіргі таңда Ә. т. б. дербес ілім ретінде бірнеше бағытқа белінген:  

жеке,  тарихи,  ілеспелі,  салыстырмалы,  ингеренттік,  (анық  көрінбейтін 

тілдік  құбылыстарды  зерттейді),  адгеренттік  (сөйлеушілер  сезетін,  анық 

көрінетін тілдік қүбылыстарды зерттейді).  

Ә.  т.  б.  әлеументтану,  әлеум.  психология,  этнография,  тарих,  тіл  білімі 

және  т.  б.  қоғаммен  байланысты  ғылымдардың  мәліметтерін  кең 

пайдаланады.  

Ә. т. б-нің негізі әдіс-тэсілдері: анкета толтырып байқау, интервью алу, 

анкета және интервью мәліметтерін талдау, әлеум. сұрау, статистикалық әдіс 

және т. б. Сонымен бірге тіл білімінде кең тараған лингвистикалық әдістерді 

қолданады. Қазақ тіл білімінде Ә. т. б. мәселелері қазіргі  Б. Хасанов, М. М. 

Копыленко,  Э.  Д.  Сүлейменова,  М.  М.  Арынов,  С.К.  Калмыков  т.  б. 

ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

10 


ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ. НЕГІЗГІ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Әлеуметтік тіл білімі ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан 



бастап қалыптасты.  

Қоғамдағы  құбылыстар  мен  тілдің  байланыысы  туралы  жекелеген 

деректерге  тоқталып  қарастырған  тұстарын  В.Гумбольд,  жас  граматтистер 

Г.Вундт,  Г.Штейнталь,  А.А.Потебня  еңбектерінен  кездестіреміз.  Тілдің 

тарихын  халықтың  тарихымен  тығыз  байланыстырып  зерттеу  Ресейде 

Ф.Ф.Фортунатовтың  еңбегінен  бастау  алады.  Мәскеу  лингвистикалық 

мектебінің негізін қалаушы ғалым зерттеушілердің назарын тілдердің бөліну, 

таралуына,  диалектілердің  пайда  болуы  мен  тілдік  қатынастардың  орын 

алуына тікелей қатысты халықтың тарихына аудартты.  

1894  ж.  француз  ғалымы  Поль  Лафаргтің  «Тіл  және  революция»  деген 

кітабы  жарық  көрді.  Онда  Ұлы  француз  революциясының  ұлттың  тіліне 

қалай  әсер  еткендігі  талданған.  ХІХ  ғ.  бірінші  жартысында  Фортунатовтың 

шәкірті А.А.Шахматов, француз ғалымы Антуан Мейе мен оның шәкірттері, 

неміс  диалектологі  Т.Фрингс  тілдің  семаникасы  мен  халықтардың 

тарихындағы 

әлеуметтік 

қозғалыстардың 

арасындағы 

өзгерістердің 

байланысын зерттеді.  

20-30  жж.  ХХ  ғ.  кеңес  үкіметінде  тұсында  әлеуметтік  лингвистика 

қарқынды  дами  бастады.  Жазуы  жоқ  халықтардың  жазуын  қалыптастыру, 

білім  беруді  ұйымдастыру  мен  сол  тілдердегі  баспа  ісін  жүргізу,  орта  және 

жоғары білім беруде тілді таңдау, сауатсыздықты жою ісінде т.б. өз шешімін 

күтіп  тұрған  мақсаттар  болды.  Бұл  кезеңге  Е.Д.Поливанов,  Р.О.Шор, 

Б.А.Ларина,  Л.Я.Якубинский,  В.М.Жирмунский,  А.М.Селищева  т.б. 

еңбектері жатады.  

ХХ  ғ.  соңғы  Кеңес  Одағы  ыдыраған  он  жылдығында  одақтас 

республикаларда  орыс  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  қолданылуына 

қарсылықтар пайда болды. Қоғамдық орындар мен білім беру мекемелерінде 

орыс  тілінде  сөйлейтін  орыс  тілді  тұрғындарға  деген  наразылық  өрістеді. 

ТМД  елдерінде  орыс  тілі  мен  ана  тілінің  қатар,  үйлесімді  қолданылуына 

қатысты ізденістер өзекті бола бастады.  

Қазіргі 


әлеуметтік 

тіл 


білімі 

аясына 


тілдің 

тарихы 


мен 

диалектологиясына  қатысты  қарапайым  аспектілерден  бастап,  сөз 

этнографиясы,  әлеуметтік  диалектология,  қостілділік  және  көп  тілділік, 

мемлекеттік  бұқаралық  коммуникациядағы,  адамзат  қарым-қатынасындағы 

ортақ тілді  тілді таңдау саясаты сияқты көптеген мәселелер енді. Әлеуметтік 

тіл  білімінде  бірқатар  салаларын  даралау  бағыттары  байқалып  келеді. 

Мәселен,  әлеуметтік  құбылыстар  мен  үдерістердің  тілдегі  көріністерін 

зерттейтін  әлеуметтік  лингвистика  мен  тілдің  қоғамдық  үдерістерге  әсерін 

зерттейтін  лингвосоциология,  этнос  тіліндегі  ұлттық,  халықтық,  тайпалық 

ерекшеліктерін 

зерттейтін 

этнолингвистика, 

лингвомәдениет 

бөлек  


қарастырыла бастады (358-б.).  

 

 

11 


ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК  

ФАКТОРЛАРДЫҢ КӨРІНІСІ 

 

Тілдің  дамуында  қоғамдағы  мынадай  өзгерістер  бірден-бір  байқалады. 



Экономикалық  формациялардағы  революциялық  өзгерістер,  адамдардың 

мемлекеттік  және  ұлттық  қауымдастығын  бұзу,  мәдениеттің  даму  деңгейі, 

аумақтық, әлеуметтік, кәсіби, кейде жас ерекшеліктеріне қарай, гендерлі т.б. 

қоғамдық бөлінушілік тілден көрініс беріп отырады.    

 

 

Тілдің қызметі 



 

Тіл – ең алдымен қарым-қатынас құралы.  

Алайда қарым-қатынас жүзеге асу үшін, адамның ойы өзгеге жету үшін 

ол  материальной  воплощение  болуы  тиіс.    Ойды  білдіру,  сыртқа  шығару 

үшін  басқа да  құралдар жеткілікті  (мимика, ым-ишарат,  шартты  белгі,  әдіс-

тәсілдер т.б.). Алайда мұның бәрі тілдің қызметін толық атқара алмайды.  

Сонымен  қатар,  ішкі  сөйлеу,  іштей  сөйлесу  (сөз),  (внутренная  речь) 

дегенге  тоқталып  өтуге  тиіспіз.  Іштей  сөйлесуге  қатысты  психолог 

мамандардың пікірі бірізді емес. Бірі бұл пікірлі қолдап жатса, енді бірі оны 

толық дәлелденген деп санамайды.  

Конечно,  внутренней  речью  люди,  особенно  интелектуально  развитые, 

пользуются чаще и в больших объемах, чем внешней (37-б.). 

Кейде  адам  сөйлеу  арқылы біреумен  қарым-қатынас жасау  емес,  іштегі 

ойын сыртқа шығару мақсаты да болады. Мұны экспрессивті функцияны өз 

кезінде В.Гумбольд адамның ақыл-ой қызметі дыбыстар, тіл арқылы беріліп, 

материалдық дүниеге айналып, сезім арқылы қабылдауға  мүмкіндік жасайды 

деген болатын.  

Нақты  айтқанда,  тілдің  коммуникативті  және  экспрессивті  функиялары 

қатар жүреді.  

Сонымен  қатар,  тілдің  тағы  бір  қызметі  А.А.Потебня  айтқандай,  ойды 

дайын күйде сыртқа шығару емес, оны жасау, құрау болып табылады. Тілдің 

абстрактілі  ойды  қалыптастыру  түріндегі  мұндай  қасиетіне  В.Гумбольд, 

В.А.Богородицкий,  В.И.Кодухов,  Д.П.Горский,  А.Мартине  т.б.  тоқталып 

өткен.  Кейбірі  бұл  тілдің  ең  негізгі  қызметі  деп  есептеген.  Солардың 

қатарында А.А.Леонтьев тілдің бірнеше қызметін атап көрсетеді: 

1)  білімді  қалыптастыру  және  жеткізу,  яғни  адамның  ақыл-ойының 

жетістігі. 2) коммуникативтік қызметі. 3) эмоция мен ерікті  білдіру қызметі 

т.б.  


Көптеген  тіл  мамандары  тілдің  қоғамдық  тәжірибені  жинақтау, 

қалыптастырып  нығайту  және  жеткізу  түріндегі  (аккумулятивті)  тағы  бір 

қызметін  ерекшелеп  көрсетуде.  Бұл  туралы  Э.Сепри,  Д.П.Горский, 

А.Г.Спиркин, Е.А.Будилова т.б. еңбектерінен кездестіреміз.  

  


 

12 


Ал сөз не сөйлеудің (речь) қызметі ретінде мыналар ұсынылып жүр: 1) 

номинавтивті,  2)  эмотивті-волюнтативті  3)  сигнальді  4)  поэтикалық  5) 

магиялық 6) этникалық. 

    


 

ТІЛДІҢ ӨМІР СҮРУ ФОРМАЛАРЫ 

 

Тіл  абстракциялық  дүние  ретінде  тіл  иелерінің  санасында  болады.  Ал 



қоғамда  тіл  түрлі  қолданыста  көрініс  беріп,  өмір  сүру  формалары  болады. 

Ұлттық тіл тілің өмір сүру формаларының ең негізгісі болып, бәрінің басын 

қосады.  

Тілдің  өмір  сүру  формалары  бір-бірінен  ерекшелене  отырып,  қоғамдық 

құбылыс  ретінде  тілдің  негізгі  өзіндік  белгілері  мен  қызметін  сақтайды. 

Тілдің  өмір  сүру  формасы  (орыс.  формы  существования  языка)  –  табиғи 

тілдің  түрлері;  белгілі  әлеуметтік,  аймақтық  немесе  кәсіби  ортада  қарым-

қатынас қызметін атқаратын, өзара байланысты тіл варианттарының жүйесі. 

Тілдің  өмір  сүру  формаларының  жоғарғы  формасы  әдеби  тіл,  басқа 

формалары: жергілікті диалектілер, говорлар, койне, әлеуметтік диалектілер 

(арго, жаргон т.б.), қарапайым сөйлеу тілі. Бұлардың бәрі де жалпыхалықтық 

тілдің,  ұлттық  тілдің  формалары  болып  табылады  (Ғ.Қалиев.  Тіл  білімі 

термин. түс. сөздігі. 361-б.).   

Тілдің негізгі өмір сүру формалары: 

-

 



ауызша және жазбаша формалар

-

 



әдеби тіл; 

-

 



территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы; 

-

 



әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формасы; 

 

Ұлттық тіл – белгілі бір қоғамның барлық саласында коммуникацияны 

қамтамасыз ететін, күрделі, жан-жақты жүйелердің жүйесі.  

Тілдің негізгі өмір сүру формасы ретінде ауызша тіл болса, жазбаша тіл 

оған  бағынышты  болады.  Бүгінгі  таңда  300  тілдің  жазуы  болса,  әлемде  3 

мыңнан 7-8 мыңға дейін, тіпті 10-ға жуық тіл бар деп жатады. Жазу ауызша 

тілден  әлдеқайда  кейін  пайда  болған.  Егер  ауызша  тілге  50  мың  жылдай 

уақыт  болды  десек,    ең  көне  жазуға,  мәселен,  шумер  сына  жазуына  6  мың 

жыл уақыт болған. Ауызша тілде тұрғындардың барлығы сөйлейтін болса, ал 

жазбашасын  қоғамның  белгілі  бір  бөлігі  ғана  қолданады.  Ауызша  тілдің 

мүмкіндігі  жазбашамен  салыстырғанда  ақпаратты  беруде,  түсінікті, 

тұшымды, мәнерлі етіп жеткізуде әлдеқайда кең. Б.Шоу «жоқ пен бар» деген 

сөзді айтудың 50 түрлі әдіс-тәсілі бар деген екен.  

Әдеби тіл – өркениетті қоғамның ең маңызды, жоғарғы формасы. Әдеби 

тілдің дамуы сол елдің мәдениетінің, экономикалық өрлеуініәң нәтижесінде 

дамиды.  Әрі  бұл  форма  қоғамда  сөздері  үлгі  ретінде  ұғынылатын  біртуар 

жазушылардың,  публицистердің,  қоғам  қайраткерлерінің  үлес  қосуымен 

қалыптасады. Орыс әдеби тілінің негізін салған А.С.Пушкин деп жатады.  


 

13 


Территориялық  жағынан  шектеулі  өмір  сүру  формасы  дегеніміз  ең 

алдымен территориялық диалектілер. Территориялық диалектілер этникалық 

ұжым қолданылатын ұлттық тілдің варианттары (нұсқалары). Территориялық 

диалектілердің  қолданылу  аясы  тұрмыстық  қарым-қатынас,  ал  бір 

диалектінің  негізінде  халықтық  поэтикалық  шығармашылық  пайда  болады. 

Елдің  сауаттылығының  артуымен,  халықтың  көшіп  қонуымен  байланысты 

дамыған  елдерде  диалектілердің  қолданылу  аясы  тарыла бастайды.  Диалект 

иесі  біртіндеп  әдеби  тілге  көшеді.  Дегенмен  диалектілік  сөзде  әсіресе 

фонетикалық құбылыстар сақталып қалады.  

  Территориялық  жағынан  шектеулі  өмір  сүру  формаларына  ареалдық 



тіл  де  жатады.  Негізгі  мекеніне  бөлек  елдерде  қолданылатын  ұлттық  тіл 

(АҚШ,  КАнада,  Австария,  Жаңа  Зеландиядағы  ағылшын  тілі;  Австрия  мен 

Швейцариядағы неміс тілі, Канала, Бельгия, бұрынғы отар елдердегі француз 

тілі).  Ареалды  тіл  негізгі  тілдің  белгілерін  сақтай  отырып,  аймақтық  та 

ерекшеліктерге ұшырайды, әсіресе лексикалық қорынан байқалады.  

Территориялық  жағынан  шектеулі  өмір  сүру  формалары  әдеби  тілге 

қарама-қарсы қойылады. 

Әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формалары да әдеби тілге қарсы 

қойылады. Оларға ең алдымен әлеуметтік диалектілер, әлеуметтік жаргондар 

жатады.  



Әлеуметтік диалект – белгілі бір  әлеуметтік топтың сөйлеу ерекшелігі. 

Әлеуметтік  диалектілерге  кәсіби  диалектілер  жатқызылады.  Кәсіби 

диалектілер  –  белгілі  бір  кәсіп  иелерінің  сөйлеу  ерекшелігі.  кәсіби 

диалектілер  әртүрлі  еңбек  құралдарын,  олармен  жұмыс  істеу  әрекеттерін 

өзінше  атаудан  пайда  болады.  Негізінен  арнайы  терминдерден  тұрады, 

мысалы  орыс  тілді  құс  өсірушілер  мынадай  бірліктерді  пайдаланады  екен: 



пульканье,  клыканье,  гусачок,  раскат  т.б.  Мұның  бәрі  құстың  сайрауын 

сипаттайтын сөздер.  

Әлеуметтік  диалектілер  жергілікті  шаруалар  диалектісіне  жақын  болып 

келеді.  Бұларда  басқаша  «шартты  тілдер»  деп  атайды.  ХІХ  ғ.  Ресейде 

деректерге  қарағанда  мұндай  тілдің  70  түрі  болған.  Бұлар  кең  территорияға 

тарап, он мыңдаған кезбе саударгерлердің (офенея, шерстобитов, шорников, 

овчинников,  портных,  ремесленников)  қарым-қатынас  жасауына  қызмет 

еткен.  Мұндай  шартты  тілдерге  қайыршылар  тілі  де  жатады.  Бұлардың  тілі 

қоғамнан  аластатылған,  ұрылар,  қылмыс  әлемінің  жаргонына  өте  жақын 

[Ю.С.Степанов. Основы общего языкознания. Москва, «Просвещение» 1975. 

стр. 198]. 

Гендерлекті  –  бір  ұлттың  ішіндегі  әйелдер  мен  ерекетердің  сөйлеу 

тілінің  ерекшелігі.  Бұл  құбылысқөа  соңғы  жылдары  ерекше  мән  беріле 

бастады.  Осымен  байланысты  гендерлік  лингвистика  (ағыл.  gender  – 

жыныс)  тіл  мен  сөйлеудегі  гендерлік  жіктелісті  зерттейтеуге  байланысты 

пайда болады.  

Қоғамдық дамуы сатысы жағынан жоғары тұрмайтын, тек дәстүрлі өмір 

салтын  ұстанатын  кейбір  халықтың  тілінде  тілдің  әйелдік  және  еркектік 

нұсқалары  бар.  Мәселен,  Алтайдағы  кейбір  айлтай  түркілерінің  тілінде  бір 



 

14 


сөзді ерлер бөоі, әйелдер ұлушы деп, ерлер бала, әйелер ұран, тауықты ерлер 

құш, әйелдер  –  ушар, тісті ерлер тиш, әйелдер азу деп атайтын құбылыстар 

байқалады.  Әйелдер  көбіне  көне  формаларды,  ерлер  жаңа  формаларды 

қолданады  екен.  Мұндай  құбылыс  әлемдегі  көптеген  халықтың  тілінде 

кездеседі.  

Әлеуметтік  жаргон  –  белгілі  бір  әлеуметтік  топтардың  ауызша 

сөйлеуінде  қолданылатын  пәс,  төмендетілген,  экспрессивті  (айрықша, 

құлаққа тосын, ерекше қолданылатын сөздер) тілдік бірліктердің жиынтығы. 

Әлеуметтік жаргондарға кәсіби жаргондар да жатады.  



Кәсіби  жаргондар  –  белгілі  бір  кәсіп  иелерінің  ауызша  сөйлеуінде 

қолданылатын  төмендетілген,  экспрессивті  кәсіби  сөздердің  жиынтығы. 

Мысалы радиомеханиктердің кәсіби жаргонында  конденсатор сөзін  кондер

напряжение – напруга т.б. қолдану.  

Спортшы, 

көлік 

жүргізуші, 



теңізші, 

ұшқыш, 


дәрігерлердің 

қолданылатын кәсіби жаргондары болады.  

Қылмыстық  жаргон.  Қылмыстық  жаргон  негізінен  Ресейде  жан-жақты 

зерттелген.  Соңғы  кездері  мұндай  сөздіктер  көптеп  жарыққа  шықты.  Кейде 

бұл  жаргонды  ұрылар  жаргоны,  арого  деп  те  атайды.  Орыс  тіліндегі 

қылмыстық  жаргон  мочить,  медвежатник  (сейф  ашатын),  рыжье  (алтын), 



щипач, щирмач, трассагон (қалта ұрысы) т.б.   

Қаңғыбастар  жаргоны  Ресейде  20-жылдары  30-жылдардың  басына 

дейін болған.  



Балалар  жаргоны  бір-бірімен  сөйлесу  үшін  және  құпия  сақтау  үшін 

қолданылады.  Көбіне  оған  сөздердің  арасына  буын  қосып  сөйлеуді 

жатқызуға болады. Ол қазақ тілінде де солай сөйлеу әрекеттері болған.  

 Жастар жаргоны – 14-25 жас аралығындағы қоғам мүшелерінің сөйлеу 

ерекшелігі.  Жастар  өз  ортасында  солай  сөйлеуді  әдет  қылып,  есейген  соң 

қолданудан қала бастайды.   

Орыс  тіліндегі  клево,  облом,  тормоз,  понтовый,  башню  сносить  т.б. 

қазақ тілінде де сондай мысалдарды келтіруге болады:  

Әлеуметтік  жаргондардың  ерекшелігі  жүйелелігі  әлсіз,  көлемі  аздау 

болуы,  жаңа  сөздермен  жаңарып  отыруы  және  ондай  лексикалықө 

бірліктердің әр өңірге тән, жергілікті сипаты болуы.  

Топтық  (корпоративті)  жаргондар  уақытша  топтасып  біріккен 

адамдардың  сөзіндегі  ерекшелік.  Көбіне  оған  солдат  және  студент 

жаргондары  жатқызылады.  Әскер  қатарында  болу,  ЖОО  оқу  арнайы  кәсіп, 

тұрақты  жұмыс  болмағандықтан,  әскери  қызметте,  оқу  барысында  жастар 

аталған жаргонның тіл жұмсаушысы болып, белгілі бір уақыттан кейін ондай 

сөздер қолданыстан шығып қалады.     

Солдат  жаргоны:  дембиль  (увольнение  запас),  самоволка  (әскери 

бөлімшеден өз бетімен кету), губа (гаупвахта), дух, черпак, дед, қазақша шал 

деп қолдану т.б.    

Студенттер  жаргонына  степуха  (стипендия),  препод  (преподователь), 

шпора, автомат, общага (жатақхана), т.б.  


 

15 


 Әлеуметтік  жағынан  шектеулі  өмір  сүру  формаларына  касталық 

тілдер  де  жатады.  Белгілі  бір  қоғамдағы  әлеуметтік  жік,  сауатты,  басқару 

элита  өкілдерінің  тілі  болып  табылады.  Мәселен,  Англияда  ХІ-ХІІІ  ғғ. 

норман  басқыншыларының  касталық  тілі  француз  тілі  болып  саналды,    ал 

Данияда XVII-XVIII мемлекеттік тіл ретінде неміс тілң қолданылды. Ресейде 

ХІХ  ғ.  касталық  тіл  ретінде  француз  тілінде,  ал  қалғандар  орыс  тілінің 

диалектілерінде сөйледі.     

Тағы  бір  әлеуметтік  жағынан  шектеулі  өмір  сүру  формаларына  діни 

сипатта,  діни  мақсатта  қолданылатын  культтік  тілдер  жатады.  Көптеген 

елдерде  культтік  тілдер  негізгі  тұрғындардың  тілімен  сәйкеспейді.  Мысалы 

Ресейде культтік тіл ретінде шіркеулік славян, Арменияда көне армян Грабар 

тілі, Үндістанда санскрит қолданылады.  

 

Тілдік байланыс  



 

Тілдің құрылысы мен сөз қорына әсер ететін екі не одан да көп тілдердің 

өзара қатынасы. Тілдік байланыс түрлі этникалық және тілдік топ өкілдерінің 

араласу қажеттілігінен туындайды. 

Нейролингвистика  деректеріне  сүйенсек,  адам  миының  сол  жақ  бөлігі 

негізгі  тілмен  байланысты  болса,  оң  жақ  бөлігі  басқа  тілмен  байланысты 

болады  екен.  Көрші  халықтардың  тілдік  байланысы  заңды,  мысалы  орыс 

тілінде  батыс  тілдерінің,  қазақ  тілінің  сөздері,  қазақ  тіліндегі  орыс,  араб, 

парсы,  моңғол  сөздері  көптеп  кездеседі.  Араласатын  халықтардың 

әлеуметтік-мәдени  даму  деңгейі  бір  болмайды,  сондықтан  қай  салада  кірме 

сөздер  көп  кездессе,  сол  салада  бөтен  тілдің,  яғни  халқтың  ықпалы  күшті 

болғакнын  байқауға  болады.  Мысалы,  орыс  тілінде  XVIII  ғ.  дейін  түркі 

тілінен  енген  кірме  сөздер  –  сауда-саттық,  экономика,  әлеуметтік,  әскери 

салаларда  көптеп  кездеседі.  Ал  XVIII  ғ.  кейін  орыс  тіліне  еуропалық 

терминдер  көптеп  енді.  Сол  сияқты  қазақ  тіліндегі  кірме  сөздерді  (араб, 

парсы  сөздерінің  ысырылуы)  солай  саралауға  болады 

[А.Салқынбай,  Е.Абакан. 

Тіл әлемі. А., 2009. 283-б.]. 

 

Тілдік контактілер. (лат. contactus жанасу) ор. контакты языковые. Бір 

немесе бірнеше тілдің құрылымы мен сөздігіне ықпал ететін екі не одан көп 

тілдің  бір-бірімен  байланысқа  түсуі.  Тілдік  контактілердің  әлеуметтік 

жағдайлары  әртүрлі  этникалық,  тілдік  топтардың  шаруашылық,  саяси  т.б. 

себептермен  бір-бірімен  жиі  қарым-қатынасқа  түсуі  арқылы  анықталады. 

Тілдік  контактілер  –  әртүрлі  тілде  сөйлеушілердің  үнемі  байланыс  жасауы 

нәтижесінде  пайда  болады,  ондай  жағдайда  сөйлеушілер  бір  мезгілде  екі 

тілді бірдей пайдалануы немесе әрқайсысын жеке қолдануы мүмкін 

[Ғ.Қалиев. 

Тіл білімі термин. түс. сөзд.].

 

 



Соғысу,  қоныс  аудару,  жаңа  жерлерді  игеру  және  басқа  да  себептерге 

байланысты  халықтардың  өзара  қарым-қатынасы  тілдердің  байланысына  да 

септік етеді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде бір тіл жойылып, жаңа 

бір  тіл  пайда  болып  жататын  кездер  болады.  Тілдің  тарихындағы  тілдер 



 

16 


байланысының  аса  маңызды  екенін  австрия  лингвисті  Гуго  Шухардт  атап 

өткен.    Ал  Марр  тілдік  байланысты  «Тіл  туралы  жаңа  ілімінде»  тілдің 

дамуындағы бірден-бір себеп деп көрсетеді.  

Бүгінгі  таңда  тілдердің  әрекеттестігі  әлеуметтік  және  саяси 

мәселелермен 

байланысты 

болғандықтан 

көптеген 

ғалымдардың 

қызығушылығын  туғызды.    «Будандастыру»  (скрещивание)  атты  терминнің 

орнына  осы  мәселемен  ұзақ  айналысқан  Андре  Мартине  мен  Уриэля 

Вайнрайхтың ұсынған «тілдердің байланысы» деген термин қабылданды.  

Әртүрлі халықтар қатарлас өмір сүріп жатқан аймақтарды зерттей келе, 

тілдердің өзара әрекет етуінің бірнеше үлгілері мен түрлері ажыратылды. 50-

жылдардан  бастап  әлеуметтік  лингвистикада  екі  және  көп  тілділік 

құбылысының ерекшелігі айрықша мән берілді.  

Әлеуметтік  лингвистика  тұрғысынан  тілдер  байланысының  мынадай 

типтері  ажыратылады:  бейімделу,  ынтымақтастық,  бәсекелестік  және 



қақтығыс.      

Ынтымақтастық нәтижесінде тілдердің өзара сөз алмасу, жаңа тіл пайда 

болу,  бір  тілдің  ерікті  түрде  қатынас  құралы  ретінде  қолданылу  үдерісі 

жүреді. Бөтен тілге бейімделу барысында пиджиндер қалыптасады,  яғни өз 

тілдері  бөлек  адамдардың  ықшамдалған  коммуникативтік  жүйе  арқылы 

қарым-қатынас жасауы.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет