Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі – дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі – иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
Түсіндірмелі –иллюсртациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп ортырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.