Лекция № 2
Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары Өсу және даму заңдылықтары. Жас кезеңдері.
Адам ағзасының физиологиясы және гигиенасы анатомиямен бірге педагогиканың, психологияның және медицинаның негізін қалайды. Адам ағзасының құрылысы мен
қызметін білу әр адамға ғылыми негізделген жеке және қоғамдық гигиена ережелерін
сақтауға, түрлі ауруларды алдын алып денсаулық сақтауға, дене мәдениетін дамытуға
мүмкіндік жасайды. Кәсіптік тұрғыда педагогика мен психологияда оқу-тәрбие жұмысын,
даму процесін физиолгиялық негізде ұтымды ұйымдастыруға, медицинада емдеудің
нәтижелі әдістерін әзірлеуге көмектеседі. Адам анатомиясы адам ағзасының құрылысы мен
пішіні, оның құрылымдык бөлімдерінің (мүше, ұлпа) жас, жыныс және жеке ерекшеліктері
жайлы ғылым. Адам физиологиясы біртұтас адам ағзасындағы, мүшелер жүйесіндегі,
мүшелердегі, ұлпалардағы, жасушалардағы тіршілік процестері және оларды реттеу
механизмдері туралы ғылым. Адам гигиенасыоның денсаулығына, жұмысқа қабілетіне,
өмірінің ұзақтығына қоршаған ортаның және кәсіптік іс-әрекетінің әсерін зерттейтін ғылым.
Адам ағзасы біртұтас жүйе. Ағза (организм) органикалық (ақуыз, май, көмірсу, нуклеин
қышқылы) және бейорганикалық (су, минерал тұздары) заттардан тұратын дербес тірі
мәніс (существо). Ағзаның негізгі қасиеттері: қоршаған ортамен зат және қуат (энергия)
алмасу, өсу және көбею. Ол қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделіп, өзін-өзі реттейтін
жүйе. Ағзаның тұтастығы оның барлық бөлімдерінің (жасушасының, ұлпаларының,
мүшелерінің, сұйықтықтарының т.б.) құрылымдық бірігуімен, тамырлардағы, қуыстардағы,
кеңістіктердегі сұйықтықтар арқылы ағзаның барлық бөлімдерінің өзара байланысуымен
(гуморальды байланыс), ағзадағы барлық процесті реттейтін жүйке жүйесімен (жүйке
байланысы) қамтамасыз етіледі. Адам ағзасының тұтастығы оның психикалық және
соматикалық бірлігіне байланысты, себебі денеден бөлек психика болмайды. Психика -
жоғары дамыған, ерекше құрылған, ойлауға қабілетті дене мүшесі бас миының қызметі
(функциясы).
Ағза қызметтерінің гуморальды реттелуі жасушалардың химиялық өзара әрекетінің ежелгі
түрі және зат алмасуд өнімдерінің қанмен таралып басқа жасушалар, ұлпалар, мүшелердегі
процестерге әсер етуі арқылы жүреді. Химиялық заттар қан ағымымен жай таралып, тез
ыдырап ағзадан шығарылып отырады. Жасушалардың химиялық тітіркендіргіштерге
сезімталдығы әр түрлі. Ағза қызметтерінің жүйкелі (нервті) реттелуі эволюцияда
гуморальды-химиялық реттелуден кейін пайда болған. Жасушалардың өзара әсері
рефлекторлық жолмен өте тез, қауырт жүреді және нерв импульстары белгілі жасушаларға
тура бағытталып қызметін реттейді. Ағза қызметінің гуморальды және жүйкелік реттелуі
өзара байланыста жүреді. Мысалы, қандағы гормондар белсенді химиялық зат ретінде жүйке
жүйесіне әсер етеді, сонымен қатар ішкі секреция бездерінің гормондарды түзіп қанға бөлуі
жүйке жүйесінің басқаруымен жүреді. Яғни, жүйке-гуморальды реттеудің механизмі
біртұтас. Ағзаның маңызды бір қасиеті – физиологиялық процестердің өзін-өзі реттеуі
арқылы ағзаның ішкі ортасының жағдайының бір қалыптылығын (гомеостаз) ұстап отыруы.
Өзін-өзі реттеу, соңында ақпарат (информация) орталық жүйке жүйесіне түсетін, реттелуші
процеспен реттеуші жүйенің арасындағы өзара байланысқа негізделген.
Ұлпалартегі, құрылысы, қызметі бір жасушалар мен жасушааралық сұйықтықтан құралады.
Адам ағзасында төрт типті ұлпа болады: эпителий, дәнекер, бұлшқет және жүйке
ұлпалары.Мүшелер (орган) түрлі ұлпалардан құралады, белгілі құрылысы, пішіні, қызметі
болады. Ұлпаның бір түрі мүшенің негізгі қызметін, ал қалғандары көмекші қызмет
атқарады. Мүшелердің пішіні, көлемі ағзаның жас, жыныс және жеке ерекшеліктеріне
байланысты. Қызметі және тегі бір мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.
Адам ағзасының онтогенезі, даму заңдылықтары.
Адам ағзасының өсуі деп ағзадағы клеткалардың аны мен салмағының ұлғаюына
байланысты дене көрсеткіштерінің артуын айтады. Дене көрсеткіштеріне 1)бойы (адам
денесінің ұзындығы), 2)салмағы, 3)кеуде шеңбері жатады.
Ағзаның дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштереге айналып, ұлпалардың
жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің
қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Өлшеу көрсеткіштеріне
байланысты ағзаның дамуын физикалық және функциялық дамуға бөледі.
Физикалық дамудыңкөрсеткіштеріне мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы,
салмағы, алып жатқан орны жатады. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің
атқаратын қызметіне байланысты болады (мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау
үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді). Адам өмірі негізгі үш кезеңнен
тұрады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю.Өсу мен дамудың заңдылықтары:
өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды (гетерос - әртүрлі,
хронос – уақыт):
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі - өсу қарқыны
адам өмірінде үш рет күшейеді:
а)туғаннан 3 жасқа дейін,
б)3 – 7 жас арасында,
в)жыныстық жетілу кезеңінде;
өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі
немесе мықты болуы;
өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына
тәуелділігі;
өсу мен дамудың акселерациясы (акселерация белгілері: жаңа туған нәрестелердің ірі
болуы, қазіргі балалардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол
жасындағы денесінен ірі болуы, ерте жыныстық жетілуі, баланың снйегінің ерте қатаюы,
жастардың бойының өсуінің ерте тоқталуы). Дене пропорциясы деп адамның басының,
тұла бойы мен аяқтарының ұзындығының дене ұзындығына қатынасын айтады.
Акселерация(жылдамдау, үдеу) сыртқы ортаның әсерінен балалар мен жасөспірімдердің
өсуі мен дамуының ата-аналарының сол жастағы немесе өткен ғасырдағы адамдардың
көрсеткіштерімен салыстырғанда жылдам және ертерек болуы. Дифференциация даму
барысында ағза мүшелерінің немесе жеке ұлпалардың құрылысы мен қызметінің
ерекшеленуі.
Жас аралық классификация.Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру балаларды
жасына қарай топтарға (сыныптарға) бөлуге негізделген. Сондықтан адам өмірін бірнеше
жас кезеңдеріне бөлу қажет.
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт
мөлшерінің шегін айтады.
1965 ж. Мәскеуде бүкілдүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның өмірін
12 кезеңге бөлу қаулысы қабылданған.
Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері
Рет
саны
Өсіп-даму кезеңдері Жас кезеңдері
Жаңа туған нәресте 1 -10 күн
Емшектегі сәби 10 күн – 1 жас
Алғашқы (ерте) балалық шақ 1 – 3 жас
Бірінші балалық шақ 4 – 7 жас
Екінші балалық шақ қыздар 8 – 11 жас; ұлдар 8 – 12 жас
Жеткіншек немесе жасөспірімдік кезең қыздар 12 – 15 жас; ұлдар 13 – 16 жас
Кәмелеттік кезең бойжеткендер 16 – 20 жас; боз
балалар/жігіттік 17 – 21 жас
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің
бірінші жартысы әйелдер 21 – 35 жас; ерлер 22 – 35 жас
Ересектік мерзімнің екінші жартысы әйелдер 36 – 55жас; ерлер 36 – 60 жас
Егде (орта) жас кезеңі әйелдер 55 – 74 жас; ерлер 60 – 74 жас
Қариялар немесе кәрілік кезеңі 74 – 90 жас
Ұзақ жасаушылар 90 жастан асқандар
Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдері бес топқа бөлінеді.
Рет саны Өсіп-даму кезеңдері Жас
кезеңдері
Жаңа туған сәби 1 ай
Емшектегі сәби 1 ай – 1
жас
Ясли жасы немесе
балбөбектер тобы 1 – 4 жас
Мектепке дейінгілер тобы 5 – 7 жас
Мектеп жасындағылар 7 – 18 жас
А) бастауыш
сыныптағы оқушылар
7 – 11 жас
Б) ортаңғы сыныптағы
оқушылар
11 – 14 жас
В) жоғарғы сыныптағы
оқушылар
14 – 18 жас