Лекция №2. Педагогикалық МЕНЕДЖМЕНТ Педагогикалық ЖҮйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде


Сурет-3. А. И. Субетто бойынша сапаның заманауи аспектілері



бет7/9
Дата16.05.2023
өлшемі304,3 Kb.
#93658
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция №2

Сурет-3. А. И. Субетто бойынша сапаның заманауи аспектілері

Сапаның маңыздылығын осы проблеманы зерттеген көптеген ғалымдар да мойындады: Ю.П.Адлер, В.И.Байденко, Г.З.Байжасарова, М.Ж.Жадрина, А.А.Жайтапова, И.А.Зимняя, Ш.М. Каланова, В.А.Кальней, В.И.Качалов, Г.С.Ковалева, А.Н.Майоров, Г.С.Минажева, Г.Мутанов, М.М.Поташник, Д.В.Пузанков, Р.М.Салина, Н.А.Селезнева, .И.Субетто, П.И.Третьяков, Н.Д.Хмель, С.Е.Шишов және т.б.


Сапа түсінігі құрастырылуының тарихи аспектілерін менеджмент жəне мониторингте негізгі ретінде қарастырған ғалымдар: Ю.П.Адлер, В.И.Байденко, А.И.Субетто.
Ш.М.Каланова, Р.М.Салина, Н.А.Селезнева және т.б. ғалымдар сапаға қарасты терминдердің мән-мағынасын нақтылады; əртүрлі деңгейдегі білім сапасын басқарудың маңыздылығын Ю.В.Баталов, В.А.Кальней, Г.С.Минажева, Ғ.Мұтанов, С.И.Солонин, М.М.Поташник, Д.В.Пузанков, С.И.Солонин, П.И.Третьяков, Н.Д.Хмель, С.Е. Шишов және т.б. зерттеді.
Педагогикалық əдебиеттерде «білім сапасы» термині əртүрлі түсіндіріледі:
1)Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері оқу мен тəрбиенің жоспарланған мақсаттарына сəйкес қол жеткізген білім мен ептілік, ақыл-ой жəне адамгершілік қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейі.
2) Білім сапасы – заманауи экономика талаптарына сəйкес маманның кəсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын кəсіби сапа сипаттамасының кешені.
3) Білім сапасы – мақсат пен нəтиженің ара-қатынасы, мақсаттар (нəтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне жəне оқушының əлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету шарасы.
4) Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын жəне нəтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық жəне кəсіби сапаларын) сəйкес келуін анықтайтын əлеуметтік санат.
П.И.Третьяков жəне Т.И.Шамова білім сапасына талдау жүргізіп, білім сапасы тәуелді болатын бағдарларды айқындады:

    • тұлға мен қоғамның қажеттіліктері;

    • БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне жəне басқа əлеуметтік маңызды қасиеттері;

    • қасиеттер мен нəтижелердің жиынтығы;

    • мақсаттар мен міндеттер;

    • білім беру мекемесінің бекітілген жəне болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттері

Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген заманауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын толық елестетуге мүмкіндік береді. Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл процесін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім сапасы,маманды дайындау сапасы осы процестің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты болады.
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясына сəйкес төмендегілерді көздейді:

    • білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің талаптарына жəне білім беру стандарттарына сəйкес келуі (мемлекет, бизнес, тұлға);

    • мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің жəне басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары қанағаттануы;

    • білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз жұмысына қанағаттануы;

    • қоғамға оң ықпал ету, жалпы мəдениетін жəне оның мүшелерінің біліктілігін арттыруы.

Сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді басқарумен, ұйымдарда заманауи менеджментті, оның ішінде сапа менеджменті қағидаларын енгізумен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет