Лекция №2. Педагогикалық МЕНЕДЖМЕНТ Педагогикалық ЖҮйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде


Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде



бет8/9
Дата16.05.2023
өлшемі304,3 Kb.
#93658
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция №2

Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсаты алға қойылды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осындай өзекті проблеманы шешу мақсатында төмендегідей негізгі бағыттарды ұстану қажет:

  • білім беру процесін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Ал, ЖОО-ның білім беру процесі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады.
2000 жылдан бастап білім сапасын басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру аясында бірталай нәтижелерге қол жеткізілді. Олар:
1 деңгей – сапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;
2 деңгей – құжаттандыру тәртібі, стандарттар;
3 деңгей –бөлімшелерінің ережелері, нұсқаулықтар;
4 деңгей – сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы);
5 деңгей – нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары).
Жоғарғы басшылықтың міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыру, басқару дәстүрін сабақтастыру, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдау және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдауы.
Жоғарғы басшы барлық жауапкершілік жетістігі университеттің қалыптасуы мен дамуына жұмсалатындығын түсінеді де әртүрлі деңгейдегі қызметтің тұрақты мониторингісін қамтамасыз етеді және оның тіршілік әрекетінің барлық процестерін жақсарту бойынша іс-шаралар енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет