Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері



бет9/26
Дата02.12.2023
өлшемі225,68 Kb.
#132478
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, мі-emirsaba.org

Осы кезеңде сәбидің ойлау жүйесінің алғашқы көріністерін байқауға болады. Мысалы, сәби оны қазір тамақтандыратынын түсінеді: анасы келгенде тамсануын немесе емізігін емуді доғара қояды. Оның алдын ала сезіп қоюы, сонымен қатар, емізер алдында – өз бөтелкесін немесе анасының емшегін көргенде – сәбидің белсенді түрде ему әрекетін жасауынан көрінеді.
Жаңа туылған сәбидің эмоционалдық жай-күйлерінің саны шектеулі. Бұл – аман-саулықтың сезімі (ашық күлімсіреу), қатты ыңғайсыздық сезімі (қыңқылдау мен ашулану), бейтарап эмоциялар сезімі (салмақтылық пен сақтық); күшті эмоционалдық реакциялар өз қолдарын немесе саусақтарының қозғалыстарын белсенді түрде зерттеуімен байланысты. Сәбидің эмоционалдық жай-күйін берудегі маңызды құрал оның күлімсіреуі болып табылады. Сәби ересек адамға қарап күлімсірейді, бұл орайда кез келген ересек адам оның күлімсіреу реакциясын шақыра алады. Алайда, кез келген басқа адамға қарағанда, сәбидің күлімсіреуін бірнеше мәрте қайталату оның анасына әлдеқайда жеңіл. Сәбидің анасымен ерекше қатынастары қалыптасады.
Жаңадан туылу сатысында соматикалық мүшелердің салыстырмалы реттелген тобы түріндегі бастапқы психосоматикалық синтез жүзеге асырылады. Соңынан бұл мүшелер функционалды сезім мүшелерінің, қозғалыс, қарым-қатынас және сөйлесу мүшелерінің негізіне айналады. Бастапқы синтез аталмыш сатының басты жетістігі ретінде кешенді жанданудан тікелей көрініс табады.
Көптеген отандық және шетелдік зерттеулер деректері бойынша, екінші және үшінші ай тоғысында сәбидің психикалық өміріндегі жалпы өзгерісті білдіретін оның тек өзіне ғана тән әлеуметтік реакциялары байқалады. Біріншісі – мимика (ым): адамның бет-әлпетін көргенде, кейінірек дауысын естігеннің өзінде күлімсіреудің пайда болуы. Екінші құрауыш – коммуникативтік (қарым-қатынастық), сөйлеп тұрған ересек адамға сабырлы дауыстық реакция, әдетте, қарсы әрекет ретінде, яғни, ересек адам сөйлеген уақытта емес (бұл жерде құлақ салу), кідіріс кезінде болады. Бала тыйым салатын және рұқсат беретін дауыс ырғақтарын саралап, ажырата бастайды (біріншісі – негативті (теріс) реакцияны, наразылықты; екіншісі позитивті (оң) эмоционалдық жандануды тудырады). Жандану кешенінің үшінші құрауышы – қозғалыстық; бұл сәбидің қарқынды және шапшаң қимылдарынан байқалады – ол өзін күтетін ересек адамды көрген кезде, қолдарын көтеріп, аяқтарын қозғалта бастайды.
Жандану кешені – жай ғана реакция емес, ересек адамға әсер ету әрекеті. Бала жай ғана күлімсіреп қоймайды, ересек адамды бүкіл денесінің қозғалыстарымен қарсы алады. Нәресте әр уақыт қозғалыста болады, эмоционалды түрде жауап береді. Жандану кешені – бала мен ересек адам қарым-қатынасының алғашқы тұтас нысаны. Баланың алғашқы мінез-құлықтық актісі ретіндегі жандану кешені оның ары қарайғы бүкіл психикалық дамуында анықтаушы мәнге ие. Дамуында артта қалған балалар, ең алдымен, дәл осы жандану кешенінің пайда болуында қалыс қалады. Бірақ бұл сатының ең басты жетістігі – баланың әлемге деген әуел баста сараланбаған қатынасының бастапқы сараланудан (әлеуметтік және физикалық) өтетіндігінде. Бала физикалық заттарды және адамды әрқалай қабылдай бастайды: заттарға – зейін аударып, адамға күлімсіреп қарайды.
Дене тәртібінің едәуір күрделі және айрықша нысандарының (ымдық, дыбыстық, қозғалыстық) кешені ретінде жандану кешені бала мен ересек адам арасында витальды бірліктің бастапқы (пренатальды) нысанынан да, туылу дағдарысындағы симбиоз ажырауынан да мүлдем тыс байланыстар мен қатынастардың жаңа түрлерін қамтамасыз етеді. Бұл жаңа нысан ересек адам мен баланың бірлескен күштерімен құрылады. Осы кезде ересектермен қарым-қатынас балалар үшін айрықша мәнге ие, өзінің мазмұны бойынша бұл жақсы тілектестікті қажетсінуге саяды. Қарым-қатынас кезінде бала мен ересек адам жағымды эмоциялармен алмасады; олардың байланыстары қандай да бір басқа ынтымақтастыққа қызмет көрсетпейді. Бұл қарым-қатынас риясыз, ешқандай мақсаттарды көздемейді. Жандану кешені келесі кезеңнің ауыспалы сатысының көрнекті белгісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет