Байланысты: Лекция 4 Функционалдық сауаттылық дегеніміз не -melimde.com (1)
Қазақ тілі мен әдебиеттен оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының мақсаты: оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.

Сондай-ақ, оқушылар функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары аспектісін үйренеді, мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары дамытылады. Жұмыстар барысында бағдарламадан тыс көркем әдебиеттерге талдау жасалынады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген тұлға тәрбиелейміз. Осы мақсаттағы жұмыстар оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді. Себебі, астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің міндеті.