Оқылым бөлігінің негізгі құрылымын анықтайтын ең басты көрсеткіш – мәтін.
Мәтін қызықты, өзекті, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, шынайы, оқушының эмоционалды-психологиялық күйіне керағар болмайтын болуы шарт.
Оқырман сауаттылығының негізі мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Бұл оқушылардың шығармадан қажетті ақпараттар алуын, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына, кейіпкердердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқын түсінуге көмектеседі.