Лекция №7 демократия туралы жалпы түсінік


Қазақстан – құқықтық мемлекет



бет8/9
Дата22.12.2023
өлшемі79,5 Kb.
#142794
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан – құқықтық мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – «заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат» болып табылады.
Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеде көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостадығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетіндігіне кепілдік бере алады.
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет.
Конститутцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конститутциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым,, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды.
Бұл шараларда әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Алайда әлеуметтік мемлекетті «социалистік мемлекет» деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл – күйдің болуына жол бермейді. Қазақстандық демократияның ажырамас конститутциясық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғарғы лауазымды адамының (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдары (Парламентті, маслихаттарды және жергілікті өзін - өзі басқару органдары) құру тәсілі – ерікті сайлау.
Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық (альтернативті), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігі; екіншіден, сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау; үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі.
Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, ол қамтамасыз етіледі. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда.
Қорыта келе,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет