Лекция №7 Жады кластары. Модульдік бағдарламалау. Функциялар: жариялау, анықтау, функцияның параметрлері



бет3/7
Дата16.03.2023
өлшемі265,5 Kb.
#74782
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОП лекция 7 functions

    Бұл бет үшін навигация:
  • [ ] ([ ])

2. Функциялардың жазылуы

  • Cи/C++ тілінде барлық ішкі программалар функция ретінде қарастырылады. Әдетте программалар бірнеше шағын функциялардан тұрады. Функция дегеніміз – белгілі бір операциялар тобын атқаратын программа блогы.
  • Функцияға мәліметтер береміз де, одан белгілі бір нә-тижелер аламыз. Функцияның ішкі әрекеті программа-ның басқа бөліктеріне қатыссыз орындалады.
  • Програмада кем дегенде, бір функция болады және программадағы бір функцияның аты main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы main функциясынан басталады. Main функциясының орындалуы барысын-да басқа функциялар шақырылады, ал олар одан да басқа функцияларды шақыруы мүмкін.
  • Бір функция жұмыс істеп тұрғанда, екінші функция-ны орындау керек болса, онда бірінші функция жұмы-сын тоқтата тұрады да, екінші функция жұмысқа кірісе-ді. Ол өз жұмысын аяқтап, return сөзін кезіктіргенде ғана қайтадан бірінші программа өзінің тоқтаған жері-нен ары қарай іске кіріседі. Функция атынан соң, жақ-шалар ( ) болуы тиіс.
  • Әрбір функция сипатталып анықталуы тиіс. Функ-цияның типі және ол арқылы есептелетін мәннің типі бірдей болуы керек. Функция типі көрсетілмесе, келісім бойынша, ол int типтес болып саналады. Енді функцияның сипатталуын қарастырайық. Функцияны сипаттағанда екі түрлі форматты немесе екі стильді қолдануға болады, яғни оны сипаттау және анықтау жолдары бар.
  • Функция мынадай жалпы түрде сипатталады:
  • [<функция типі>] <функция аты> ([<формальды параметрлер спецификациясы>])
  • <функция тұлғасы>;
  • мұндағы [<функция типі>] – функцияның есептелетін нәтижесі типі;
  • <функцияның аты> – функция идентификаторы, яғни аты;
  • <формальды параметрлер спецификациясы> – бұл болмауы да мүмкін (void) немесе әрбір параметр специфи-кациясы: <типі> <параметр аты> – формальды пара-метрлердің типтерін және идентификаторларын анықтайды;


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет