Лекция 9 Екпелер және егу (вакцинация)


Суббірлікті вакцинаның кемшілігі мынадай



бет6/13
Дата04.04.2023
өлшемі200,46 Kb.
#78939
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 9 микро

Суббірлікті вакцинаның кемшілігі мынадай:
- ақуызды таза күйінде алу өте күрделі және өте қымбат процесс;
- ақуыз молекуласының кеңістік құрылымы бөліп алу барысында өзгеруі мүмкін, яғни вирус капсидтің немесе қабықшасының құрамында орналасқан ақуыз молекуласының кеңістік құрылымына толық ұқсас болмайды. Бұл ақуыздың антигенді қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі.
Сондықтан суббірлікті вакцинаның өндірісін өнеркәсіпке байланысты биологиялық және экономикалық факторларын қарастырып жүзеге асырады.

Суббірлікті вакциналарды алу.
Суббірлікті вакцинаны жасау алдында патогенді микроорганизмге қарсы антиденелердің синтезін стимулдейтін ерекше компоненттің түрін, табиғатын және қасиеттерін анықтайды.
Мысалы, қарапайым герпес вирустың қабықшасының D гликопротеинін тышқандарға енгізгенде оларда ақуызға қарсы түзілген антиденелер герпес вирусты бейтараптандырады.
Тумау вирустың гемагглютинині, нейрамидазасына қарсы түзілген антиденелер тумау вирусты бейтараптандырады.

Суббірлікті вакцинаны құру әдісі мынадай сатылардан құрылады:
- органикалық еріткіштер, детергенттер, ферменттер, басқа агенттердің әсерімен вирустарды ыдыратады. Вирустық материалды фракцияларға бөледі де белсенді фракциясын алады.
Фракциялау үшін пайдаланады:
*солюбилизация (еру),
*сепарация (бөлу),
*хроматография,
*адсорбция,
*центрифугалау әдістері.
- Вакцина жасау үшін қажеті сыртқы суббөлікті, мысалы ақуызды, нуклеотидтерден, сыртқы суббөліктерден құралған вирустық қоспадан бөліп алады.
- Препаратты тазартады да негізінде вакцинаны құрады.

Ең бірінші биохимиялық таза суббірлікті вакцина тұмау вирусына қарсы жасалған. Қазіргі күнде бұл вакцинаны кең қолданады.


Суббірлікті вакцинаны рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдаланып алады.

Суббірлікті вакциналарды алу тәсілдерінің мысалы ретінде ұшық (герпес) вирусына және аусыл вирусына қарсы суббірлікті вакциналарды алу жолдарын қарастырайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет