Лекция 9 Екпелер және егу (вакцинация)



бет5/13
Дата04.04.2023
өлшемі200,46 Kb.
#78939
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 9 микро

Суббірлікті вакцина. Аттенуацияланған немесе өлтірген вакциналарды енгізгенде ағзада түзілген антиденелер патогенді микроорганизм жасушаларының сыртында орналасқан ақуыздарымен байланысады да, иммундық жауап дамиды. Ағзаға вирус жасушасының капсидінен немесе қабықшасынан бөлініп алынған ақуызды ғана, яғни сыртында орналасқан ақуызды, енгізсе түзілген антиденелер вирусты бейтараптандыратыны белгілі болды. Сондықтан патогенді микроорганизмнің бөлек компоненттерін алып белсенді вакциналар жасалатын болды.
Патогенді микроорганизмдердің бөлек компоненттерінен құрылған вакциналар суббірлікті вакциналар деп аталады. Суббірлікті вакцинаны рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдаланып алады.

Сурет- вирус құрылымы

Жануарлар вирусының құрылымы.
Вирус геномы – нуклеин қышқылының кішкентай молекуласы.
Геном белоктық капсидінің ішінде орналасқан біртізбекті немесе екітізбекті ДНҚ немесе РНҚ,ұзындығы 3-200 мын нуклеотидтік жұбы.
Кейбір вирустарда капсидті белоктан құрылғын қабықшасы қоршайді.

Тумау вирустың негізгі иммуногенді детерминантары вириондың сыртында орналасады, гемагглютенин молекуласының құрамында. Гемагглютининге қарсы түзілген антиденелер ағзаның тумау вирусына қарсы иммунитетьің қалыптастырады.




Тумау вирусының құрымының Гемагглютинин молекуласы,
сызбасы тример


Суббірлікті вакцинаның артықшылығы:
- құрамына иммуногенді қасиеті бар таза күйінде бір ғана ақуыз кіреді, басқа ақуыздар, нуклеин қышқылдары жоқ;
- құрамында бір таза ақуыз бар препарат тұрақты, қауіпсіз, оның химиялық қасиеттері белгілі және оның ағзаға қарсы қосымша қауіпті әсері болмайды;
- вакцина иммунды ерекше ақуыздан құрылады, сондықтан тиімділігі жоғары, жақсы, ерекше антиген.
- суббірлікті вакциналарды қолданғанда қосымша зиянды реакциялардың саны, түрлері төмендейді, герпес-вирустарымен және басқа вирустармен жұқтыру мәселесі шешілу мүмкіндігі ашылады;
- тазалығының дәрежесі жоғары, сондықтан вакцинаның тиімділігін химиялық (биологиялық емес) әдістерді қолданып өлшеу мүмкін. Мысалы, грипп (тұмау) ауруына қарсы суббірлікті вакцинаны 1 дозаға керек ақуыздың массасына (өлшеміне) байланысты стандарттауға болады. Вакцинаны стандарттау оның тұрақтылығын жоғарылатады, пайдалану үшін вакциналар сенімді болады, вакцина қатысуымен профилактиканың нәтижесін дұрыс болжау етуге мүмкіндік береді;
- вакцина препараттардың тиімділігін бағалағанда, сынау жүргізгенде жануарлардан бас тартуға болады, вакцинаның иммуногенді қабілетін өлшегенде жанама әдістерді, туралығы (дәлдігі) жеткілікті емес биологиялық есептер мен бағалауларды пайдаланбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет