7. Фанера деп шпон деп аталатын көп қабаттардан құралған жазық бетті материалды айтады. Оны түзу сызықтық ағаш қималарын кесу арқылы алады.
Фанерлі шикізат зауыттарға чурак немесе кряж ретінде келеді. Бір кряжада бірнеше чурактар болуы мүмкін.
Пакеттағы шпондар бір біріне перпендикулярлы бағытталған талшықтардан құралған, ыстық немесе суық пресстеу әдісімен алынады. 15мм-лік фанераларды фанерлі плита д.а. Фанера аз анизотропты сипаттамаларымен ерекшелінеді, табиғи ағашқа қарағанда, ал кебу мен ісіну талшықтардың бойы бағытында ағаштікі сияқты болып келеді.
Фанера жоғары беріктігі бар, және массасы аз болып келеді (алюминийге қарағанда 4 есе аз), жылу және дыбыс өткізгіштігі төмен, зиянды орталарға жақсы төтеп бере алады және суға жақсы төзімді болып келеді.
Көп артықшылықтарына байланысты фанераны құрылыста кеңінен пайдаланады. Құрылыс фанерасына желімделген ФСФ маркалы фанера жатады (фенолформальдегидті), ФК (карбомидті), бакелизделген ФБС (спиртте еритін шайырмен сіңдірілген)және ФБСВ.
Құрылыс фанерасына, сонымен қатар, ПФ-Амаркалы фанерлі тақталар жатады. Желімделген фанера және плита сорттары көбінесе, ағаш сапасымен және шпонның сыртқы қабатының өңделуымен анықталады.
Бакелизделген фанераны немесе суға өте төзімді фанераны құрылымды темірбетон жасауға арналған дерелерде қолданады. Құрылыс фанераларда профильді элементтерді жасауға қолданады.
8 Қорғау шаралары конструктивті және химиялық болып табылады. Конструктивті шаралар қызудан және ылғалданудан қорғауға арналған. Оттан қорғау үшін массивті тұтас элементтерді қолданады, жанбайтын қоршаулар, қорғау сылақтары қолданылады.
Химиялық шараларға антипиренмен өңдеу жатады (отқа қарсы арнайы заттар). Отқа қарсы құрамдар және қорғаулар түрлері СНИП-те келтірілген.
Ағашты шіруден қорғаудың негізгі шаралары кептіру және ылғалданудан сақтау болып табылады,
Конструктивті шаралар:
Атмосфералық жауындардан қорғау, төбе жағынан қорғау;
Төбеден суды алудың дұрыс түрлерін пайдалану;
Топырақ суынан қорғау;
Ылғалды бөлмелерден ылғалды алу (жертөле және шатырды вентиляциялау, терезе немесе арнайы тесіктер арқылы);
Конденсациялық ылғалдың пайда болуын болдырмау шаралары.
Био қатерлерден қорғау үшін антисептик атты заттарды қолданады. Заттарды таңдауда эксплуатациялық шарттарын ескереді (ашық немесе жабық ғимараттарда және т.б.), сонымен қатар, жағу түрін таңдауын ескереді (сырлау, шаңдатып, қысым арқылы сіңдіру)