Лекция Ағаш конструкциялары туралы тарихи шолу. Ағаш және пластмасс конструкциялардың түрлері мен қасиеттері



бет2/23
Дата25.11.2023
өлшемі3,58 Mb.
#126359
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Пластикалық массалар жасанды материал болып табылады, синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстардан жасалған.
Пластмасса құрамына байланыстырғыш зат, толтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояулар және т.б. кіреді. Байланыстырғыштар ретінде әртүрлі синтетикалық шәуірлер қолданады: полиэфирлі, фенолформальдегидті, эпоксидті, карбомидті және басқалар. Байланыстырғыштың пластмассада үлесі массамен алғанда 5 тен 30%-ға дейін жетеді, және 60%-н құрайды.
Толтырғыштар пластмассалардың механикалық қасиеттерін құрайды, сонымен қатар, жылуға төзімділік, отқа төзімділігін береді және отыруды азайтады.
Пластификаторлар иілімділік және серпімділік сипатын көбейтеді.
Стабилизаторлар материалдың ескіруін азайтады және жоғары температурадан болатын бүлінуді тежейді.
Құрылыста кеңінен қолдану себебі, олар әмбебапты, жеңіл өңделеді, антикоррозиялық қасиеттері бар және сыртқы әдемі түрі үшін. Пластмассаларды құрылыста конструкционды, әрлеу, жылу және дыбыс изоляция үшін қолданады.
Көп пластмассалар жеңіл өңделеді, оңай кесіледі, тесіледі және созылады.
Конструкционды синтетикалық материалдарға шыны пластикті, органикалық шыны, қатты винипласттар, сонымен қатар, ағашпен араласқан пластик (ДСП), ағаш жоңқалы және ағаш талшықты плиталар жатады.
Ағаш қабатты пластиктарды қайың, бүк және липа ағаштарының шпонының жұқа беттерінен жасайды, бір-бірімен синтетикалық шәуір арқылы жоғары температурада және қысыммен желімделген және пресстелген болады.
ДСП жоғары берікті болып табылады, табиғи ағаштан 2-5 есе көп. ДСП-ң созылуға және иілуге беріктігі ст.3 маркалы болаттан және жеңіл қорытпалардан жоғары болады.
Іргелес жатқан талшықтардың бір-бірімен орналасу бағытына байланысты құрылыс мақсатына арналған пластик маркалары ДСП-Б және ДСП-В болып бөлінеді, және физико-механикалық қасиеттері әртүрлі болып келеді.
ДСП-ні конструкция элементтерін жалғайтын құрылғыларда қолданады, буат, сына, косынка, қосымша бет; қорғау қабаты ретінде суық және жылы төбе жабындарында қолданады; үш қабатты конструкцияларда, көтергіш және ілінген панельдерде қоданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет