Лекция Ағаш конструкциялары туралы тарихи шолу. Ағаш және пластмасс конструкциялардың түрлері мен қасиеттері



бет23/23
Дата25.11.2023
өлшемі3,58 Mb.
#126359
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
агаш лекция

Ағаш жоңқалы тақталарын(ПС және ПТ) синтетикалық шәуірмен жоңқаларды қысыммен ыстық пресстеу арқылы алады.
Тақталарды бір немесе екі жағынан ағаш шпонымен, фанерамен, қағазбен, пленкамен қаптайды. Сыртқы тақталардың механикалық көрсеткіштері жоғары болып келеді, сырты жазық және түрі жақсы болып келеді.
Ағаш жоңқалы тақталарды жиһаз жасауда қолданады, төбелерді бекітуде, қабырғаларды өңдеуде және дерелерде де қолданады.
Ағаш талшықты тақталарды (ДВП) сортты емес ағаш қалдықтарынан жасайды, оларды жоңқаларға езіп талшықты материалға дейін жеткізеді. 5% синтетикалық суға төзімді шәуірді қосу арқылы қатты тақталарды алады, ал 10%-ке дейін жеткізгенде аса қатты тақталарды алады.
Қабырғаларды, ара жабын және жабындарды жылыту, дыбыс изоляциясы және өңдеуде, есік жасауда қолданады.
Шыны пластиктар деп аса берікті бетті материал, байланыстырғыш ретінде синтетикалық шәуірлерді, ал толтырғыш ретінде шыны талшықтары, шыны маталары болып келетін материалды айтады. Бұл талшықтар шыны пластиктарын берік етеді.
Құрылыста шыны пластиктар өзінің беріктігі үшін аса көп таралған, сонымен қатар, олардың сызықтық тығыздығы аз, жақсы электро-, жылу-, және дыбыс изоляция сипаттарына ие, гигроскоптік көрсеткіші аз және химиялық төзімді материал болып табылады.
Құрылыста қоршау конструкцияларында (қабырға және төбе панельдерінде), санитарлы-техникалық бұйымдарда, декоративті қаптау материалдарында, бетон консрукцияларының дерелерінде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет