Лекция асфальт бетон қоспасын дайындау технологиясы



бет4/5
Дата18.05.2023
өлшемі216,22 Kb.
#94246
түріЛекция
1   2   3   4   5
Негізгі кемшіліктері:

  • жұмылдырылғыштығы төмен (мобильность);

  • сатып алу құны жоғары.

Өндірістің үздіксіз тәсілі кезінде мөлшерлеу тұрақты ағынмен жүреді. Мұндай жабдықты жұмыс көлемі үлкен, бір рецептуралық құрамды қоспаны ұзақ шығарғанда қолдану орынды.


Үздіксіз жұмыс жасайтын АБЗ-ның негізгі артықшылықтары:

  • технологиялық жабдықтарды жинақтау жылдамдығы жоғары;

  • сатып алу құны төмен.



Негізгі кемшіліктері:

Асфальт бетонды зауыт келесі технологиялық түйіндерден тұрады (1 – сурет):


- минералды материалдар қоймалары;
- битум балқытатын түйін;
- қоспа дайындайтын түйін.

1 – сурет – асфальт бетон қоспасын дайындау технологиялық сызбасы:
1 – қиыршықтас пен құм қоймалары; 2 – минералды ұнтақ қоймасы; 3 – суық шөмішті элеватор; 4 – кептіргіш барабан; 5 – ыстық шөмішті элеватор; 6 – битум қоймасы; 7 – битум балқытатын түйін; 8 – беттік белсенді қосымшалар дайындайтын қондырғылар; 9 – цилиндрлі елеуіш; 10 – ыстық бункер; 11 – салмақтық мөлшерлегіш бункері; 12 – араластырғыш; 13 – минералды ұнтақ жіберетін элеватор; 14 – басқару жүйесі; 15 – қоректену агрегаты; 16 – ұсақ қиыршық тастарды тастайтын астау

Қоймадан шағыл тас, құм бір шөмішті жүк тиегішпен қоректену агрегатының (15) бункерлеріне тиеледі. Ол таспалы транспортер және суық шөмішті элеватор (3) арқылы кептіргіш барабанға (4) материалдардың бірқалыппен жіберілуін қамтамасыз етеді. Қоректену агрегатында суық және ылғал материалдарды алдын – ала мөлшерлеу процессі жүреді. Бұл процесс кептіру және қыздыру процессінің тұрақтылығына мүмкінділік етеді.


Кептіргіш агрегатының құрамы: оттық және форсункасы бар кептіргіш барабан, мазутқа арналған жылытылатын бак.
Шаң ұстағыш агрегаты (17) атмосфераға шаңды шығармай ұстауға арналған. Шаң ұстағыштар шаңның 85...95 %-ын ұстайды. Ұсталған шаңды минералды ұнтақтарға қосымша ретінде пайдаланады. Шаң мөлшерін зертханаларда тағайындайды.
Араластырғыш агрегат құрамы: ыстық шөмішті элеватор (5), жазық дірілдегіш елеуіш (9). Сортталған материалдар бункер бөлімдеріне (10) түседі, артынан мөлшерлегіштерге (11) жіберіледі.
Қоспаның дәл мөлшерленген компоненттері периодты немесе үздіксіз әсер ететін қалақшалы араластырғыштарға (12) түседі. Дайын қоспа автомобиль самосвалдарға немесе жинағыш бункерлерге түседі.
Асфальт бетон қоспасының сапасын арттыру мақсатымен қоспаға беттік белсенді заттар (ПАВ) және активаторлар еңгізеді. ПАВ ретінде катионды активті және анионды активті заттар қолданылады. ПАВ қолдану минералды материалдар мен қоспа қыздыру температурасын төмендетуге; минералды бөлшектер бетінің битуммен майлану дәрежесінің өсуіне; араластыру уақытын азайтуға; қоспаның жайлы жайылуы мен нығыздалуына себебін тигізеді.
Тасты материалдарды кептіру және қыздыру тек қана берілген температураны қамтамасыз етіп қоймай, толық ылғалдылықты жоюы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет