Өндіріс процессінің технологиясына нұсқау
Битум дайындау
Ыстық қара қоспаларды дайындауға маркалары БНД – 90/130 және БНД – 60/90 битумдары қолданылады. Битум қоймаларында битумдарды маркасына байланысты 80 – 1000-қа дейін қыздырады және сорғыштар көмегімен битум балқытатын қондырғылардың алғашқы қыздыратын қазандықтарына жіберіледі. Бұл қазандарда 110 – 1200-қа дейін битумды қыздырады және осы температурада, үздіксіз механикалық араластырғыштармен араластыра отыра, ылғал толық буланғанша ұстайды.
Битумның дайын болғанын зертханада тағайындайды. Құрғатылған битум битум сорғыштар арқылы жұмыс қазандарына жіберіледі. Онда 150 – 1650-қа дейін қыздырылады және араластырғыш қондырғысының салмақтық мөлшерлегішіне айдалады. Жұмыс қазандарында битумды қыздыру температурасы әр сағат сайын бақыланады. Битум тұтқырлығын жоғалтуды болдырмау үшін, қазандарда битумды 150 – 1650-та 5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Сондықтан араластырғыштар жұмыстарының ұзақ үзілістерінде битум температурасын 1300-қа дейін төмендетілуі тиіс.
Минералды материалдарды кептіру және оларды битуммен араластыру
Минералды материалдарды қыздыру температурасы шығатын қоспаның берілген температурасына байланысты және 200 – 2200-тан артпауы керек. Кептіргіш барабаннан шыққан минералды материалдар құрғақ болуы керек. Дайын қоспа температурасы беттік белсенді заттарсыз 140 – 1600, ал беттік белсенді заттармен – 120 – 1400.
Минералды материалдардың бір-бірімен және битуммен араластыру уақыты битум бірқалыпты таралған, сыртқы түрі бойынша біртекті қоспа алуды қамтамасыз етуі қажет және бұл уақыт:
құмды асфальтбетондар үшін 120-180сек;
ұсақ дәнділі қоспалар үшін 90-150сек;
орташа және ірі дәнділі қоспалар үшін 60-90сек;
қара қиыршық тас үшін 60сек.
Зертханаларда әр ауысымда битум және минералды материалдардың салмақ бойынша мөлшерлену сәйкестілігі тексеріледі. Мөлшерлеу дәлділігі: минералды материалдар үшін - ± 3 %; битум үшін - ± 1,5 % (битум салмағынан).
Достарыңызбен бөлісу: |