боламыз десеңші” деп Пахрейдің күлгеніне “Миллиардщик боламыз. Келесі көктемде
электр тракторларды жерге салса, миллиардщик болмай немене” деп жауап айтқан
Жомарттың сөзінен үлкен еңбектің арқасында болашаққа үлкен сенім артқанын және де
сол сенімнің ақталғанын анық көре аламыз [5]. Шығарма көркем әрі түсінікті қылып
жазылған. Кейіпкерлер арасындағы кішкене диалогтардан үлкен ой, мән-мағына
байқаймыз. Шығарманың тақырыбы тек ауылды өркендету ғана емес, мұнда махаббат,
достық, бала тәрбиесі және өмір құндылықтары туралы айтылады. Басты кейіпкерлердің
бірі сұлу әрі нәзік жанды Алманың көзінен айырылғаннан кейінгі өмірі суреттеледі.
Осымен жазушы адамдардың он екі мүшесі сау кезінде осының өзі қандай бақыт екенін
сезе алмайтынын көрсеткісі келеді. Көзінен айырылған адам басқа сау адамдарға
қарағанда сезгіш және өмірге құштар болып келеді. Шығармада егіздей бірге өскен Алма
мен Жанаттың достығы Алманың күйеуі Жомартпен Жанаттың махаббатынан биік
тұрғанын байқаймыз. Екі ғашық қаншалықты бір-бірін жақсы көрсе де Алмаға деген
адалдықтарын, адамдық қасиеттерін сақтап, өз-өздерін тежейді. Шығарманың соңында
жазушының Ленин мен Сталиннің, әсіресе Лениннің көздеген коммунизмін мадақтап
жазғаны Жомарттың “Ленин көксеген электрофикация, міне, колхоз ауылын да
жарқыратты! ” деген сөзінен айқын көре аламыз . Шығармадағы Ғабиден Мұстафин
қозғаған ауыл мәселі қазіргі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Қазіргі
кезде Қазақстанда Астана сияқты үлкен қалаларды көркейтуге үлкен үлес қосылып жатыр.
Алайда ауылдарды да көркейту, өркендендіру мәселелері артта қалып келе жатыр. Сол
себепті, қазір көптеген ауыл адамдары қалада тұрғанды жөн көреді. Осы шығармадағы
кейіпкерлер Жомарт, Жанат, Жәнібек, Жантас секілді адамдар көбейіп әр ауылды осылар
сияқты көркейтуге аянбай еңбек етсе болашақта үлкен жетістіктерге қол жеткізетініміз
анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том.
2. С.Қирабаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. «Білім» баспасы, 2005 жыл.
3. http://bankreferatov.kz/people/127-mustafin.html
4. Ральф де Буасьенің хаты 22.08.50 жылы «Халықаралық кітаптар ұйымы, Малков арқылы
алынған. Ағылшын тілінен Л. Нечаева аударған, көшірме.
5. Ғ.Мұстафин. Миллионер повесі, 1947 жыл.
6. Ғ.Мұстафиннің суреткерлігі. http://el.kz/m/articles
VIEW
/content-29996
7. Жанар Мұстафина. 2013 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: