Лекция Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата13.03.2023
өлшемі431,76 Kb.
#73881
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
лекция 1900-2000 ж 3

 
№9 лекция 
Сатиралық поэзияның дамуы 
Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға 
алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, 
фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира 
комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. 
Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі 
күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен 
колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде 
Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" 
романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар 17 
ғасырда дүниеге келді. 
Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде 
ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі 
әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе 
өтірік өлеңдерде әсірелеу, гротеск тәсілі мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз 
әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік 
бейнелері жасалған. Жыраулық поэзия (Шалкиіз Тіленшіұлы, Тәтіқара, Бұқар жырау, Шал 
ақын, т.б.) өлеңдерінде кездесетін үстем топ өкілдерін сынау, шенеу сарыны Махамбеттің өлең-


жырларында өзінің шырқау шыңына жетіп, батыл айыптауға ұласады. Абай шығармашылығы 
қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген. Ұлы ақын шығармашылығында эпиграммалар 
"Абралыға", "Көкбайға", "Күлембайға", "Дүтбайға", т.б арналған өлеңдерінде жиі кездеседі. 
Көкбайға арналған эпиграммаларда юморлық сарын басым болса, Көкбай мен Күлембайға 
арналған эпиграммаларда айыптау, мысқылдау жағы үстем түсіп отырады. Абай 
шығармаларында пародияның элементтері де бар. ("Өлең сөздің патшасы, сөз capасы", "Мен 
жазбаймын өлеңді ермек үшін"), Абай сатирасында мысал жанры ерекше орын алады. Мысал 
жанры 20 ғасырдың басындағы көрнекі қазақ ақындары А.Байтұрсынұлы, М.Сұлтанқожаұлы, 
Т.Ізтілеуов 
шығармаларында 
жиі 
кездеседі. 
сатиралық 
өлеңдер 
С.Торайғыров 
шығармашылығынан берік орын алды (мысалы, "Мағынасыз мешіт", "Сымбатты сұлуға", т.б.). 
Ол "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты сатиралық әңгіме де жазды. Сәбит Дөнентаев мысал, 
фельетон жазумен қатар, қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С.Сейфуллин 
"Күзетші иттер", "Ұлтшылдың сандырағы", "Отарба мен ақ төбет", "Қара aрбада", т.б. 
сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді. Ол 
проза мен поэзиялық жанрларда шығармаларды өндірте жазды. Оның 1928 жылы "Сойқанды 
содылар", ал 1920 жылы "Кесінділер" атты шығармашылық жинақтары басылды. Бейімбет, 
әсіресе, комедия, сықақ әңгіме, фельетон жанрын дамытуға үлкен үлес қосты. Сатира - 
І.Жансүгіров шығармашылығының жемісті саласының бірі. Сатира "Тілші" (1923 - 25), 
"Еңбекші қазақ" (1928 - 31) газеттерінде жұмыс істеген жылдары фельетонист ретінде танылып, 
1929 жылы "Сықақ" атты жинақ шығарды. Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондар 
1935 жылы "Құқ"деген атпен жеке кітап түрінде жарық көрді. 20-жылдардағы сатираға 
Алдоңғаров пен А.Сегізбаев т.б өздерінің уытты фельетондарыме үн қосты. 30-жылдары қазақ 
сатирасы өркендетуге белсене ат салысқан қаламгерлер қатарында 1936 жылы "Түйреуіш" атты 
жинақ шығарған Қ.Қуанышбаев, "Тоқсан" атты кітабы шыққан Ж.Сәрсеков, "Күлмескене" 
жинағы басылған Қ.Тайшықов пен "Шаншу" атты кітаптың авторы ЕДүйсенбековтерді айтуға 
болады. 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында сатираны дамытуға Асқар Тоқмағамбетов, ал 
соғыстан кейінгі кезеңде сатираға Төлешов үлкен үлес қосты. 1956 жылы сатиралық "Ара" 
журналының шыға бастауына орай қазақ сатирасынын дамуы жүйелі сипат алды. 60-жылдары 
сатириктер легіне Б.Қыдырбекұлы, М.Рашевтер келіп қосылды. Кейін С.Адамбеков қазақ 
тілінде жазылған тұңғыш сатиралық роман "Атылған қыз туралы анызды" жазды. Сатиралык 
әңгімелер жанрын дамытуға "Талпақ танау". "Этнографиялык әңгіме". "Тарғыл қауын", 
"Сілекеевтердің кенжесі" атты шығармалары арқылы Ғ.Мүсірепов те өз үлесін қосты. 70- 
жылдары О.Әубәкіров, О.Иманәлиев,Ғ.Қабышев, С.Әлжіков, Ү.Уайдин, Е. Домбаев қазақ 
сатирасын дамытуға өз үлестерін қосса, 80-жылдары олардың қатарына С.Кенжеахметов, 
К.Әмірбеков, М. Шерім, Ғ. Ахметчин, Қ. Ілясов, т.б. келіп қосылды. Қазақ сатирасы жөнінде 
Т.Қожакеевтің монографиялары бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет