Лекция Қазіргі кезеңдегі дін


Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы



бет2/5
Дата12.05.2023
өлшемі78 Kb.
#91991
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
пробл лекция №4

Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы
Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында нақты нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат өркениетті бір сапалық деңгейден, екінші мүлдем жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті. Жер шары халқының саны 2010 жылғы 6,8 миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға өсуі болжануда. Өкініштісі халық өсуі тіршілік ортаның ластануымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша өсуі міндетті түрде экологиялық катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар.
Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.
Қазақстан өзінің географиялық орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің тоқайласқан аумағында тұр. Әлемге наша, наркотик өнімдерінің қомақты бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің «солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері арқылы ауған наркотиктері Ресей мен Батыс Европа елдеріне жол тартуда. Қазақстан әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады. Егер 1987 жылы елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті. 2009 жылдан бастап 2000-нан астам қазақстандықтар ВИЧ - инфекциясын жұқтыруда. Көршілес Өзбекстанда 2009 жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. Орта Азия мемлекеттерінде ВИЧ көбінесе инъекция жасалу кезінде таралатыны мәлім болып отыр /1/.
Соңғы 2009-2010 жылдарда бес жасқа дейінгі балалардың полимелит ауруының асқынуы байқалуда. Орта Азия халықтары үшін полимелит эпидемиясының ошағы Тәжікстан Республикасы болып отыр. Құс тұмауы, Шошқа тұмауы сияқты жаңа індеттер түрлері де шекараларды жоққа шығаруда.
Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың өзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғнып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет