Лекция Қазіргі кезеңдегі дін


Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары



бет3/5
Дата12.05.2023
өлшемі78 Kb.
#91991
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
пробл лекция №4

Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары
Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол,- «Бүкіл тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз»,- деп көрсетті /2/. Әлемдік қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен адамзатты сақтау болып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер әлемдік қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік геосаяси құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жасайтын мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады.
Қазіргі әлемдік саясатқа қатынасатын негізгі акторлар: егеменді мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар қазіргі халықаралық қатынастардың белсенді акторлары, яғни қатысушылары түрлі мемлекеттер блоктары (НАТО, ОДКБ, СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС), интеграциялық топтар (ЕО, ТМД) мемлекетаралық бірлестіктер (ШЫҰ, БРИК) т.б. халықаралық ұйымдар өздерінің мақсаттары мен тәуелсіздіктерін сақтай отырып әлемдік саясатқа қатысады және жаһандық мәселердің шешілуіне ат салысады.
Мемлекеттің шеңберінен тыс мәселелерді сол елдің сыртқы саясаты шешеді, айналысады. Қазіргі өзара байланыстағы дүниеде ұлттық мемлекеттер әлемдік қатынастарда өздерінің мүдделерін қорғау мақсатында басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастар жасау саясатын жзүргізеді. Ол саясат арқылы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, ақпарат т.б. салалардағы байланыстар жүреді. Сонымен бірге, әлемдік қатынастарды реттеп отыратын бір жеке орталық жоқ. Барлық мемлекеттерді байланыстыратын әлемдік саясатты жасаушыда орталық жоқ. Әлемдік саясат мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарынан стихиялы түрде қалыптасқан құбылыс. Әлемдік саясат принциптерін негізінен тең құқықтағы мемлекеттер өзара қарым-қатынастары барысында жасайды. Бірақта, мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі. Елдің ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың өмірі мен тағдырына өзінің әсерін тигізіп отырады. Жеке адам әлемдік қауіптердің құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар ол әлемдік ақпараттық жүйелердің өнімдерін міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек әлемдік саясат пен әлемдік тәртіптер жеке тұлғаның өмірінде белгілі дәрежедегі ықпалға ие.
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет