Лекция. Бөлшек сандарды оқыту Жай бөлшектердi оқыту Мақсаты: Бастауыш сыныптарда ондық бөлшектерді үйрету методикасы туралы жалпы мәлімет беру Жоспары



бет2/3
Дата02.03.2023
өлшемі197 Kb.
#71320
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лекция. Б лшек сандарды о ыту Жай б лшектердi о ыту

Жай бөлшектің қасиеті

Жай бөлшек екі натурал санның бөлiндiсі ( ) ретiнде қарастырылғаннан кейiн жай бөлшектiң қасиетi оқып-үйретiледi.


Мұғалiм тақтаға дөңгелек сызып, дөңгелектi тең төрт бөлiкке бөледi, оның бiр үлесiн жай бөлшекпен түрiнде жазады. Осындай үлестiң үшеуi жай бөлшекпен түрiнде жазылады. Ол бөлiктер бояп қойылады. Ендi осы бөлiктердiң әрқайсысын тағы да тең екi бөлiкке бөлсек, дөңгелектiң үлесi үлесiне тең болады. Сонда бөлшегi мен бөлшектерiнiң сандық мәндерi бiрдей екенi дөңгелектердiң боялған бөлiктерiнен көрiнедi. Осы процесс керiсiнше қарастырылып, -ның -ке тең екенi көрсетiледi. Демек,
= ; = .
Бөлшектiң алымын да, бөлiмiн де, бiр натурал санға көбейткеннен немесе бөлгеннен бөлшектiң мәнi өзгермейтiндiгi айтылады.
Берiлген жай бөлшектiң алымы мен бөлiмiндегi сандардың шамасы көп болғанда, бөлшектi жеңiлдету үшiн, бөлшектiң осы қасиетiне сүйенiп бөлшектердi қысқартудың тәсiлдерi қарастырылады. Бөлшектердi қысқарту жұмысы бөлшектiң алымы мен бөлiмi өзара жай сандар болғанда ғана аяқталады.
Алымы мен бөлiмi өзара жай сандар болатын бөлшектер қысқартылмайтын бөлшектер болатындығы мiндеттi түрде ескертiледi.


Жай бөлшектің түрлері

Жай бөлшектiң алымы мен бөлiмiндегi натурал сандардың бiр-бiрiнен үлкен, кiшi болуына байланысты жай бөлшектер дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек болатыны мысалдармен түсiндiрiледi. Сонымен қатар бүтiн сан мен дұрыс бөлшектен тұратын сандар ерекше аралас сан деп аталатыны айтылады.


Бұрыс бөлшекпен берiлген санды аралас сан түрiнде жазу және керiсiнше аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу ережелерi тұжырымдалады. Бұрыс бөлшектi аралас сан түрiнде жазу қалдықпен бөлу арқылы көрсетiледi. Оқушыларға түсiнiктi болу үшiн бұрыс бөлшектiң алымын бөлiнгiш етiп, бөлiмiн бөлгiш етiп алса, толымсыз бөлiндi - аралас санның бүтiн бөлiгi; ал қалдық алымы, бөлгiш бөлiмi етiп жазылатындығы айтылады. Бұл жағдай бөлшектерге амалдар қолдануда (бөлшектердi азайтуда) натурал сандарды бұрыс бөлшек түрiнде және аралас сан түрiнде ашып жазуда қажет.
Бөлiмдерi бiрдей екi бөлшектi салыстыруда олардың алымына тәуелдi болатындығы көрнекi түрде көрсетiледi: бөлiмдерi бiрдей бөлшектердiң алымы тең болса, тең бөлшек, ал алымы үлкенi - үлкен бөлшек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет