124-сурет. Құрама (агрегатты) гүл шоғырлары.
1-шатырлар шашақбасы, 2-шатырлар шашағы, 3-себеттер қалқаншасы, 4-себеттер шашағы, 5-себеттер масағы, 6-масақтар шашағы.
Монохазий немесе бір сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы симподийлі. Гүл шоғырының негізгі өсінде бір ғана гүл болады, соның жетілуімен өстің өсуі аяқталады. Негізгі өстегі гүлден біраз төмен жерден жанама (бүйірлік) бүршік пайда болып, одан екінші ретгегі жетіліп, ол да гүлмен аяқталып, өсуін тоқтады. Осындай ретпен келесі үшінші, төртіңші және тағы басқа ретгегі өстер бірінен кейін бірі жетіліп, монохозий гүл шоғыры қалыптасады. Монохазийдің бұйра гүл және ирек гүл деген екі түрі бар.
Бұйра гүл шоғырында барлық гүлдер гүл шоғырының негізгі өсінің бір жағына орналасады, мұны айлаулықтар тұқымдасының көптеген өкілдерінен,
мысалы, ботакөзден байқауға болады.
Ирек гүл шоғырында гүлдер негізгі өстің екі жағына кезектесіп орналасады (гладиолус).
Дихазий немесе екі сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы — жалған дихотомиялы. Бұл гүл шоғырының негізгі өсі гүлмен аяқталады және сонымен өсуін тоқтатады. Негізгі өстегі гүлден төмен екі бүршік пайда болады да, одан әрқайсысының ұштары бір гүлмен аяқталатын, биіктері бірдей ашалы өстер жетіледі. Ол өстердің әрқайсысынан осы ретпен келесі жаңа өстер екі-екіден жетіледі. Бұл гүл шоғырына тән мысалға қалампырлар тұқымдасының өкілдерін жатқызуға болады.
Плейохазий немесе көп сәулелі гүл шоғырында гүлмен аяқталатын әрбір өстен екіден артық шоқтанып орналасқан бірнеше өстер пайда болады. Олардың барлығы бірқалыпты жетіліп, негізгі өстен биіктейді. Одан ары өс гүлмен аяқталып, өз ретінде бірнеше жаңа өстер береді (мысалы, сүттіген).
Тирс (тирсоидты, тирзус) гүл шоғыры — негізгі өсі моноподийлі, жанама өстері симподийлі болатын күрделі гүл шоғыры. Көбінесе тирс қос ирек (сабынкөк) немесе қос бүйра шайқурай гүл шоғырларынан тұрады. Жабын жапырақтарының ерекшелігіне, негізгі өстегі буын аралықгарының қашықтығына және жеке гүл шоғырларының типтеріне байланысты тиристердін сыртқы көрінісі өзгеріп отырады. Мысалы, ерінгүлділерге қондырмалы гүлді дихазийлер мен қос ирек жеке гүл шоғырлары тән. Егер негізгі өс қысқарын, жанама өстерімен кірігіп кетсе әрі жеке гүл шоғырларының саны азайса, онда тиристер өзгеріп жалған шатыр (картоп) дихазий (жалынгүл), монохазий гүл шоғырларына айналады.
Құрама (агрегатты) гүл шоғырларында негізгі өстің бұтақтануы мен жанама өстің орналасу ерекшеліктері жеке (парциальды) гүл шоғырларындағы бұтақтану мен өстердің орналасуына сәйкес келмейді (124-сурет).
Құрама гүл шоғырының мыңадай түрлері бар: шатырлар шашақбасы, себеттер шашағы, себеттер калқаншасы, шатырлар шашағы, қос шоқпарбастар шатыры, масақтар шашағы және т. б.
Шатырлар шашақбасында шашақтанып бұтақтанған гүл шоғырының (шашақбастың) ұшы күрделі шатыр гүл шоғырымен аяқталады (мысалы, аралия, фатсия).
Себеттер шашағы. Шашақбас гүл шоғырының ұшындағы өстер себет гүл шоғырларымен аяқталады (ермен, жусан).
Қос шоқпарбастар шатыры. Шатыр тәрізді бұтақтанған гүл шоғырының ұшында қос шоқпарбас гүл шоғырлары орналасады (дала көкбасы). Масақтар шашағы. Шашақ тәрізді бұтақтанған гүл шоғырының ұшындағы өстер масақ гүл шоғырларымен аяқталады.
Себет қалқаншасы. Қалқанша гүл шоғырының ұшындағы өстер себет гүл шоғырларымен аяқталады (мыңжапырақ, түймешетен). Гүл шоғырларының типтері шектелмейді. Ботрикалық гүл шоғырларының өзінде оның өзара өтпелі, соңдай-ақ ботрикалық және симподийлі гүл шоғырларының арасында өтпелі, гүл шоғырлары бар. Солардың кейбірі жалған шоқ, жартылай шоқ және шоқ гүл шоғырлары.
Жалған және жартылай шоқтары — өсі қысқарған плейохазийлер. Жалған шоқта гүлдер сабаққа шеңбер түзіп, бір деңгейде орналасады. Егер шеңбер тұтас болмаса, онда гүлдер екі жартылай шоқ гүл шоғырларын түзеді (мысалы, тау қалақаилар).
Шоқ гүл шоғыры дихайзийдің бір түрі. Гүл орналасқан бұтақтар қысқа, ал гүл шоғырлары бір деңгейге ығысқан (қалампырлар, асқабақтар тұқымдасы).
Негізгі өстің механикалық ұлпасы нашар жетілген. Осы төмен қарай ілініп тұратын, көзге түсе қоярлықтай реңі жоқ қондырмалы немесе қысқа сағақты майда гүлдердің тобын сырға гүл шоғыры деп атайды. Сырға гүл шоғырлары гүлдерінің орналасуына қарай шашақ (тал, терек) және тирсоид гүл шоғырларына (емен, шамшат, қайың, қандаған, орманжанғақ) ұқсас түрлері бар. Гүл шоғырларының жалпы табиғатта тіршілік ететіндер және өлі табиғат үшін маңызы зор. Бірнеше гүлден тұратын гүл шоғырларынан алынатын жеміс өнімді келеді, бұл ерекшелік өсімдіктерді насекомдармен тозаңдануын жеңілдетеді. Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің гүл шоғырларында насекомдарды өзіне еліктіретін бөліктер жетіледі. Мысалы, гүлкекіренің себет гүл шоғырының жиегіндегі гүл желектерінің ашық түсті құмдық салаубас гүл шоғырының орауыш жапырақтарының ашық түсті болып келуі және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |