Лекция 12. Гүл шоғыры өркендер жүйесінің ерекше типі
Гүл өсімдіктер сабағында бір-бірден (көкнәр, қызғалдақ, айва, шабдалы және т. б.) немесе тобымен орналасады. Өсімдік өркендеріне немесе бұтақтарына топтанып орналасқан ұсақ гүлдер жиынтығын гүл шоғыры деп атайды. Гүл шоғыры бұтақтарында гүлдер орналасқан өркеннің түрін өзгерткен ерекше типі болғандықтан, оны шартты түрде репродуктивті мүшелерге жатқызады. Гүл шоғырында вегетативті өркендер болатын ортаңғы жапырақгар болмайды. Гүл шоғырының өсінде жоғарғы жапырақ категориясына жататын гүл жапырақтар немесе жабын жапырақтар жетіледі, осылардың қолтығында болатын гүл бүршіктерінен гүлдер өсіп шығады. Гүлдер тікелей гүл шоғырының өсінде, гүл жапырақтарының қолтығында немесе гүл сағағында орналасады. Сол сияқты гүл шоғырларына гүл сағақтарында жетілетін гүл жапырақшалар тән. Гүл шоғыры оның морфологиялық құрылысы, құрамыңа енетін гүлдердің көлемі және саны жағынан алуан түрлі. Сондықтан, оның жоғарыда келтірілген ережесі үнемі толықтырып отыруды қажет етеді. Мысалы, қоғаның гүл шоғырындағы гүлдер саны 300 мыңға жетсе, корифа пальмасының гүл шоғырының ұзындығы 10 м, гүлдер саны 6 млн болады.
Гүл шоғырындағы жапырақтар әр түрлі. Егер гүл жапырақтарының жапырақ тақталары жақсы жетілсе, ондай гүл шоғары фрондозды (латынша from, frondis — жапырақ, көк) деп аталады (мысалы, үш түсті шегіргүл, таңқурай). Брактеозды делінетін гүл жапырақтары қабыршақ тәрізді (брактеялар) болып келген гүл шоғырлары (мысалы, меруертгүл, серігүл, шие). Жалаңаш (эбрактеозды) гүл шоғырларында гүл жапырақтары редукцияланған: жабайы шомыр, жұмыршақ және басқа крестгүлділер.
Бұтақтану дәрежесіне қарай гүл шоғырларын жай және күрделі деп бөледі. Жай гүл шоғырларында гүлдер негізгі өске бірден орналасады және бұтақтану реті екіден артпайды (жол-желкен, мойыл). Күрделі гүл шоғырларында негізгі өске жеке гүл шоғырлары (оларды парциальды немесе элементар деп атайды) орналасады да, бұтақтануы үш, төрт, кейде одан артық қатарға жетеді (серігүл, шәңкіш және т.б.).
Гүл шоғырының жүйесі. Жабық тұқымды өсімдіктер гүл шоғырының эволюциялық бағьтын толық бейнелейтін біртұтас жүйесін жасау мүмкін емес. Өсімдіктердің көптеген ірі табиғи топтары гүл шоғырының ерекше эволюциялық бағыттарымен сипатталады. Қазіргі кезде негізгі екі бағьпт калыптасқан, оның өзінде жасандылық басым, Бірінші бағытта жүйелеуге гүл шоғырының өсімдіктер сабағында орналасуы негізге алынған, екінші бағыт өркеннің бұтақтануы мен гүлдердің жетілуіне негізделген. Бұтақтану типтеріне қарай гүл шоғырын моноподийлік немесе ботрикалық, (бүйір гүлді, анықталмаған, рацемозды) және симподийлік (жоғарғы гүлді, анықталған, цимозды) деп ажыратады.
Ботрикалық, гүл шоғырының бұтақтануы моноподийлі өсуі шектелмеген, бүйірлік (жанама) бұтақтануы жиі. Мұнда гүл шоғырының негізгі өсі айқын байқалады және жеке гүлдердің ашылуы негізінен ұшына қарай, яғни акропетальды жүреді.
Симподилік гүл шоғырының бұтақтануы әрі өсуі шектелген,
бүйірлік бұтақтануы сиректеу.
Ботрикалық гүл шоғырынан айырмашылықтарының бірі — гүл шоғырының негізгі өсі анық байқалмайды немесе жалған гүлдері ұшынан негізіне қарай, яғни базипетальды немесе ортасынан шетіне қарай ашылады.
Ботрикалық гүл шоғырлары жай және күрделі деп бөлінеді. Жай ботрикалық гұл шоғыры бұтақтанбайды, гүлдер гүл шоғырының негізгі өсіңде орналасады.
Күрделі ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанады, гүлдер негізгі өстен жетілген бүйірлік бұтақтарда орналасады.
Жай ботрикалық гүл шоғырлары (123 а-сурет) төмендегідей:
1) Шашақ гүл. Мұңда гүл шоғырының негізгі өсі жақсы жетіледі. Онда орналасқан жеке гүл сағақтарының ұзындығы шамамен бірдей. Гүл сағақтары өсімдік түрлеріне байланысты кейбіреулерінде гүл жапырақтарының қолтығынан (бөрібұршақ) шығады, кейде олар болмайды (капуста).
2). Жай масақ гүл. Гүл шоғырының негізгі өсінде қондырмалы гүлдер орналасады (жолжелкен, тал). 3). Собық гүл. Гүлдердің орналасуы жай масаққа ұқсас. Айырмашылығы қондырмалы гүлдер гүл шоғырының ет жеңденіп, жуандап кеткен негізгі өсінде орналасады (жүгерінің аналық гүл шоғыры, аққанат). 4). Қалқанша гүл. Негізгі өске орналасатын гүлдер сағақтарының ұзындығы әр түрлі, бірақ өстік ұщына қарай орналасқан гүлдер сағағының қысқаруынан барлық гүлдер бір деңгейде аяқталады (алмұрт, делана, алма және т. б.). Сырттай қараған кезде қалқанша гүлдерінің орналасуы ретіне қарай шашақ, ал бір деңгейде аяқталуына қарай жай шатыр гүл шоғырына ұқсайды. 5). Жай шатыргүл. Гүл шоғырының өсі қысқарған. Гүл сағақтарының ұзындығы бірдей гүлдер өте тығыз орналасқан буыңдардан өсіп шығады да, бір деңгейде аяқталады. Сондықтан сырттай қарағанда қол шатырына ұқсайды (шие, жуа, алманың кейбір сорттары және т. б.). 6). Шоқпарбас гүл. Гүл шоғырының өсі қысқарған гүлдері қондырмалы немесе өте қысқа сағақты тығыз орналасқан буыңдардан өсіп шығады (беде, жоңышқа). 7). Себет (зәмбіл) гүл. Бұл гүл шоғыры күрделі гүлділер тұқымдасының өкілдеріне тән. Себеттің негізгі өсі кысқарған, өстің үстіңгі беті жазық, ойыс және дөңес те болуы мүмкін. Өске майда қондырмалы гүлдер тығыз орналасады. Себеттегі гүлдер шетінен ортасына қарай (акропетальды) біртіндеп ашылады. Себетті сырт жағынан бүйір жағынан орауыш жапырақтар (обвертка) қоршап тұрады. Орауыш жапырақтардың құрылысы, реңі әр түрлі. Соған байланысты атқаратын қызметтері де әрқалай, негізгі қызметі қорғаныштық.
Күрделі ботрикалық гүл шоғырлары төмендегідей: 1). Шашақбас (күрделі шашақ, сыпыртқы гүл). Гүл шоғырының негізгі өсіне жеке гүлдер емес шашақ
(жүзім, серігүл) немесе масақ тәрізді гүл шошрлары (сұлы, қонырбас, бетеге және т. б.) орналасады. 2). Күрделi масақ гүл. Гүл шоғырының негізгі өсіне масақ гүл шоғырлары орналасады (бидай, арпа, қара бидай және т. б.), 3) Күрделі шатыр гүл. Гүл шоғырының қысқарған негізгі өсіне бір деңгейде жай шатыр гүл шоғырларымен аяқталатын екінші ретті өстер орналасады (аскөк, сәбіз).
123 а-сурет. Жай ботрикалық гүл шоғырлары.
123 б-сурет. Күрделі ботрикалық гүл шоғырлары
123 в-сурет. Симподилік және тирсоидты гүл шоғырлары.
123 а-сурет: а-жай шашақ, б-жай масақ, в-собык; д-жай шатыр, ж-
себет, е- шоқпарбас; г-қалқанша.
123 б-сурет: а-күрделі шашақ, б-күрделі шатыр, в-күрделі масақ,
г-шашақбас немесе сыпыртқы.
123 в-сурет: а-бұйра (монохазий); б-ирек (монохазий), в- ихазидй,
г-плиохазидй (қос ирек, тирс)
Екінші реттегі өстердің ұшында орналасқан жай шатырлар, негізгі өс ұшыңда орналасқан гүл жапырақтар, ал екінші реттегі өстер ұшындағы гүл жапырақтар орауыш жапырақшалар (обверточка) деп аталады. 4). Күрделі қалқанша немесе қалқанша тәрізді шашақбас. Бұл гүл шоғырының негізгі өсіне гүлдері бір деңгейдегі қарапайым қалқаншалар орналасады. Бұл шетен, ырғай, шәңгіш және т. б. өсімдіктеріне тән. Кейбір өсіміктерде күрделі қалқанша екі гүл шоғырының қоспасы ретінде қалыптасқан. Мысалы, мыңжапырақ гүлшоғырының негізгі өсінің ұзындықтары әр түрлі бұтақтарында бір деңгейде аяқталатын себет гүл шоғырлары орналасады. (124-сурет, 3),
Симподийлік гүл шоғырлары немесе цимоидтар. Бұл гүл шоғырының монохозий, дихазий және плиохазий деген типтері бар (123 в-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |