Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Қызылшаның жапырақ сағағының бұрыштық колленхимасы



бет17/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

42-сурет. Қызылшаның жапырақ сағағының бұрыштық колленхимасы:
А-микроскоптың кіші ұлкейткішімен қарагандағы көрінісі; Б-үякен ұлкейт-кішімен қарағандағы көрінісі: 1-жасуша қуысы; 2-қалыңдаган қабықша.





43-сурет. Қалуеннің (осот) сабағының табақшалы колленхимасы.



44-сурет. Қазтамақтың (герань) сабағының сүректік талшықтары:
А.Б-көлденең кесіндісі (А-кіші ұлкейткішпвн қарагандағы көрінісі; Б-ұлкеІІ ұлкейткішпен қарагандағы корінісі;) В-тікесінен жасалған кесіндісі: 1-клет-қаның қабықшасы; 2-қарапайым пора; 3-жасушаның куысы.

Екіншісі сүректік талшықтар, олар соңғы қабық пен соңғы сүректің құрамындағы соңғы түзуіші ұлпа камбийден пайда болады. Тін талшықтарының жасуша қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, (77-сурет) сүректік талшықтардың (либриформ) жасушасының қабықшалары барлық уақытта толық сүректелген болады (44-сурет).


Тін талшықтарының мықтылығы, созылғыштығы, ұзындығы, сүректенбеуі сияқты қасиеттері тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.





45-сурет. Алмұрттың жемісінің склереидтері:
А-алмұрттың жемісі: (тікесінен жасалған кесіндісі); Б-паренхималық жасушалардың арасындағы склереидтердің тобы; В-склереидтер; 1-паренхималық жасушалар; 2-жасуша қабықшасы; 3-қарапайым пораның көрінісі; 4-қарапайым пораның кесіндідегі көрінісі; 5-жасуша қуысы.

Склереидтер. Склереидтер жасуша қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген өлі паренхималық жасушалар (45-сурет). Олардың қабықшалары қатты сүректенеді, кейде оларға әк, кремнезем және кутин сіңеді. Склереидтердің ішінде кең тарағаны тасты жасушалары. Олар әдетте грек жаңғағының сыртқы қабығында, шиенің, шабдалының және басқа сүректенген жемістерде кездеседі. Ал жапырақтарда тасты жасушаларға қарағанда тірек жасушалар кездеседі.




ЖАБЫНДЫҚ ҰЛПАЛАР
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жататын жасушалар тобын жабындық ұлпа дейміз. Жабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдікті кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, шамадан тыс судың булануынан, зиянды микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар.
Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды екі типке бөледі: 1) алғашқы жабындық ұлпа, 2) соңғы жабындық ұлпа.
Алғашқы жабындық ұлпаларға эпидерма (эпидермис) және эпиблема, ал соңғы жабындық ұлпаға тоз, қыртыс жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет