Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет41/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
58-сурет.
Бүршіктің түрлері:
1 - вегетативті-генеративтік;
2 - генератавті.

Қоңыржай белдеулерде бүршіктер күзде бірнеше айға созылатын тыныштыққа көшеді. Мұндай бүршіктерді қыстаған бүршіктер деп атайды. Қыстаған бүршіктерді тыныштық кезеңіңде сырт жағынан қатыңқы қоңыр түсті қабыршақтар жауып тұрады. Жабындық қабыршақтар кутикуланың қалың қабаттарымен, кейде тозбен және склереидалармен жабдықталады. Бұл қабаттар бүршіктің нәзік бөлімін сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Қыстаған бүршіктер көктем туа тамырда, дінде және бұтақтарда жиналған қор заттарын пайдаланып, бүршік жарып жас өркендер береді. Қыстаған бүршікті басқа белдеулердің (тропика, ылғалды субтропика) климат жағдайларын (қыс болмайтын) ескеріп тыныштық бүршігі, ал қызметіне сәйкес жаңарту бүршігі деп те атайды. Өйткені мезгілдік тыныштықтан кейін өркендер жүйесінің қалыптасуы үнемі осы бүршіктердің есебінен жүреді.


Шығу тегіне қарай жаңарту бүршіктері экзогенді (төбе) және эндогенді (бүйірлік) болады. Мұндай бүршіктер сүректі және көп жылдық шөптесін өсімдіктерге тән.
Өсімдіктердің тіршілігі және өсімдіктер шаруашылығының тәжірибесінде қосалқы немесе адвентивті бүршіктердің маңызы зор. Олар сабақтың буындары, буын аралықтары, тұқым жарнағының астыңғы қылтасында (гипокотиль), тұқым жарнағының үстіңгі қылтасында (эпикотиль), тамырда, тамырсабақта, сол сияқты жапырақтарда эндогенді жолмен ішкі ұлпалардан пайда болады. Қосалқы бүршіктер сондай-ақ сабақта камбийден (шоқ аралық), соңғы қабықтың паренхимасынан, паренхиманың радиальды сәулелерінен, өзектің сыртқы қабаттарының жасушаларынан, тамырдағы тоз камбийінен, қабықтан және перициклден еніп шығады. Қосалқы бүршіктер - гүлді өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейтудің қайнар көзі. Өсімдіктер тамырындағы қосалқы бүршіктерден өсіп шыкқан өркендер тамыратпалары деп аталады. Мысалы, таңқурай, көктерек, қалуен, бақ-бақ, кәдімгі сиякөк, иваншай және т.б. өсімдіктер осындай.
Қосалқы бүршіктер жапырақта сирек кездеседі. Мысалы, бриофиллюмның, папоротниктің жапырақ жиегіндегі тісшелерінің ойысында қосалқы тамырлары бар кішкентай өркендер жетіледі. Олар аналық өсімдіктің жапырағынан түскен бойда жаңа өсімдік беріп өсіп шығады. Мұндай дайын жаңа өсімдік беретін бүршіктерді өнімтал бүршіктер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет