Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған

бет42/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
Бұйыққан бүршік. Бүршіктің бұл түрі жапырақты ағаштар, бұталар, жартылай бұталар мен көпжылдық шөптесін өсімдіктерге тән. Шығу тегі жағынан бұйыққан бүршіктер қыстаған бүршіктер сияқты жанама және бүйірлік бола алады. Бірақ қыстаған бүршік тәрізді көктемде бүршік жарып өркен бермейді. Бұл ұзақ уақытқа дейін, кейде өсімдіктердің өркені мен тамыры тіршілігінің соңына дейін бұйыққан калпында қалуы мүмкін. Осыған қарамастан бұйыққан бүршік өзінің тіршілігін ағаш діңінің ішінде ұзақ уақыт жалғастырады. Бұйыққан бүршіктің бой конусы жыл сайын жаңа метамерлердің бастамасын (жапырақтар бастамасы мен буындар) береді. Мұндай жағдайда бүршіктің өстік бөлігі өте баяу, орташа есеппен өзі пайда болған аналық өркен сүрегінің жылдық сақинасы шамасындай ғана өседі. Пайда болған барлық жапырақ бастамалары метаморфозданып қабыршаққа айналады. Осылай жыл сайын дің жуандап өскенде бұйыққан бүршік те ағаш сабағының ішінде жатып, өзінше жуандап жасырын бұтаққа айналады. Бұйыққан бүршіктің қабыршағының қолтығында жас бүршіктер қалыптасып, дің ішінде жасырын бұтаққа айналуы мүмкін. Осылай бірнеше рет бұтақтану нәтижесінде, бастапқыдағы бір бүршіктің орнына бұйыққан бірнеше бүршіктердің жиынтығы пайда болады.
Бұйыққан бүршіктер өркендеу үшін сабақтың (діңнің) одан жоғары орналасқан бөліктерін кесу керек немесе табиғи жағдайда ол әр түрлі жолмен зақымданып істен шығуы керек.
Бүршіктердің пішіні, мөлшері, саны, бүршік қабыршақтарының орналасуы және реңі - сүректі өсімдіктерді анықтаудың негізгі белгілерінің бірі.
Бүршіктер өркеннің ұзарып өсуін және бұтақтануын қамтамасыз етіп, өркендер жүйесін қалыптастырады.
Өркеннің бұтақтануы. Өркеннің өстік бөлігі өсімдік сабағының өсуі барысында бұтақтанады. Бұтақтанудың нәтижесінде өсімдіктің аумағы ұлғаяды. Тұқымның ұрық бөлігінен өсіп шыкқан негізгі өркенің жанама бүршіктерінен жанама өркендер, яғни екінші ретті өс өсіп шығады. Екінші ретті жанама өркеннен үшінші ретті жанама өркен қалыптасады, осылайша рет саны арта береді.
Бұтақтанудың өзіне тән заңдылықтары бар. Өсімдіктердің арнаулы топтарына бұтақтанудың белгілі бір типі тән. Сүректі өсімдіктерде бұтақтанудың нәтижесінде бөрікбасы (крона) пайда болады.
Бұтақтанудың төмендегідей түрлерін ажыратады (59-сурет).
Дихотомиялы немесе ашалана бұтақтануда өсу нүктесіндегі инициалды жасушалар екіге ажырайды, соның нәтижесінде бірінші ретті бұтақ ұшынан екінші ретті екі бұтақ өсіп шығады, бұлардың әрқайсысы өз ретінде ашаланып бірдей екі жаңа бұтаққа бөлінеді. Инициалды жасушаның бөлінуі арқылы бұтақтану төменгі сатыдағы балдырларға, саңырауқұлақтарға және қыналарға, сол сияқты жоғары өсімдіктерден мүк, плаун тәрізділерге және ашық тұқымдылардың кейбір өкілдеріне тән. Дихотомиялы бұтақтану - бұтақтанудың көне типі (59-сурет, А). Моноподийлі бұтақтану кезінде бүршігінен пайда болған өркеннің өстік бөлігі - сабақ ұшы арқылы өсуді жылдар бойы, кейде өсімдік тіршілігінің соңына дейін жалғастырады. Мұндай жағдайда жанама өркендер негізгі сабақтың жанама бүршіктерінен жетіледі және монополий бұтақтануды жалғастырады.
Сүректі өсімдіктер моноподий тәсілімен бұтақтанғанда олардың сабағы жуандап, ұзарып өсіп, қуатты дің пайда болады. Бұған майқарағай, балқарағай, қарағай, шамшат, самырсын, көктерек, емен т.б. мысал бола алады (59-сурет, Б).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет