Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет39/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

ЖАПЫРАҚТАР ТІРШІЛІГІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ

Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Оның мерзімі 2-3 аптадан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уакытқа созылады. Көп жылдық өсімдіктерде жапырақтар тіршілігі оның өстік мүшелері - сабағы мен тамырына қарағанда ұзаққа бармайды. Бұл ерекшелік қалыптасқан жапырақ ұлпаларының қайтадан жаңармауына және салыстырмалы қысқа уақыт ішінде фотосинтез жүруін белсенді атқаратын мүше қызметіне байланысты.


Жапырақтар тіршілігінің ұзақтығына, жапырақтың бүршікті жарғанынан бастап үзіліп түскенге дейінгі мерзім (яғни жапырақтың бүршік сыртындағы даму кезеңі) ғана есепке алынды. Дегенмен, көптеген өсімдіктерде жапырақ төмпешіктерінің пайда болуынан бастап жапырақ алақанының жазылуына дейінгі уақыт, бүршік ішіндегі даму кезеңінің ұзақтығы бүршік сыртындағы дамудан ұзағырақ болатыны байқалады. Мысалы, емен, жөке, қайың, бересклет және т.б. жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталарда жапырақ бастамасының негізі қаланып, оның бүршік ішінде дами бастауы мамыр, тамыз айлары ішінде жүреді. Ал келесі жылдың сәуір, мамыр айларында бүршік ашылып, жапырақ алақаны жазылады, яғни бұларда жапырақтың бүршік ішінде даму кезеңі 9-12 айға созылады да, жапырақ алақанының жазылуынан түсуіне дейінгі уақьгг 4-5 ай ғана өтеді. Арктикалық талдардың бүршік ішіндегі даму фазасы 2,5 жылға дейін, ал бүршік сыртындағы дамуы 2-3 айға ғана созылады. Жалпақ жапырақты орманның ерте көктемдегі шөптесін өсімдіктері — эфемероидтарының (желайдар, фикария, айдаршөп және т.б.) бүршік ішіңде дамуы 10 айға созылса, бүршік сыртындағы жетілуі бір ай, бір жарым ай ғана созылады.
Өсімдіктердің көбінде жапырақтардың бүршік сыртыңдағы даму кезеңі бір жарым жылдан аспайды. Бұл қоңыржай белдеудің ғана емес, тропик ағаштарының да көбіне тән. Субтропиканың Жерорта теңіздік аймағының, сол сияқты тайга, тундра аймақтары мен биік тау белдеулеріндегі өсімдіктердің бірсыпырасының жапырақтары екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімде өмір сүреді. Ашық тұқымдыларға жататын қылқан жапырақтылар жапырағының тіршілік мерзімі ұзақка созыла­ды. Мысалы, Африка шөлдерінде өсетін вельвичияның екі жапырағы жүз жылға дейін сақталатыны таңқаларлық. Бұл жапырақтар негізіндегі қыстырма меристемасы аркылы өседі де ұш жағынан өле бастайды.
Өсімдіктердің бір түрінің немесе туыстығы жағынан жақын түрлерінің тауға көтерілген сайын және солтүстікке қарай жылжыған сайын жапырақтары тіршілігінің ұзақтығы арта түсетіні байқалады. Мысалы, Мәскеу түбінде шыршаның қылқан жапырақтары 5-7 жыл, Оралдың поляр аймағыңда 12-16 жыл, кейбір жағдаиларда 18-22 жыл. Іле Алатауында өсетін тянь-шань шыршасынан 26-28 жылдық жапырақтар табылған.
Жапырақ тіршілігінің ұзақтығына қарай өсімдіктер мәңгі жасыл жапырақтылар және жапырағын түсіретін өсіміктер деп бөлінеді. Мәңгі жасыл жапырақтылардың ерекшелігі — оларда жыл бойында жасыл жапырақтар болады. Бұлардың да жапырағы тұспей тұрмайды.тіршілікте мәңгілік жоқ. Мұнда әуелі көне жапырақтары түсіп, кейінірек өскен жапырақтар сақталып қалады. Қоңыржай белдеудің жапырағын түсіретін өсімдіктері — жазда көктеп өсетіндер. Жазғы шұғыл кұрғақшылық кезең айқын байқалатын аймақтарда жапырағын түсіретін өсімдіктер қыста немесе көктемде көктейді. Мәңгі жасыл жапырақты ағаштар, бұталар мен бұташықтар ылғалды тропикалық және субтропикалық ормандарға, сол сияқты қоңыржай белдеудің кылқан жапырақты ормандарына тән. 3-кестеде жапырақтың бүршік сыртындағы тіршілігінің ұзақтығы берілген.

3-кесте. Кейбір өсімдіктер жапырақтары тіршілігінің ұзақтығы





Ағаштар және бұгалар

Жапырақтар тіршшгінің ұзақтығы

Бұташықтар және шөптесін өсімдіктер

Жапырақтар тіршілігінің ұзақтығы

Вельвичия

Тянь-Шань шыршасы


Бразилия Арау қариясы
Сібір шыршасы
Тис
Еуропа шыршасы
Кавказ самырсыны
Кәдімгі қарағай
Балқарағай
Цитрустар
Тығын емені
Рододендрон
Лавр шиесі

100 жылдан
артық
26 - 28 жыл

15жыл
шамасы


10 - 15жыл
6 - 10 жыл
5 - 9 жыл
2 - 5жыл
2 - 4жыл
4 - 6 ай
2 - 4 жыл
2 - 3 жыл
3 - жыл
1 - 3 жыл

Кассиопея
Ит бүлдірген
Андромеда
Саз қазанағы
Алмұртшөптер
Плаундар
Еуропа қысықшөбі
Жабағы қиякөлең
Иістішөп
Бүлдірген
Коян саумалдығы
Гетлер айдаршөбі

5 - 7 жыл
2 - 4 жыл
2 - 3 жыл
2 жыл
3 - 5 жыл
5 - 9 жыл
14 - 16 ай
14 - 16 ай
9 - 10 ай
5 - 10 ай
4 - 9 ай
2,5 ай

Жапырақтың түсуі. Өсімдіктер жапырағының түсуі - биологиялық заңды құбылыс. Ол өсімдіктерде жүретін тіршілік әрекеттерімен тікелей байланысты. Жапырақ түсіру — өсімдіктер тіршілігі үшін ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделудің сырттай көрінісі.
Қоныржай белдеуде жапырақтар күзде температура төмендеген кезде түседі. Бұл уақытта ауа райының қолайсыз болуына байланысты өсімдік топырақтан белгілі бір мөлшерде қажетті ылғал ала алмайды. Соның салдарынан жапырақ жасушаларында жүретін тіршшк әрекеттерінің (фотосинтез, тыныс-алу) қарқындылығы күрт төмендейді. Рибонуклеин қышқылының, азот және калий қосылыстарының мелшері азаяды. Мұнда заттардың түзілуінен ыдырауы басым, жасушаларда ыдыраудың соңғы өніндері (мысалы, кальций оксалатының кристалдары) жиналады. Ең бағалы минералдық және органикалық қосылыстар өркенде қалыптасын, өсіп келе жатқан мүшелерге немесе арнаулы қор жинау ұлпаларына қарай ағады.
Сүректі өсімдіктердің көбінде күзде байқалатын нәрсе — жапырақтардың жасыл реңінің өзгеруі (сары, қызыл сары, қызыл қоңыр, қызыл түстерге ауысады). Бұл жапырақтың жасуша құрамыңдағы пигменттердің, хлорофилдің бұзылуына, ка­ротин, ксантофилл пигментгерінің ұзағырақ сақталуына және жасуша шырынының құрамыңда антоцин пигменттерінің болу­ына байланысты. Сілтілі ортада антоцин көгілдір көк рең, ал қышқылды ортада — қызғылт рең береді. Кейбір өсімдіктер (мысалы, каңдағаш, серігүл) жапырақтарының реңі тіршілігінің соңына дейін жасыл қалпында қалады.
Жапырақ түсер алдында биохимиялық өзгерістермен қатар онда анатомиялық өзгерістер байқалады. Қос жарнақты сүректі өсімдіктердің жапырақ негізіне таяу жерінде, оған көлденең бағытта орналасқан, қабаттарға жеңіл ыдырайтын паренхималардан тұратын ажырау қабаты пайда болады. Бұл қабаттың жасушаларын байланыстыратын жасушаралық заттар сілемейленіп, жасушалар бір-бірінен ажырайды. Сөйтіп, осы қабат арқылы жапырақ сабақтан бөлінеді де, алғашқы кезде тек жүйкеге — жапырақ ізіне ілігіп қалады. Одан кейін көп кешікпей, жел соқса немесе жаңбыр жауса, жүйке үзіледі де, жапырақ жерге түседі. Үзіліп түскен жапырақтың орнын (жапырақ дағын) сабақтан жетілген тоз қабаты жабады.
Дара жарнақгылар мен қос жарнақты шөптесін өсімдіктерде ажырату кабаты пайда болмайды. Сондықтан жапырақ сабақтың өзінде қурап қалады.
Эволюциялық тұрғыдан алсақ, жай жапырақ қауырсын күрделі жапырақка қарағанда қарапайым және таралуы аз. Cayсақ салалы жапырақтардан гөрі үш жүйкелі, үш тілімді жапырақ қарапайым. Сағақты жапырақтар қондырмалы жапырақтардан кейін пайда болған. Жапырақтардың көлемі де әр түрлі. Ең ірі жапырақ Бразилия пальмасына тән. Оның сағағының ұзындығы 4-5 м, тақтасының ұзындығы 22 м, ені 12 м; шарап пальмасы жапырағының ұзындығы 15 м-ге жетеді. Қоңыржай белдеу флорасында ірі жапырақтар сүректі өсімдіктерге емес, балдырған, ақбақай (Petosites) сияқты көп жылдық шөптесін өсімдіктерге және су өсімдіктерінен тұңғиыққа тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет