Жоғары оқу орнындағы ішкі тәртіптіц типтік ережесі 1. Жоғары оқу орнында оқу сабақтары, оқу жоспарымен және бағдарламаларына сәйкес белгіленген тәртіппен, бекітілген оқу кестесі бойынша жүргізіледі;
2. Қоңыраудан кейін студенттердің үзіліске дейін аудиторияға кіруіне тиым салынады;
3. Сабақ үлгерімі жақсы, тәртіпті және қабілетті студенттерден ректордың бұйрығымен (деканның келісімімен) әр топқа топ басшылары - староста тағайындалады;
Toп старостасы тікелей топ тәлімгерлері мен факультет деканына бағынады, өзінің тобында солардың тапсырмалары мен нұсқауларын іске асырады. Староста қызметіне мына төмендегілер жатады:
а) студенттердің сабақтың барлық түрлеріне қатысуын қадағалап, жекелеп есепке алады;
ә) күнделікті сабаққа келмеген, немесе кешігіп келген студенттердің себебін анықтап факультет деканына және топ тәлімгеріне мәлімет беріп отырады;
б) топтағы лекциялық және практикалық сабақтарды оқыту тәртіптерінің жағдайына, сол сияқты оқу аудиториялары жабдықтары мен құралдарына бақылау жасайды;
в) факультет деканының оқу кестесіне жасаған өзгертулерін студенттерге дер көзінде хабарлап отырады;
г) топқа тәртібімен әр оқу күніне кезекшілер тағайындайды.
Жоғарыда көрсетілген староста қызметінің шегіндегі жарлықтар барлық топ студенттері үшін міндетті. Сонымен бірге, студенттер міндетіне мыналар жатады:
- сабаққа себепті жағдайлармен келмей қалған студент келесі күннен кешіктірмей факультет деканына хабар беруі және орнына келген бірінші күні, сабақтан қалған себептері жайлы мәлімет беруге міндетті. Ауырып қалған жағдайда студент факультет деканына сауықтыру орындарының белгіленген үлгісіне сәйкес дәрігерлік анықтамасын береді;
- оқытушы аудиторияларға кірген кезде студенттер орнынан тұруға, яғни сәлемдесуте міндетті;
- студенттер қоғамдық меншікке (жабдықтар, саймандар, құралдар, оқу құралдар, кітаптар, аспаптар және т.б.) жанашырлық сөзіммен мәпелеп, ұқыптап қарауға міндетті. Жоғары оқу орны әкімінілігінің рұқсатынсыз студенттерге зертханадан (лаборатория), оқу және басқа да бөлмелерден заттарды және жабдықтарды шығаруға тиым салынады;
- студенттер оқу орындарында тәртіпті қалай сақтаса, көшеде де және қоғамдық орындарда да өздерің өнегелі үстауға міндетті;
- барлық оқу орнындағы және оқу-өндірістік бөлмелеріндегі тиісті тазалық пен тәртіпті техникалық қызметкерлер мен студенттер оқу орны белгілеп бекіткен тәртіпке сәйкес өз-өздеріне қызмет көрсету бастамасы негізінде қамтамасыз етеді;
- үлгерімі жақсы, өндірістік жұмыстағы көрсеткіштері жоғары және жоғары оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын студенттер үшін алғыс, құрмет тақтасына өндіру, бағалы сыйлықтармен марапаттау сияқты мадақтау шаралары белгіленген.
Оқу тәртібі, інжі тәртіп және жатақхана тәртібі ережелерін бұзған студенттерге тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
Сонымен, студентке бірінші міндет пен бірішпі өсиет - ілімдік білімді үнемі және терең меңгеру, өзінің саяси-саналық, ғылыми-мәдени деңгейін көтерумен шұғылдану. Сірә, бұл мақсат әрбір студенттің өзіне де маңызды шығар. Сонымен бірге, оны шешуде студент көптеген қиыншылықтарды кездестіреді. Кешегі мектеп оқушысы, студент үшін оқу әдеттегі жұмыс сияқты болып көрінеді. Бірақ көптеген студенттер бірінші сынақ-емтихан сессиясы қорытындысында бірнеше пәннен "қанағаттанғысыз" деген бағалар алып, оқудан шығып кетіп жатады. Тәжірибе көрсеткендей, оқудан шығып қалу жағдайлары екінші және одан кейінгі курстарда да, оқу бітіргенше де болып жатады. Ал, мемлекет грант иегерлеріне қыруар қаржы жұмсап отыр.
Жоғары оқу орны студенттері бірінші семестрде, мектептің соңғы сыныптарындағы оқушыларға қарағанда пәндерді кем меңгеретіні белгілі. Сабақ оқу көлемі де, мектептегідей аптасына 32-36 сағаттан аспайды. Бірінші сессияда студенттердің емтихан саны 5-6 пәннен аспайды, ал мектептердің соңғы сыныбында ол көбірек болады. Кешегі мектеп оқушысы, осыдан кейін мемлекеттік емтихандарды ойдағыдай тапсырып, жоғары оқу орнының қиын да, ауыр сынағынан өтіп, күтпеген жерден бірінші қиын да емес сессиядан құлап қалады.
Бұл құбылыстын себебі неде? Себеп көп. Жалпы, ең бастысы семестр бойынша оқу материалдарын меңгеруде ұйымдаспағандықтын, жүйесіздіктің, орта мектептегі дайындықтың жетіспеуінен, жоғары оқу орнының жаңа оқу әдістеріне тез бейімделмеуінен, басқа қызметтін түріне (өзінше еңбекпен, қоғамдық жұмыстармен, спортпен) әуестенудің, оқу құралының жетпеуінен және тағы басқалардың салдарынан болады.
Кешегі мектеп оқушысы, жоғары оқу орнына оқуға түскен студенттің өзі игеруге кейде шамасы келмейтін, дербестік бостандығының тізгіні өзіне тиеді. Студент жоғары оқу орны әкімшілігінің және ата-аналар тарапынан оқу барысына жүйелі бақылаудың болмайтынын пайдалана отырып, біртіндеп сабақты жіберіп алады, күнделікті оқу материалдарымен жұмыс істемейді, кеңестерге қатыспайды, лекциялар мәтінін жазбайды. Ол, әзірше оқу орнының лекциялық сабағында білуге тиісті материалдардың тек, азғана бөлігі баяндалатынына, ал қалғанының барлығын өздері дербес оқып білуі тиіс екеніне мән бермейді. Оған өмір сүру деген өте оңай және жеңіл болып көрінеді, өйткені не істесең де және қай уақытта істесең де өзің білесің. Студенттің босқа жіберген уақыттары үшін ешкім уақытша жазаламайды.
Студенттер үлгерімінің нашарлауы кейде жоғары оқу орнында оқу ерекшеліктері мен өзгешеліктерге бейімделудін ұзаққа созылуынын салдарынан болады. Бұл жөнінде курстар өскен сайын озат студенттердін саны көбейіп, үлгерімі нашар студенттер санының азаюынан байқауға болады. Бірінші курс студенттерінің көпшілігі лекцияны тыңдап және жаза алмайды, оқу үшін пәндерді таңдауда жүйелілігін анықтауды, өзінін жеке уақытын жоспарлауды білмейді, жалпы айтқанда дербестік жағдайында жүріс-тұрыстың, жеке басын, өзін-өзі алып жүрудің ұтымды түрлерін пайдаланбайды. Мысалыға, дәрісті дұрыс тындай алмайтындықты анықтаудың бір түрі, ол лекция оқыған оқытушыға студенттер тарапынан сұрақтың берілмеуі.
Жоғары оқу орны бағдарламасындағы оқу білімдері тек студенттерді келешектегі, дербес шығармашылық жұмыстарына "даярлықты" қалыптастырады. Оқу бағдарламалары студенттердің өзің қызықтыратын проблемаларын таңдап алуда белсенділігін арттырады, яғни ол әртүрлі ғылым саласындағы білім өрісін кеңейтуге сөзсіз ықпал етеді.
Осының барлығы да дене мәдениеті және спорт мамандығы студенттеріне тікелей қатысты, өйткені олардың келешектегі кәсіптік қызметі - жаңа адамды тәрбиелеумен байланысты. Өкінішке орай, кейбір дене мәдениеті және спорт мамандығының студенттері мамандығы бойынша терең білімді меңгерумен қатар, болашақ өзінің шәкірттері мен оқушыларына оны үйрету мен оқыту әдістемесін де меңгеруі керек екендігін ойламайды. Мұның барлығын студенттердің белгілі бір топтарының мектептегі педагогикалық тәжірибеге мән бермеуінің, олардың педагогикалық цикл пәндерін бағаламауының, оқыту және жаттықтырудың әдісін меңгерудің субъективті маңызын түсінбеуінің салдарынан деп ойлауға болады.
Студенттер оқуының ерекшілігі, оның қанша материалды есте сақтап, жаттап алған болса, солғұрлым өзінің жеке ойлау тәсілдері мен жолдарын білуге тиісті пәндерді оқып игеру әдістерін жетілдіруінде жатыр.
Ойлауды дамытуға және міндетті пәндерді оқып білуге саналы түрде қарау қажет. Мұнын барлығы келешекте келіп түскен ақпараттар мен мәліметтерді тез қабылдап, кең түрде ұғынып және өзінің ойынан саралап шығаруға мүмкіндік береді. Оқу жұмысы тәжірибеден белгілі болғандай, ұғыну процесінде меңгеріп алған білім мида жатталып, ұзақ сақталады.
Білімнің адамнын миында тұрақтауы материалды саналы түрде түсінуіне және терең ойлауына байланысты болады. Студент жоғары оқу орны қабырғасындағы бірінші айларынан бастап кәсіби педагог, дене тәрбиесі маманы тұрғысында кәсіби атауларды қолдануды, өз ұғымына еркін сүйенуді, дәлелдеу көзінде ерекше атауларды кең түрде қолдана білуді үйренуі және фәлсәфәны, саясаттануды, әлеуметтануды, ҚР тарихын, экономика негіздерін, информатиканы, педагогиканы, психологияны және басқа да ілімдік, сол сияқты спорттык-педагогикалық пәндерді оқып білуі тиіс.
Әлеуметтік түсінікте үйрену немесе бейімделу дегеніміз - бұл жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік қызметке, нақты әлеуметтік ортадағы жаңа бір жағдайға араласауы. Бұл процесс, студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуының ерекше кезеңі болып саналады. Өйткені, үйрену көзінде өзін-өзі алып жүру, жүріс - тұрыс жүйесінде дұрыс бағыт алуды және оны тез уақытта алуды білу, жаңа ортаға, жағдайға, талаптар мен әлеуметтік қызметтерге, мәдениетке, ережелер мен мінез-құлық түрлеріне ауыртпалықсыз, қиналмай бейімделу ең маңыздысы болып табылады.
Үйрену процесінде студеттердің өздерінің болашақ мамандығы жайлы шығармашылық түріндегі араласуы, қарым-қатынасы пайда болады, саналы байланыстары іске асырылады, өздері таңдап алған кәсібі, қызметі саяасында өмірлік жоспарлар жасалынады.
Студент еңбегі - бұл ең алдымен оқу-ғылыми пәндер жиынтығын, оқу-өндірістік практиканы, ғылыми шығармашылықты, қоғамдық өмірге қатысуды, спортпен және еңбекпен шұғылдануды меңгеріп алу.
Бірінші күннен бастап, кешегі мектеп оқушысының жоғары оқу орны өмірі мен қызметінің ерекшеліктеріне бейімделу процесі жүре бастайды. Студенттер бірітпі курстың өзінде-ақ дербес жұмыс жасау дағдылары мен әдеттерін меңгеруі қажет. Осы кезеңдерде олардың оқута деген жауапкершілігі, ұйымшылдығы қалыптасады, оқу орны деңгейіндегі талаптарға сай танымдық ықыласы дамиды. Жоғары оқу орнында оқудың өзіндік кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктері бар, онда әр сабаққа дайындалуға ешкім мәжбүр етпейді. Барлық курсқа топтап оқытылатын лекциялық сабақтарының өзіне қатыспай қалуға болады, себебі кейбір студенттердің сабаққа бармағаны білінбей жатады. Кешегі мектеп оқушылары іс-әрекеттерде, жүріс-тұрыста, өзін алын жүруде, бағалауда дербестікке көбірек ие болады, бірақ олар көбінесе өздерінің дербестігін ақыл-оймен және дұрыс, орынды, тиімді пайдалана алмайды.
Бірінші курста көпшілік студенттер жоғары оқу орнындағы алғашқы күндерінен бастап өздерінде келешектегі біліммен сусындаған және тәжірибелік жұмыстарды атқара алатын маманның және зиялы азаматтың қалыптасу процесінің басталғанын сезбейді. Басым көпшілігі, ұжымда жұмыс істеу үшін өте қажеттісі адамдармен тіл тауып жұмыс істеуді үйренудің және өз бойында ұйымдастырушылық әдеттер мен қабілеттерді тәрбиелеудің қажет екенін түсінбейді. Қиындығы сол, жоғары оқу орны студенттерінің көпшілігінің оқу процесіндегі педагогикалық бағытты көрмейді және байқамайды.
Кейбір студенттер ұзақ уақыт (кейде оқу орнын бітіргенше) өзінің бойындағы білім мен күш қорларын, шығармашылық сапаларын дамытумен, шындаумен жеткізіліксіз деңгейде жұмыс істейді, күрделі оқу тапсырмаларын орындауға тырыспайды, үйірмелерде, секцияларда, ғылыми қоғамдық ұйымдарда шұғылданбайды. Олардың рухани жағынан өсуі барынша жай жылжиды, олар өздерін алдын-ала түйыққа тіреп "елеусіз" адам, ой ерісі тар, қабілетсіз маман ретінде көрсетеді. Ал, басқаларында керісінше саналы-ілімдік және кәсіби-ғылымдық деңгей дайындығын үнемі көтеріп отыру қажеттілігі дамыған және айқын көрсетілген. Ол тек қана спортта ғана емес, сонымен бірге ғылымда, оқуда, қоғамдық өмірде байкалады.
Үкімет студенттердің тұрмысына үлкен мен береді және үлкен қамқорлық жасайды. Біздің ел студенттерінің әл қуаты мен тұрмыстық жағдайлары жылдан - жылға жақсаруда. Мемлекеттік меншікті көздің қарашығындай сақтау, сонынен бірге қоғамдық меншіктің мемлекетіміздің беріктігінің негізі екенін түсіну біздің халқымызга тән қасиет. Ол біздің халқымыздың материалдық және мәдени деңгейін көтерудің бірден-бір көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңында "Әрбір Қазақстан Республикасы азаматы қоғамдық және мемлекеттік мүліктерді құнттап сақтап және оны нығайтуға міндетті" делінген.
Жатақхана студенттердің 4-5 жыл тұратын екінші өз үйі. Бұл үй әрдайым оның қожайынының бет-пердесі, айнасы және де алдымен оның ішкі мән-мағынасын көрсетіп тұрады. Студенттің өзінің үйіне, өзінін бөлмесіне деген сүйіспеншілігі табиғи заңдылық. Өйткені ол, осы жерде тұрады, дем алады, сабаққа дайындалады және де өзінің өмірі туралы ойланады. Жатақхана - бұл студентті маман ретінде қалыптастыратын және өмірге бағыт-бағдар беретін, өзі оқитын оқу орнының бір белігі. Совдықтан, студент өзінің бөлмесін таза әрі тәртіпті ұстауға, мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге мүдделі. Студенттер жатақханадағы барлық жабдықтардың халықтың мүлкі екенін, бұл барлық затқа халықтың еңбегі сіңгенін, сол заттардың өздеріне тегін немесе арзан бағаға берілгенін жақсы біледі.
Өкінішке орай, біздің қоғамда қоғам игілігіне немқұрайды, селқос қарайтын адамдар да жоқ емес, олар қайткен күнде де біреудің арқасында өмір сүруге немесе бүлдіруге, сындыруға, жоюға тырысады. Кейбір азаматтардың дербестігі - меншік психологиясы, ұжымдық психологиадан басымырак келеді. Сондықтан, студенттер кейде жабдықтарды, мүліктерді бүлдіреді немесе сындырады, жазу столдары беттеріне жазып, сызып, былғап өзінің білім алып жүрген оқу орнына зиян келтіреді. Студенттер бала емес, олар ненің жақсы, ненің жаман екенің, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өте жақсы біледі. Егер 18 жасар жігіт мемлекеттік дүние мұнкті сындырса, бүлдірсе, жыртса, оның бұл әрекеті біздің қоғамға (соның ішінде қоғамдық және мемлекеттік меншікке қатысы) жат, қас немесе дұшпандық қөзқараста деген ұғым туады. Мұндай әрекеттер студент ойының өте таяздығын, енегесіздігін, көмеліне келмегенін көрсетеді, демек оның өзінің жоғары оқу орны жағдайларына жеке тұлға ретінде сәйкес келмейтінін байқауға болады. Осыдан барып бұл адам жоғары оқу орнына кездейсоқ келген екен деген, бір-ақ дұрыс қорытынды жасауға болады. Осындай іс-әрекеттерден кейін кейбір студенттердің ақылының ұғынуы барынша нашар және мәдени деңгейінің төмен екенін, өзін тек қоғамға жат қылықтарымен көрсете алатынын байқауға болады.
Жатақханада тұратындардың мәдени деңгейін, бөлмесінің қарапайым тазалығынан, төсек жинауынан, кітаптарды, елең таспаларын таңдап, жинап алуынан және жалпы бөлмені жабдықтауынан жорамалдауға болады. Кейбір студенттердің әсемдігінің (эстетикасының) жетілмегенін олардың соңғы сән қууға (моданы) көзді жұмып, бет қаратпай еліктеуінен байқауға болады. Сән қуу (мода) дегеніміз - уақытша болмыс және онымен тәжірибе көрсеткендей күресуге мүмкін емес және де қажеті жоқ. Оның ең бастысы, сәнге көңілі әбден ауғандардың барлық уақытта оның мәнін түсіне бермейтіндігінде, тек қана оның сыртқы қалпын ғана ұстайтындығында.
Жоғары оқу орны қабырғасында оқып жүргенде әрбір студент сазды (музыканы), мүсіндік - сәулет өнерін түсінуге, үйренуге міндетті. Ол жоғары театр енеріне араласуы керек. Адамның әсемдіктің дәмін татуды түсінуі және әсемдік жағынан жетілуі тиіс және ол жалпы мәдени деңгейінің өсу процесінде көптеген қозғаушы күштерге, жағдайларға және де себеп-салдарға байланысты қалыптасады. Үлкен қалаларда тұрын, әрі жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мәдени деңгейлерін дамытуға және көтеруге адам қызығарлықтай мүмкіндіктері бар.
Біздің еліміздің көптеген қалалары өзінің еңбектегі ерлігімен, мәдени салт-дәстүрімен, қайталанбайтын тарихымен белгілі. Әрбір қалада мұражай, театрлар бар, ал көптеген қалалар өздерінің құрылысы және сәулетімен ескерткіштер болып табылады. Олардың көшелері мен аландарының өзі-ақ сәулет өнерінің, тарихтын, әдебиеттің, өнердің ашық кітаптарының беттері сияқты. Студент өзі оқитын қаланы білмеуі, оны жақсы көрмеуі, зерттеп танымауы мүмкін емес. Қаланың өзі жеке тұлғаны қалыптастыруда, рухани байытуда және тәрбиелеуде сарқылмас мүмкіндікті өзінде сақтайды. Ал, жеке тұлғаның өзі қаланың барлық игілікті де асыл қасиеттерін бойына жинақтап, түсінуі үшін өзінін белсенділігін арттыруы тиіс. Сонда ғана, қаланың сұлулық пен мәдени салт-дәстүрінің қасиетті ықпалының адамға тигізген жағымды әсерін байқауға болады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін көпшілігі өздері оқыған қаладан еліміздің түкпір-түкшріне тарап, жұмыс істеуге кетеді. Олардың көпшілігі көп жылдардан кейін көзінде қадірін білмей көп нәрсені жоғалтып алтанын, жастық шақта каланың берген қазыналы біліміне сусындай және дұрыс пайдалана алмағанын өкінішпен еске алады.
Студент - өзінің уақытын оқуға, үйренуге, жаттығуға, денесін сауықтыруға, жерді, елді тануға білімін көтеруге, қаланың қазыналы мәдениетін меңгеруге жеткізе білетін дербес адам.