Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. Классицизм эстетикасы. (2 сағат)



бет12/14
Дата15.12.2023
өлшемі98,3 Kb.
#139532
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
13- лекция. Классицизм эстетикасы. (2 сағат)
Жоспар:
1. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы.
2. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы.
3. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты-классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Еуропа әдебиетінде классицизм бағыты туды. Бұл бағыттың классицизм деп аталатын себебі: Еуропа әдебиеті ерте замандағы Грек және Римнің классик әдебиеттерін өздеріне үлгі етіп ұстады. ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде орнаған абсолюттік монорхиялық ел билеу жүйесі.
Көркем әдебиеттің негізгі түйіні, түпкі қазығы – шындық, өмір шындығы. Бірақ жазушылар өмірдің бір жағын ғана таңдап алып, оны өзінің творчестволық елегінен өткізіп, өз көзқарасы тұрғысынан суреттеу қажеттілігінен барып, әр түрлі творчестволық метод (әдіс, жол) туғызады.
Бұл методтармен толық танысу әдебиет тарихын тексергенде ғана мүмкін нәрсе.
Ертедегі Грек, Рим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде болып қана қойған жоқ, онан кейін де болды. Мысалы, орыс поэзиясында ертедегі Грек, Римнің классик өлең құрылыс түріне еліктеушілікті, олардың өлеңдеріңдегі образ қолданыстарын алып пайдалануды біз Пушкиннен де, Феттен де және соңғы кездегі символистерден де көреміз.
Осы кезде, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырда, ертедегі грек пен Рим үлгілеріне сүйеніп жазатын жаңаша бағыт туды. Бұлар өзгеше творчестволық бағытты ұсынды. Бұл классицизмге тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді. Көркем творчество сарай маңындағы жоғарғы қауымның ұнатуына, солардың қалауларына бейім болу керек болды.
Тақырып таңдап алу және шығармаға қатысушыларын іріктеу мәселелері классицизм тәртібіне бағынып отырады. Әдебиетте суреттелетін адамдар үстем тап өкілдерінен алынады.
Классицизм бағытындағы шығармалардың өзінше өзгешеліктері тек тақырып, қатысушыларды таңдап алуда, ғана емес, сонымен қатар, қатынасушы адамдарды суреттелуінде де өзгешеліктер болды. Қатысушылардың мінезі біржақты суреттелді. Қатысушылардың қайсысы болсын, оларда психологиялық бір қасиет) батылдық, қайырымдылыцқ, сертен таймаушылық т.б.) үстем болып алынды. Бұлар шындық өмірдегі адамдардан гөрі, әр түрлі киім кигізіп, қиялдың жасап шығараған адамдарына жақын. Қатысушылардың мінез-құлықтары өмір шындығынан алшақ жатты. Олар өз бастарындағы күйініш-сүйініштер жөнінде көп ойланып, ұзын-ұзын монологтар сөйлейтін болды.
Классицизм бағытында жазылған шығармаларды жалпы алғанда сол шығармаларда өмірді шын сол болған күйінде суреттемей, не король, не корольдің жанындағылардың (үстемдік етушілердің) көзқарасынша, олардың ұнатуынша, солардың қалауынша суреттеді.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды «үш бірлікті» сақтай отырып жазу керек. Бұл «үш бірлікті» сақтамаса, жоғарғы ережеден шетке шыққан болып саналады. «Үш бірлік» дегеніміз уақыт бірлігі, (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде болуы керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана болу керек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға бірінен бірі туып, бұтақсыз, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік шиеленіс болу керек).
Бұлардың барлығы шығармаға ерекше сымбат беру және оны түсінікті ету үшін керек деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет