Математика тарихы



Дата07.02.2022
өлшемі389,5 Kb.
#24960

Үнділердің геометриясы мен тригонометриясы.

Орындаған: Алдабергенова Ж.С.

Ертедегі геометрия

  • Геометрияның алғашқы алғашқы басталуын ертедегі адамдардан іздеуге болады, олар доғал үшбұрыштарды ашқан ежелгі Инд алқабы (қараңыз Хараппа математикасы) және ежелгі Вавилония (қараңыз Вавилондық математика) шамамен б.з.д 3000 жылға дейін. Ертедегі геометрия дегеніміз - практикалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін жасалған, ұзындықтарға, бұрыштарға, аудандарға және көлемдерге қатысты эмпирикалық түрде ашылған қағидалар жиынтығы.

тарихы

  • Б.з.д V ғасырда Үнді елінде жаңа дін буддизм пайда болады.Осы тұста Үнді мен Вавилон арасында экономикалық мәдени қарым-қатынас орнайды,мұның екі ел мәдениеті үшін де игілікті әсері болуы даусыз.
  • Үнділіктердің бізге жеткен көне ғылыми трактаттарының басым көпшілігі ескі діни тілде –санскрит тілінде жазылған.Тек XVII ғасырдан бастап ғалымдар өз шығармаларын халықтың сөйлеу тілінде жаза бастады.Санскрит қазір латын тілі сияқты,»Өлі тілдің» қатарына жатады.Алайда қазір тіл тарихын тексеріп,талдауда таптырмайтын құрал болып табылады.

  • Үнді математиктерінің шығармаларында математика қазіргідей арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия салаларына бөлінбей аралас білімдер негізінен нақты есептерді шешуге байланысты баяндалады.Бұл тұрғыда ол ежелгі Мысыр,Вавилон,Қытай математикасына көп ұқсайды.Бірақ олардың математикалық қорытулары мен пайымдауларында дәлелдеу дұрыстығына көз жеткізу әрекеттері кездеседі.Бұдан гректерден ауысқан теориялық математика дәстүрлерінің нышанын аңғарамыз.
  • Үнді матемаикасының негізі арифметикадан жатыр. Біздің орта мектепте оқып үйренетін геометрияның негізі грек математиктерінен, Евклидтің «бастамаларынан» басталса, арифметиканың түп төркіні үнді математикасының еңбектерінде жатыр.

Санау жүйесі

  • Санаудың ондық позициялық жүйесі деп аталатын қазіргі жаппай қолданылып жүрген әрі ықшам,әрі қарапайым ыңғайлы нөмірлеудің ашылуы үнді математикасының тек математика ғана емес,бүкіл адамзат мәдениеті үшін де тамаша тартуы болды,. Бұл жүйе бойынша бар боғаны 10 таңба (0,1,2,....9) және олардың позициялық принципі бойынша алынған комбинациялары арқылы кез келген санды оңай кескіндеуге болады.Математика тарихшыларының топшалауы бойынша бұл жүйені үнділер б.з-ң бас кезінде шамамен II-IV ғасырларда жасаған болуы керек.
  •  

Ведалдық геометрия

  • Үнді Ведалық кезең геометрия дәстүрі болған, көбінесе құрбандық шалатын орындарды салуда көрсетілген.Осы тақырыпқа арналған алғашқы үнді мәтіндеріне (б.з.д. 1 мыңжылдық)

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет