Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. Сюжет пен фабула мәселесі. (2 сағат)



бет5/14
Дата15.12.2023
өлшемі98,3 Kb.
#139532
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»-emirsaba.org

5- лекция. Сюжет пен фабула мәселесі. (2 сағат)
Жоспар:1. Сюжеттің ХІХ, ХХ ғасырдағы анықтамалары.
2. Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы
3. Сюжет түрлері. Сюжеттік желілер.
4. Сюжет және көркем тартыс.
Өмірдегі шындықтың шынайы әдеби шығармаға айналу, әдебиеттегі мазмұнның мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық-көркемдік шешімін табу процесінде сюжет пен композицияның атқарар ролін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Сюжет көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардан тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді.
Эпикалық, лиро-эпикалық немесе драмалық шығармаларды алсақ (оқиғаның неден басталуынан бастап, немен аяқталуына дейін) оқиғаларды бір-бірімен байланысты және үзілмей дамып отыратындығын көреміз. Оқиғаның даму жолында оған қатысушы адамдар өзара байланыста, қарым-қатынас, күрес-тартыстарда болады. Қимыл, іс-әрекет, талас-тартыс үстінде әркімнің мінезі, наным-сенімдері күйініш-сүйініштері айқындала да және сол адамдардың қарым-қатынастарына жазушының қалай қарайтындығы да сезіледі. Осылардың бәрін бір сөзбен айтқанда шығарманың сюжеті деп атайды.
Сюжет пен фабуланы бөле қарап, параллель жасаушылар сюжетті – әрекет, фабуланы – оқиға ұғатна мәлім. Бірақ, әрекетсіз оқиға бола ма? Немесе өзара тұтасып, оқиғаға айналмаған қимылды жүйелі әрекет деуге бола ма? Болмайды. Ендеше, оқиғаны әрекеттен бөлуге болмайтыны сияқты, фабуланы сюжеттен бөлмей, екеуін бір ұғымға сыйғыза тексерген Л.Тимофеев пен Л.Щепилованың толғамдарында дәлелді зерттеулер бар. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, сюжет дегеніміз өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі екені даусыз. Бір-бірімен қарым-қатыстағы адам тұлғалары осынау өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі-түрлі қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі тартып жату себебі де соған байланысты.
Сюжеттің, оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі, дәлел,(мотивировка): образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Ол жоқ жерде – образ да жасанды, оқиға да жалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет