Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет16/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

Лекция 11 Тұрақты ток машиналары.
1.Тұрақты ток генераторы туралы түсінік.
  1. Тұрақты ток генераторының құрылысы.


  2. Генератордың жұмыс істеу приципі.


  3. Генератордың П.Ә.К.


  4. Генератордың Э.Қ.К.


  5. Генератордың қуаты туралы түсінік.


  6. Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы.


  7. Коллекторлы двигатель туралы түсінік.





Тірек ұғымдар. Колектор. Ротор. Щетка. Статор. қосымша полюстер, контакт, ұшқын, ұшқындарды жою.
Тұрақты ток машиналары асинхрондық машиналардан айырмашылығы олады қоздыру орамдарына байланысты.(Плакат)
Коллектордың қызметі ротор арқылоы жүретін электртогын түзетіп отырады.
МұНДА АСИНХРОНДЫқ МАШИНАДАғЫ ОРАМДАР СТАТОР және ротор орамдары деп аталады.
Коллекторлардың щеткалаға полюстер арасында жалғанып және олардың машина айналыс жылдамдығына бйланысты тез ауысуы себепті оларда ток өзінің бағытын тез арада өзгертуге мәжбүр болады, осыған баланысты щеткалармен коллектор маңында ток тығыздығы артада және осының саладрынан щетка мен коллектор арасында ұшқын пайда болады.
Машиналардағ мұндай ұшқындар коллекторлардың және щеткалардың тез арада істен шығуына алып келеді және щетканың күйіп кетуіне себеп болады.
Ұшқынды өшірі мақсатында щетка ұстағышты магнит өрісі айналысы немесе машинаның айналыс бағытында бұрады.
Коллектор негізінен броза немесе, мыстан жасалған сақиналар тәрізді етіп жасалады.
Сақиналар арасы изоляцияланады, изоляция арасының ластануы олардың өзара тұықталуыны алып келеді.
Ұшқындар машина жұмыс істеп тұрғанда ротор маңында айланып тұрған жалын тәрізді көрініс табады.
Тұрақты ток машиналары коллекторлы двигатель ретінде халықшаруашылығында орын алады.

Лекция 12 -13 -14 Электрондық құрылғылар.
Жоспар

1. Электрондық құрылғылардың даму тарихы.
2. Электрондық сұлба элементтері
3 Шала өткізгіштердің түйісу аймағындағы құбылыстар.
4. Жартылайөткізгіштердің түйісу аймағындағы құбылыстар.
5. Жартылайөткізгіш пен металдың түйісу аймағындағы құбылыстар.
6. Диодтар түрлері, параметрлері.
7. Түзеткіш диодтар, стабилитрон, варикап, Шоттки диоды, тунельдік диод.
8.Шала өткізгіштердің электрофизикалық қасиеттері.
9. Шала өткізгіштердің электрофизикалық қасиеттері.
10. Қоспалы жартылайөткізгіштер
Негізгі түсініктемелер сөздігі: ақпараттық сигнал түрлері, аналогтық, сандық (цифрлық), импульстік сигналдар.

Электроника бірнеше ғылыммен (техника, энергетика, атомдық физика, информатика, бульдік алгебра және т.б.) сабақтасып жатқан кең ауқымды ғылым. Басқаша айтқанда, қолданбалы ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының (математика, физика, география, химия және т.б.) заңдылықтарын күнделікті айналадағы қоршаған ортадан көре аламыз. Ал қолданбалы ғылым заңдылықтарын қоршаған ортадан көре алмаймыз. Оның заңдылықтары адамды қоршаған ортамен салыстырғанда не өте кіші, не өте үлкен уақыттық немесе кеңістіктік жүйені қамтуына байланысты, кейбір бақылауларды адам түйсігінде саралап және талдау арқылы, тек нәтижесін ғана көреміз. Мысалы: информатика ғылымындағы бағдарламалар. Ол туралы мәлімет кітапта өте көп, бірақ қоршаған ортада жоқ. Ал нәтижесі алдыңыздағы компьютер, яғни программалық қамсыздандыру. Тура сол сияқты, электрониканың эксперименттік тәжірбиелерін қолмен ұстап көрмегеннен, ойыңда саралап, түйсігіңде талдау арқылы түсінуге тырысқаның жөн. Электрониканың негізгі заңдылықтарын бір түсініп алған соң, оны іс-тәжірбиеде тексеру қиындық туғызбайды. Ал нәтижесі, тағы да, алдыңыздағы компьютер – дер едім, тек техникалық жабдықтар.

Электроника – ақпаратты жинау және түрлендіру мәселелерін шешу үшін, энергияны өндіру және түрлендіруді басқаруды автоматтандыру үшін әмбебап және ерекше тиімді құрал. Электрониканың қолдану аймағы күннен күнге кеңейюде. Кез келген күрделі техникалық жүйе электрондық құралдармен жабдықталады. Ондағы электрондық құралдардың атқаратын қызметі де әр түрлі. Ондағы өңделетін сигнал түрлеріне байланысты электроника ауқымды 3 салаға бөлінеді: аналогтық электрондық құрылғылар, сандық (цирфлық) электроника және күштік электроника болып.
Аналогтық электрондық құрылғылар – үздіксіз қозғалатын сигналдарды тасымалдау, күшейту, түрлендіру және сүзгіден өткізумен айналысады.
Сандық (цирфлық) электроника – ғылым мен техниканың динамикалық түрде дамып отырған облысы - сұлбатехника және микроэлектроника мәселелерін баяндайды. Күштік электроника – қуатты электрондық приборларды құрастыру, екінші реттік қорек көзінің проблемаларымен, қуатты электрлік үрдістерді басқару және қуатты электр энергиясын басқа энергия түріне түрлендіру проблемаларымен айналысады.

Бұл дәріс жинағы электроника тізбегінің негізгі элементтері туралы жалпы мәлімет, аналогтық электроника, екінші реттік қорек көздері туралы және импульстік құрылғылар туралы баяндалады.


Сандық (цирфлық) электроника туралы мәліметті Д. Жұрынтаевтың «Сұлбатехника» атты 2011 жылы қазақ тілінде Алматы ҚазҰТУ – ЖШС РПБК «Дәуір» баспасынан шыққан кітабынан аласыз. Онда сандық (цифрлық) электроника құрылғылары туралы өте жақсы және толық мәлімет берілген. Ал күштік электроника туралы қазақ тілінде жазылған кітап әлі көрмедім. Дегенмен, көптеген ғылыми шығармалар қазақ тіліне аударылуда. Күштік электроника туралы мағлұматты жақында қазақ тілінде көріп қалармыз деген ойдамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет