Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет24/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

Варикап. Сыйымдылығын кері кернеумен басқаруға болатын конденсатор ретінде қолданылатын жартылайөткізгіш диодты варикап деп атайды. Кері кернеудің шамасы өскен сайын бөгеттік қабаттың ені артады да, варикаптың сыйымдылығы азаяды. Варикап дискретті конденсаторды қолдану мүмкін емес төмен кернеумен (мВ) жұмыс істейтін сұлба құрамында қолданылады.
Бөгеттік қабаттың бір жағында оң, екінші жағында теріс заряд пайда болатындықтан және осы зарядтар онда электр өрісін тудыратындықтан р-n- өтпесінің электрлік сыйымдылығы болады. Жазық конденсатордағы секілді өтпенің сыйымдылығы түйістің ауданына тура пропорционал да, ал бөгеттік қабаттың еніне кері пропорционал. Бөгеттік қабаттың ені оған түсірілген кернеуге байланысты өзгеретіндіктен, р-n-өтпеснің сыйымдылығы да кернеумен байланысты болады. р-n-өтпесіне тура кернеу берген кезде түйіске өте аз кернеу түсетіндіктен оның сыйымдылығы да өте аз болады, ал түгелдей дерлік бөгеттік қабатқа түсетін үлкен кері кернеу онда әжептеуір сыйымдылық туғызады. Варикаптың ВАС-ы кері бұтақта орналасқан (20-суретте, 0б-бөлігі). Кері кернеу өскен сайын бөгеттік қабаттың ені арттады да, варикаптың сыйымдылығы азаяды.
Варикаптың негізгі параметрлері ретінде оның жалпы сыйымдылығы (СВ) мен сыйымдылықтың еселік коэффициенті (КС) алынады. Сыйымдылықтың еселік коэффициенті деп варикаптың максимал сыйымдылығының (Сmax) оның минимал сыйымдылығына (Сmin) қатынасын айтады. Варикаптың көпшілігінің жалпы сыйымдылығы СВ=10…500 пФ, ал сыйымдылықтың еселік коэффициенті КС= Сmax/ Сmin=5…20 шамасында болады.
Туннельдік диод – бұл вольт-амперлік сипаттаманың оң бұтағының бір бөлігі теріс дифференциальдық кедергімен сипатталатын жартылаөткізгіш диод (сурет15). Туннельдік диодтар қатаң ережемен берілген электрондық қасиеті бар жартылайөткізгіш материалдарды дамыған жартылайөткізгіш технологиямен (легирования) алу нәтижесінде пайда болды. Леги́рование
(латынның ligare — «байластыру» -деген сөзінен) — негізгі материалдың физикалық және химиялық қасиеттерін өзгерту (жақсарту) үшін құрамына қоспа қосу. Металды легирование жасау арқылы оның коррозияға беріктік және мықтылық қасиеттерін, тозуын баяулату қасиеттерін арттырады.
Леги́рование әдісімен өтпедегі бір аймақтан екінші аймаққа шұғыл ауысуды сақтай отырып, раймақ және n- аймақтағы электрон мен кемтіктердің жоғарғы тығыздығына қол жеткізеді. Өтпенің өте жұқа еніне және легирование әсеріне байланысты, кристалдағы заряд тасымалдаушылардың концентрациясының жоғарылығына байланысты сырттан кернеу әсер етпегенде р – n -өтпеден ары өтетін электондар саны қайтып оралатын электрондар санына тең болғандықтан, диодта ток жүрмейді. Ал электрондар мен кемтіктерлің өтпеден сыртқы әсерсіз өтпеден өтуін «туннельдік эффект» деп атайды.
Сурет16. Энергетикалық деңгейдегі туннельдік эффект.

17-суретте р – n -өтпенің U кернеудегі 4 түрлі мәніндегі қарапайым энергетикалық диаграммалары көрсетілген. Кернеу мәні U1 дейін көтерілгенде аймақтар арасындағы туннельдік ток өседі. Кернеуді U2 көтергенде n-аймақтағы өткізгіштік зонасы мен және р- аймақтағы валенттік зона рұқсат етілген энергетикалық деңгейлердің қысқаруына байланысты ток кемиді, туннельдік диод кері кедергілі күйге өтеді. Кернеу U3 жетіп немесе асқанда р–n - өтпеде кәдімгі диодтағыдай диффузиялық (немесе жылулық) ток жүретін болады.


Туннельдік диодтар СВЧ күшейткіштерде, генераторларда және бірнеше гигагерц жиіліктегі ауыстырып қосу құрылғыларында қолданылады.
Туннельдік диодты кері қосқанда туннельдік ойық режимінде жұмыс істейді. Негізгі параметрлері:
Iппик тогы,
Uп – пик кернеуі,
Iвп.- ойпат тогы,
Uвп.- ойпат кернеуі,
Cд – Uвп кернеуіндегі диод сыйымдылығы – диодтың жиіліктік қасиеттерін сипаттайды.

Сурет-17. Туннельдік диодтағы өтпе потенциалының өзгерісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет