Шала өткізгіш диодтар Жартылайөткізгіш диодтарда n–р – өтпенің бір бағытта электр тогын өткізетін және келесі бағытта электр тогын өткізбейтін қасиетін қолданады. Сәйкесінше диодтың өткізетін бағыттағы күйін «ашық» күйі, өткізбейтін бағыттағы күйі «жабық» күйі –деп аталады. «Ашық» күйіндегі тогы мен қысқыштары арасындағы кернеуі – тура ток және кернеу, «жабық» күйіндегі тогы мен қысқыштары арасындағы кернеуі – кері ток және кернеу деп аталады. Кейбір әдебиеттерде диодтың электр тогын біржақты өткізу қасиетін «кілт» (басқаша оны «вентиль» деп те атайды, яғни «су кранының вентилін бір жаққа бұрасаң су ағады және басқа жаққа бұрасаң су ақпайды» деген мағынада) қарастыруы мүмкін. Техникада кездесетін диодтар көбіне кремний мен германийден жасалған. Дайындау әдісі бойынша диодтар қоспалық(сурет-10), диффузиялық және нүктелік (сурет-9) болып бөлінеді. Қоспалық және диффузиялық диодтар n–типті және р–типті жартылайөткізгіш пластиналарды балқытып түйістіру немесе бастапқы жартылайөткізгішке қоспалы атомдар пластинасын енгізу (диффузия жасау) арқылы алынады.
Қорытпалық және диффуиялық диодтардың жанасу көлемі ≈ 1000мм2 шамасында, нүктелік диодтардың жанасу көлемі ≈ 0,1 мм2 шамасында. Олар көбіне асқын жиілікті аппаратураларда 10-20 мА ток мәндерінде жұмыс істейді. Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай қорытпалық және нүктелік жартылайөткізгішті диодтар түрлері (9-суретте) көрсетілген.
Атқаратын қызметіне байланысты диод подкластарының түрлері 11-суретте көрсетілген.
Сурет-9. Нүктелік диод конструкциясы:1- қысқыштары, 2-шыны корпус, 3-жартылайөткізгіш кристал, 4-майысқыш контакт.
Сурет-10. Қорытпалық диод конструкциясы: 1,9- қысқыштары, 2- метал трубка, 3- майысқыш контакт, 4- шыны оқшаулағыш, 5- металдан жасалған корпус, 6- жартылайөткізгіш кристал, 7- корпус төс етегі (подложка корпуса), 8- оқшаулау шайбасы, 10- бекітуге арналған шайба (для крепежа).
Диод параметрлері. Бірнеше подкласқа бөлінетін диодтар санын қамту үшін олардың параметрлері де сан алуан. Кейбір параметрлер әр түрлі подкластардағы диодтарды сипаттайтын болса, кейбірлері нақты бір подкластың өзіндік қасиетін ғана сипаттайды. Әр түрлі диод подкластары үшін қолданылатын кең тараған диод параметрлерін атап өтеміз:
А) Imaxтура – максимальді мүмкін тұрақты тура ток. Импульстік құрылғыларда берілетін тура ток мәні Imaxтура –дан үлкен болуы мүмкін, бірақ ток берілетін уақыт интервалы өте аз болғандықтан диод қызып үлгермейді.
В) Umaxтура – Imaxтура –ға сәйкес максимальді мүмкін тұрақты тура кернеу,
С) Imaxкері - максимальді мүмкін тұрақты кері ток. Әдетте осы параметрге байланысты таңдау жасалады. Егер берілетін кері ток Imaxкері -дан үлкен болса, диод жұмысқа жарамсыз деп есептелінеді.
Д) Umaxкері – диодтың максимальді мүмкін тұрақты кері кернеу.
С) Rдиф – берілген режимдегі диодтың дифференциальдық кедергісі.
Диодтарды белгілі бір құрылғы үшін таңдап алғанда алдымен осы параметрлері және қуаты мен жұмыс жасай алатын жиілік аралығын ескеру керек. Қазіргі таңда арнаулы диодтар өте кең ток және кернеу диапазонында жұмыс істей алады. Қуатты диодтар үшін Imaxтура килоампермен, Umaxтура киловольтпен есептеледі.
Сурет-11. Жартылайөткізгіш диод түрлері және шартты белгіленуі.
Диодтың түрлері
Жартылай өткізгіштердің диодтардың әрбір түрінің атқаратын қызметіне тоқталайық. Жартылай өткізгіш диодтардың ішінде ең көп қолданылатыны p-n -өтпенің біржақты өткізгіштік қасиетін қолданатын түзеткіш диодтар.
Достарыңызбен бөлісу: |