Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет36/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

1.8 Шала өткізгішті кедергілер.
1. Варистор
2. Терморезистор
3. Тензорезистор
4. Фоторезистор
Негізгі түсініктемелер сөздігі: варистор, терморезистор, тензорезистор, фоторезистор.

Шала өткізгіш кедергілер

Шала өткізгіш кедергілер де электрондық сұлба элементтерінің бірі, бірақ көбіне белгілі бір шағын аймақтарда қолданылады. Шалаөткізгіш кедергілер – жұмысы шалаөткізгіштің электрлік кедергісінің кернеуге тәуелділігіне негізделген, екі қысқышы бар прибор. Шалаөткізгіш резисторларда қоспалармен біртегіс легірленген шалаөткізгіштер қолданылады. Қоспа түрлеріне байланысты құрамындағы материалдың электрлік кедергісі кернеу, температура, жарыққа және т.б. басқарылатын параметрлерге тәуелді өзгеретін приборлар алынды.

Шала өткізгіш резисторлар арзан, берік және сенімділігі жоғары құрылғылар.



Варисторлар. Кернеуі өскен сайын кедергісі азаятын шалаөткізгіштен жасалған резисторды варистор деп атайды. Варисторларды ұнтақ силиций карбидін байланыстырушы ретінде саз қосып, жоғары температурада күйдіру арқылы жасайды. Олардын конструкциясы негізінен шыбық не диск түрінде болады.

Сурет-38. Варистордың вольт-амперлік сипаттамасы (1) мен


графикалык шартты белгісі (2)
Варисторлар электр тізбектерін немесе әртүрлі элементтерді асқын кер-неуден сақтау үшін қолданылады. Кернеуге байланысты кедергісі өзгеріп отыратындықтан варистордын вольт-амперлік сипаттамасы қисық сызықты болады (38-сурет).
Кедергінің өзгеруі силиций карбидінің кристалдарының арасындағы нүктелік түйістердегі электр өрісінің әсерінен оның өткізгіштігінің өзгеруі-нен келіп туады. Мысалы, силиций карбидінің беттік потенциалдық тосқауылы аз да, ал тотық қабықшалары өте жұқа болатындықтан азғана кернеудің өзінде кристалдардың арасында күшті электр өрісі пайда болады. Осы орістің әсерінен заряд тасушылар беттік потенциалдық тосқауылдан немесе тотық қабықшаларынан өтіп электр өткізгіштігін түзеді. Үлкен кернеулерде токтың шамасы да үлкен болатындықтан кристалдар арасындағы нүктелік түйістер қызып, нәтижесінде шалаөткізгіштің кедергісі азаяды.
Варисторлардың негізгі параметрлерінің бірі - бейсызықтық коэффи-циенті. Варистордың бейсызықтық коэффициенті деп оның статикалық кедергісінің (R) динамикалық кедергісіне ( Rд) қатынасын айтады

,
мұндағы – варистордың кернеуі мен тогы.


Варисторлардың бейсызықтық коэффициенті шамамен 2...6 аралығында жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет