Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы


р – каналды транзистор үшін жаптырық-ағызба кернеуінің белгілі бір оң мәнінде немесе n –



бет34/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
р – каналды транзистор үшін жаптырық-ағызба кернеуінің белгілі бір оң мәнінде немесе n –каналды транзистор үшін жаптырық-ағызба кернеуінің белгілі бір теріс мәнінде құйылмаға ток өтпейді. Бұл кескіш кернеу (отсечки) UЖА.отс деп аталады. Сондықтан кірме каналы бар МДЖ-транзисторлар арнаның молаю режимінде де, таусылу (жудеу) режимінде де жұмыс істей алады. Оны 36-суреттегі кірме болатын каналы бар МТЖ-транзисторлардың шықпалық сипаттамасынан көруге болады.
Өрістік транзисторларда ток тек бір ғана заряд тасымалдаушылардан түзіледі. Сондықтан кейбір әдебиеттерде униполярлық деп те атауы мүмкін. Техникада көбіне п-типті транзисторлар қолданысқа ие. Себебі р-типті транзистордағы ток түзетін кемтіктерге қарағанда, п-типті транзистордағы ток түзетін электрондар жылдамдығы 3-4 есе артық. Оның себебін түсіну үшін шалаөткізгіштегі электрофизикалық процесті еске түсіріңіз. Егер электрондар коваленттік байланысты тастап, кристал ішінде еркін қозғалатын болса, кемтік бір коваленттік байланыстан екінші коваленттік байланысқа ғана жылжиды. Сонымен бірге өрістік транзистордың биполяр транзистордан дайындалу әдісі де басқаша. Егер биполяр транзистор қорытпа (сплав) түрінде дайындалса, өрістік транзистор кристалға енгізу (легирование - «байластыру», кей әдебиеттерде «өсіру» деп атауы мүмкін) әдісімен дайындалады. Өрістік транзистор ерекшеліктері:
1) кіріс сигналынан қуат тұтынылмайды, бұл транзистордың қызуына жол бермейді;
2) кіріс сигналының өзгерісіне биполяр транзистордан да жылдам жауап береді:
3) биполяр транзисторға қарағанда өте төмен кернеуде және жоғары жиілікте жұмыс істей алады;

4) микромодульдік дайындау технологиясына байланысты тығыздығы өте жоғары болады.


Сурет 37. Әр түрлі транзисторлардың фотосуреті
Өрістік транзисторлар микроэлектроникада, теле-, видео-, аудио-, радиоаппаратураларда және компьютерлерде кең қолданылады.
Сонымен бірге негізгі кемшіліктері: сыртқы ортаның температурасына, асқын кернеуге және өткір сәулелерге сезімтал. Өрістік транзисторлардың жұмыс істеу мерзімін арттыру үшін арнайы корпусқа орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет