Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет18/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

Электрондық сұлба элементтері Егер тұрақты ток тізбегінің элементтері – Е (кернеулік) және R (активті кедергі) болса, айнымалы ток тізбегі – Em, R, C және L тұрады, электрондық сұлбаның негізгі элементтері – жартылайөткізгіш диод, транзистор, тиристорлар, оптоэлектрондық приборлар, операциялық күшейткіштер және интегральдық микросхема болып табылады, яғни зерттелетін тізбекте осы элементтердің кемінде біреуі болуы тиіс. Оларды басқаша «электрондық приборлар» деп те атайды. Бұлардың ең қарапайымы – диод. Әрбір келесі прибор алдыңғы приборды түрлендіріп, жетілдіру арқылы немесе олардың тізбегіне R, C және L қосу арқылы алынады. Егер диод, транзистор және тиристорлардағы электрофизикалық процестерге толығымен тоқталсақ, операциялық күшейткіш пен интегральдық микросхема микромодульдік технологиямен дайындалғандықтан (олар алдыңғы аталған элементтердің бірнешеуінен тұрады), олардағы элетрофизикалық процестерге тоқталмастан, негізгі параметрлері мен қасиеттерін ғана атап өтеміз және бұл элементтерді кең қолданыс тапқан аналогтық және сандық (цифрлық) электроника тарауында қарастырамыз.
Жалпы электрониканы дұрыс түсіну үшін, оның даму тарихына көз жүгіртіп отырғаныңыз тиімді. Сондықтан, 11-сыныпта физика пәнінен өткен электролиттік ванна есіңізде ме? Иә, иә, күкірт қышқылының ертіндісі құйылған ваннаға салынған мыс және мырыш электродтарының оң және теріс зарядталуы. Аттары есіңізде ме? Дұрыс айтасыз: анод және катод. Құрамында қарапайым «анод» және «катод» атты электродтары бар электрлік прибор бұл - сіз отырған бөлмедегі қарапайым лампа. Енді, осы лампаны, тек желіге (токқа) қосылғанын немесе қосылмағанын көрсететін лампа ретінде, үйдегі кез келген электроприбор: электрошайнек, теледидар, компьютер және т.б. құрамында көз алдыңызға елестетіңіз. Мүмкін бе? Әрине, мүмкін. Оның аты – диод, ол да анод пен катодтан тұрады. Тек басқа материалдан жасалған.
ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін энергетикалық приборлар құрамында тек екі түрлі материалдар пайдаланылды: өткізгіштер (металдар) және диэлектриктер. Оларды басқаруды электровакуумдық лампалар көмегімен іске асыруға тырысты. Ең алдымен құрамында «анод» және «катод» ғана бар лампы пайда болды. Одан соң катодтан анодқа жылжитын электрондарды олардың арасына қойылған сетка арқылы басқаратын – триод пайда болды. Электрон қозғалысының горизонталь бағытын бір сеткамен, вертикаль бағытын екінші сеткамен басқару үшін, екі сеткалы - тэтрод пайда болды. Міне, осылай лампылардың құрамындағы элементтері (анод пен катод арасындағы сеткалары-электродтары) көбейген сайын көлемі де, салмағы да өсе түсті. Жартылайөткізгіш материалдар әлі зерттелмеген еді. 1948 жылы алғашқы жартылайөткізгіш биполяр транзистор пайда болды. Осы уақыттан бастап электроникада жартылайөткізгіш материалдар дәуірі басталады. Қазір, сіз триод, тэтрод, пентод параметрлері туралы материалдарды іздемейсіз, оны керек етпейсізде. Себебі, мұндай электровакуумдық лампалар қолданыс тапқан құрылғылар санаулы ғана (мысалы: осциллограф, жарнамалық неондық лампалар және т.б.).
Бақылау сұрақтары

  1. Триод приборының құрылымын түсіндір.


  2. Жартылайөткізгіштердің негізгі ерекшеліктерін ата.


  3. Электровакуумдық приборлардың қазіргі кезде қолданыстан ығысу себебі неде?


Негізгі түсініктемелер сөздігі: жартылайөткізгіштердің өзіндік және кірмелік өткізгіштігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет