Лекция 12 -13 -14 Электрондық құрылғылар.
Жоспар
1. Электрондық құрылғылардың даму тарихы.
2. Электрондық сұлба элементтері
3 Шала өткізгіштердің түйісу аймағындағы құбылыстар.
4. Жартылайөткізгіштердің түйісу аймағындағы құбылыстар.
5. Жартылайөткізгіш пен металдың түйісу аймағындағы құбылыстар.
6. Диодтар түрлері, параметрлері.
7. Түзеткіш диодтар, стабилитрон, варикап, Шоттки диоды, тунельдік диод.
8.Шала өткізгіштердің электрофизикалық қасиеттері.
9. Шала өткізгіштердің электрофизикалық қасиеттері.
10. Қоспалы жартылайөткізгіштер
Негізгі түсініктемелер сөздігі: ақпараттық сигнал түрлері, аналогтық, сандық (цифрлық), импульстік сигналдар.
Электроника бірнеше ғылыммен (техника, энергетика, атомдық физика, информатика, бульдік алгебра және т.б.) сабақтасып жатқан кең ауқымды ғылым. Басқаша айтқанда, қолданбалы ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының (математика, физика, география, химия және т.б.) заңдылықтарын күнделікті айналадағы қоршаған ортадан көре аламыз. Ал қолданбалы ғылым заңдылықтарын қоршаған ортадан көре алмаймыз. Оның заңдылықтары адамды қоршаған ортамен салыстырғанда не өте кіші, не өте үлкен уақыттық немесе кеңістіктік жүйені қамтуына байланысты, кейбір бақылауларды адам түйсігінде саралап және талдау арқылы, тек нәтижесін ғана көреміз. Мысалы: информатика ғылымындағы бағдарламалар. Ол туралы мәлімет кітапта өте көп, бірақ қоршаған ортада жоқ. Ал нәтижесі алдыңыздағы компьютер, яғни программалық қамсыздандыру. Тура сол сияқты, электрониканың эксперименттік тәжірбиелерін қолмен ұстап көрмегеннен, ойыңда саралап, түйсігіңде талдау арқылы түсінуге тырысқаның жөн. Электрониканың негізгі заңдылықтарын бір түсініп алған соң, оны іс-тәжірбиеде тексеру қиындық туғызбайды. Ал нәтижесі, тағы да, алдыңыздағы компьютер – дер едім, тек техникалық жабдықтар.
Электроника – ақпаратты жинау және түрлендіру мәселелерін шешу үшін, энергияны өндіру және түрлендіруді басқаруды автоматтандыру үшін әмбебап және ерекше тиімді құрал. Электрониканың қолдану аймағы күннен күнге кеңейюде. Кез келген күрделі техникалық жүйе электрондық құралдармен жабдықталады. Ондағы электрондық құралдардың атқаратын қызметі де әр түрлі. Ондағы өңделетін сигнал түрлеріне байланысты электроника ауқымды 3 салаға бөлінеді: аналогтық электрондық құрылғылар, сандық (цирфлық) электроника және күштік электроника болып.
Аналогтық электрондық құрылғылар – үздіксіз қозғалатын сигналдарды тасымалдау, күшейту, түрлендіру және сүзгіден өткізумен айналысады.
Сандық (цирфлық) электроника – ғылым мен техниканың динамикалық түрде дамып отырған облысы - сұлбатехника және микроэлектроника мәселелерін баяндайды. Күштік электроника – қуатты электрондық приборларды құрастыру, екінші реттік қорек көзінің проблемаларымен, қуатты электрлік үрдістерді басқару және қуатты электр энергиясын басқа энергия түріне түрлендіру проблемаларымен айналысады.
Бұл дәріс жинағы электроника тізбегінің негізгі элементтері туралы жалпы мәлімет, аналогтық электроника, екінші реттік қорек көздері туралы және импульстік құрылғылар туралы баяндалады.
Сандық (цирфлық) электроника туралы мәліметті Д. Жұрынтаевтың «Сұлбатехника» атты 2011 жылы қазақ тілінде Алматы ҚазҰТУ – ЖШС РПБК «Дәуір» баспасынан шыққан кітабынан аласыз. Онда сандық (цифрлық) электроника құрылғылары туралы өте жақсы және толық мәлімет берілген. Ал күштік электроника туралы қазақ тілінде жазылған кітап әлі көрмедім. Дегенмен, көптеген ғылыми шығармалар қазақ тіліне аударылуда. Күштік электроника туралы мағлұматты жақында қазақ тілінде көріп қалармыз деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |