Электр изоляциялық материалдардан электр тогы өте алмайды. Оларға ауа, сутегі, инертті газдар, мине- ралды май, смолалар, парафин, құрғақ ағаш, маталар, қағаздар, пластмассалар, резеңке, слюда, шыны, керамика жатады. Электр изоляциялық материалдар ток жүре- тін бөліктерді бір-бірінён және электр қондырғысынын конструкциялық бөліктерінен изоляциялау үшін қолда- нылады. Электр изоляциялық материалдардан электр қондырғыларының конструкциялық бәліктері жасалады, мысалы: пластмассадан — электр олшеуіш приборлар- дың және электр аппаратуралардыц корпустары, кал- қандар, рубильниктердің тұтқалары, керамикадан — рео- статтардың және электр қыздырғыш приборлардың т. б. табандары жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |