Лекция. Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы


Лекция. Қышқылдармен негіздердің протолиттік теориясы. Бренстед теориясының негізгі қағидалары. Н.А.Усанович және Н.А.Измайлов жұмыстары



бет17/18
Дата05.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#134465
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ýëåêòðîëèò åìåñ åð³ò³íä³ëåð. Åð³ò³íä³ëåð êîíöåíòðàöèÿñû

20 Лекция. Қышқылдармен негіздердің протолиттік теориясы. Бренстед теориясының негізгі қағидалары. Н.А.Усанович және Н.А.Измайлов жұмыстары.

Қышқылдар мен негіздердің электролиттік диссоциацмялану теориясына негізделген түсініктері, олардың қасиеттерімен байланысты күрделі мәселелерді тегіс шеше алмады. Осыдан келіп, қышқыл мен негіз түсінігін кеңінен қарайтын америка химигі Франклин 1915 ж. ,Дания химигі Иоган Николаус Бренстед 1923-1928ж.ж.,Америка химигі Гильберт Льюис 1923-1938ж. , Совет химигі М.И.Усанович 1938ж. теориялары шықты.


Бренстед теориясы бойынша қышқылдар мен негіздер протолитерге жатады. Протолиттер- ол протон беретін (қышқылдар) немесе протон қабылдап алатын (негіздер) заттар.
Полюсті су молекулалары өзіне ұқсас ионды және полюсті молеку-лаларды жақсы ерітіп, иондарға ыдыратады. Аррениус ілімінде еріткіш ретінде негізінен су ғана қарастырылған болатын. Ерітілген заттың еріткіш табиғатына қарай әр түрлі қасиет көрсететініне назар аударылмайды.
Мысалы, судағы ертінділері күшті қышқыл болып саналатын азот, кү-кірт және тұз қышқылдарын пиридинде немесе сірке қышқылында ерітсек, осы заттар аталған еріткіштерде әртүрлі ионға ыдырайды.Ерітілген заттар қарастырылып отырған еріткіште әр түрлі дәрежеде иондарға ыдыраса, мұндай еріткітер жіктегіш, ал біркелкі дәрежеде ионға ыдыраса еріткіштер деп аталады. Мысалы, бәрініңде судағы ертінділері күшті электролиттер болып саналатын хлор, бромды сутек, күкірт, тұз және азот қышқылдарын сірке қышқылдарына ерітсек, қышқыл күшін сипаттайтын сандық көрсеткіш рН үшін әртүрлі болады.


Еріткіш сірке қышқылы.
Қыщқылдар НСІО4 HBr H2SO4 HCI HNO3
pK 5.8 6.4 8.2 8.9 9.4
Мұндағы рН қышқылдардың ионға ыдырауын сипаттайтын сандық
көрсеткіш.
Аталған заттарды пиридинде ерітелік:
Қыщқылдар НСІО4 HBr H2SO4 HCI HNO3
pK 3,2 4,0 2,5 5,4 4,3
Көріп отырғанымыздай судағы ертінділері күшті электролиттер болып табылатын заттар сірке қышқылында, пиридинде (әртүрлі еріткіштерде) әр түрлі қасиет көрсетеді және Аррениус ілімінде ауытқушылық байқалады. Аррениус ілімі жауап бере алмаған мәселелердің негізгілерін еске түсіріп көрелік:
•Заттардың кристалдық торы немесе химиялық байланысты үзіп ионға ыдырауын қажетті энергия көзін көрсете алмауы;
• Күшті электролиттер үшін -1 болғанда, К-мәнінің мағынасы жойылуы;
•Бейтараптандыру жылуының тұрақты мәнге ие болуын және - шамасының тәжірибе жөнінде анықтау барысында бірден артып кететіндігін түсіндіре алмау;
•Иондардың өзара әсерлесуі және еріткіш пен еріген зат бөлшектерінің әрекеттесуін қарастыра алмауы;
•Электролит ертінділерінен электр тотығын өткізген кезде байқалатын электрлік өткізгіш шамаларының ауытқуларын түсіндіре алмауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет