Лекция. Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы



бет13/18
Дата05.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#134465
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ýëåêòðîëèò åìåñ åð³ò³íä³ëåð. Åð³ò³íä³ëåð êîíöåíòðàöèÿñû

Изотонды коэффициент. 220


Гидроксил және гидроксоний иондарының қозғалыштығы (подвижность)



Өзге иондармен салыстырғанда Н3О+ және OH- иондарының қозғалыштық мәні өте жоғары болып келеді. Мысалы, Н3О+ және OH- үшін, аталған шама, жазылу ретіне сәйкес 349,8 және 198,3 ал Na+ және С1- үшін небәрі 50,1 және 76,4 Ом-1 · см2 · моль -1. Келтірілген көрсеткіштер Н3О+ ,OH- иондары үшін қозғалыстың миграцияланудан өзге түрлері де орын алатындығын айғақтайды. Соның бір түрі, электр өрісінде иондардың “Эстафеталық” қозғалысы. Гидроксоний ионы, көрші су молекуласының протымен алмасады және бұл су, электр өрісі жоқ кезде кез-келген бағытта орын алуы ықтимал. Ал, электр өрісінде протонның Н3О+ ден су молекуласына өтуі өріс бағытында арта түседі. Протонның осылай судың бір молекуласынан екінші молекуласына ауысуын төмендегідей өрнектеуге болады:

Протон қозғалысының бағыты және Н3О+ ионның жылжуы (а-схемасы)


Міне, осылай, электр заряды тек Н3О+ , ОН- иондарының миграциялануынан ғана емес, сонымен қатар протон қозғалысы нәтижесінде де тасымалданады.


Су молекуласы құрылысының мәліметтерін негізге ала отырып, Н3О+ ионынан протонның су молекуласына өтуі үшін 0,86 · 10-8 см қашықтық қажет екендігі, ал мұның Н3О+ ионының электр өрісінде 3,1 · 10-8 см қашықтыққа жылжығандығымен пара-пар екендіін есептеулер дәлелдеп отыр, Н3О+ ионының эстафеталық тұрғыда жылжуы, оның қозғалыштығының миграциямен салыстырғанда жоғары екендігін көрсетеді.
Келтірілген а- схемасында су молекуласының сол және оң жағы өзара әртүрлі бағытталған жағдайда тұрғандығы көрінеді. Ал Н3О+ - тен су молекуласына үздіксіз протон өтіп тұру үшін 2-түрдегі су молекуласы ылғи да 1-түрге келіп тұруы тиіс, өйткені осы бағытта ауысып келе жатқан протонды 1-түрде су жеңіл қабылдайды. Гидроксил ионының да қозғалыштық мәнін осы бағытпен түсіндіруге болады.



Мұнда, протон су молекуласынан ОН- ионына көшеді және схемада төмендегідей түрде бейнелеуге болады (ә-схемасы).

Су молекуласына қарағанда гикроксонийден протонның бөлінуі оңайлау. Судан протонның ОН- - қа өтуі Н3О+ -мен салыстырғанда қиындау болғандықтан, Н3О+ қозғалғыштығы ОН- қозғалғыштығынан жоғары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет